Зеленовта «Туған жер» бағдарламасымен 35 жоба іске аспақ

Келер жылы Зеленов ауданында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» стратегиялық мақаласының «Туған жер» бағдарламасы аясында 35 жоба іске асырылмақ. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен бирфингте аудан әкімі Асхат Шахаров мәлімдеді.

- Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» стратегиялық мақаласының «Туған жер» бағдарламасы аясында ауданда бірқатар шаралар ұйымдастырылуда. Атап айтсақ, тақырыптық ғылыми-конференциялар, зиялы қауыммен кездесу кештері, аудан оқушыларының еліміздің киелі орындарына саяхаты, аудан жастарының ел тарихын тану мақсатында экспедициялары ұйымдастырылды, - деді Асхат Берлешұлы.

Одан әрі аудан әкімі «Қазақстан-2050» Стратегиясының ұлт денсаулығын нығайту мақсатында бұқаралық спортты дамытуды міндеттейтіндігін айта келіп, ауылдық округтер мен аудан орталығында балалар ойын алаңдары мен спорт алаңдары салынатындығын жеткізді.

– Аудан орталығында жуырда ғана «street workout» және балалар ойын алаңы ашылса, жақын күндері спорт және сауықтыру кешені іске қосылмақ. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының «Туған жер» бағдарламасы аясында жергілікті азаматтардың қолдауымен «Ана мен бала» демалыс саябағы ашылды. Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында аудан орталығында «Тәуелсіздік тұғыры» монументін ашуды жоспарлаудамыз. Бұл жұмыстар келер жылы да жалғасын табады.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы ел дамуының нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат екендігін айтып, іскер жерлестерімізді бағдарлама бағыттарын іске асыру мақсатына жұмылуға шақырудамыз. Осы орайда, келер жылға жергілікті азаматтардың қолдауымен 35 жобаны іске асыруды ойлап отырмыз. Олардың қатарында демалыс саябақтары, спроттық алаңдар мен гүлзарлар, тынығу саябағы мен жастар орталықтарын орнату жұмыстары бар, - деген Асхат Берлешұлы бұл бастамалардың жастарды отансүйгіштікке баулып, бұқараның спортпен тұрақты шұғылдануына ықпал ететіндігін жеткізді.

Нұржан Дүзбатыр

Зеленов ауданы

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
IT Group Kazakhstan