Тамыздың 13-нен бастап бірнеше автобус электронды билет жүйесіне көшеді

Бүгін Батыс Қазақстан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында «Электрондық билеттеудің автоматтандырылған жүйесін іске қосу туралы» тақырыбында Орал қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қайрат Қуанышқалиұлы Мұхамбетқалиев және «KazTransService» компаниясының жарнама бөлімінің менеджері Мөлдір Жұмабайқызы Бекеевалардың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

 

Баршаға белгілі «Цифрлы  Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында Орал қаласының әкімдігімен  көлік инфрақұрылымын цифрландыру зияткерлік  бағдарламаны  енгізу  бойынша бірқатар жобалар іске асып, оң нәтижесін беруде. Аталмыш бағдарламаның  негізгі көрсеткіштерінің бірі – «Smart City» тұжырымдамасы. Осы орайда Орал қаласы әкімдігімен «Smart City» тұжырымдамасын іске асыру бойынша жол картасы ұсынылған болатын. Мәселен, автобустарда жолаушыларға қолайлы жағдай үшін GPS-треккер енгізу, маршруттарды қадағалау үшін «INFOBUS» қосымшасын  әзірлеу, электронды билет енгізу,  SMS BUS арқылы төлеу.

– Орал қаласының әкімдігімен 2016 жылдың желтоқсан айында «Busreport» бағдарламасы 500 бірлік автокөлікке сатып алынды. Қазіргі уақытта аталмыш бағдарламаға 560 GPS жиынтығы және осы жүйеге барлық 28 қалалық маршруттар қосылған. Ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап пилоттық режимде №51 маршрутта электронды төлем жүйесі енгізілді.  2018 жылдың 1 ақпан мен  1 тамыз уақыты аралығында  1000-нан астам көлік карталары арқылы  транзакция бойынша өткізілді. Мәселен, 300 карта іске асырылды. Сондай-ақ Орал қаласының  тасымалдаушыларымен  көлік картасы енгізу туралы келісім  шарт жүргізілді.

              2017 жылдың  8 қарашасынан бастап  (№3, №5, №7, №10, №33, №35, №39, №43) сегіз  түрлі маршруттарында SMS-BUS төлем жүйесі ұялы телефон арқылы енгізіліп, енді SMS  көмегімен жүргізуге болады. Орал қаласының  тасымалдаушыларымен SMS BUS төлем жүйесін енгізу туралы келісім  шарт жүргізілді. 5000-нан астам транзакция өткізілді. Ағымдағы жылдың соңына SMS BUS жүйесін барлық қалалық маршруттарға  енгізуді жоспарлап отырмыз, - дейді Қайрат Қуанышқалиұлы.

Жол ақысын төлеудің автоматтандырылған электрондық жүйесі –  жолаушылар тасымалы қолайлығының әлемдік стандарты. Қоғамдық көліктерде жол ақысын картамен төлеу жүйесі  «Смарт - сити» бағдарламасы шеңберінде Алматы және Астана қалаларында енгізілген. Қазіргі таңда облыстың Жол картасы шеңберінде Орал қаласында енгізіліп жатыр. Жүйе осы жылдың наурыз айында пилоттық режимде «Круглоозёрный - Орал» қатынасындағы №51 бағыт автобусында іске қосылған.

 – 13 тамыздан бастап жол ақысын картамен төлеу 5, 7, 39 автобус бағыттарында  іске қосылады. Карталарды компания өкілдерінен және сату орындарынан сатып алуға болады.  Компания өкілдері автобустарда арнайы қызметке сай киініп, жолаушыларға карта бойынша ақпараттық қызмет көрсетеді. Қыркүйек айының соңында біздің компания жүйені қаланың барлық бағытағы автобустарында енгізуді жоспарлап отыр. Жол ақысын картамен төлеу арқылы сіз өз уақытыңыз бен ақшаңызды үнемдеп, ауыр ұсақ ақшалар мәселесесінен арыласыз, сондай-ақ кондукторда ірі ақшаға қайтарым болмаған жағдайда ыңғайлы.  Карта құны 400 теңгені құрайды. Картаның қызмет мерзімі 5 жылдан кем емес. Картаны сатып алу барысында сіз бір рет тегін жол жүру құқығына ие боласыз. Жаңа жүйені біраз адамдардың білмеуіне байланысты,  кондукторлар жол ақысын қолма-қол ақшамен қабылдап, бекітілген үлгідегі электрондық билет береді. Жол ақысын картамен төлеуде жолаушы картадағы қалдық сомасын шығарылған билеттен көретін болады.  Терминалда билет құны ересектер үшін  - 80 , балалар үшін - 40 теңге деп көрсетіліп тұрады, - дейді Мөлдір Жұмабайқызы.

Айта кетейік, картаны 2000 теңгеге және одан аса сомаға толтыру барысында әр жүрілген жолдан 5 теңге бонус түрінде картаға қайтарылып тұрады. Картаны жиі пайдалану барысында жолаушы айына 500 теңге көлемінде үнемдейтін болады.Карта kaspi сайты қосымшасы және терминалдары арқылы толтырылады. Қазіргі уақытта картаны толтырудың басқа да жолдары қарастырылуда.

 

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»