БҚО әкімінің орынбасарлары ауысты (ФОТО)

11111

 

ҚР Президенті жанындағы кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның шешімімен БҚО әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов ҚР Ауыл Шаруашылық министрлігіндегі комитет төрағасы қызметіне ауысуына байланысты атқарып отырған қызметінен босатылды. Арман Кәрімұлы облыстың екі ауданын, ауыл шаруашылығы басқармасын басқарды. 2014 жылы облыс әкімінің орынбасары болса, соңғы үш жылдан аса уақыт бірінші орынбасар қызметін атқарды. Облыс әкімі Арман Кәрімұлына әріптестер атынан ризашылығын білдіріп, табыс тіледі.

БҚО әкімінің бірінші орынбасары қызметіне осыған дейін облыс әкімі орынбасары қызметін атқарған Игорь Стексов тағайындалды. Ол 2015 жылдан бері облыс әкімінің кәсіпкерлік,индустриялық-инновациялық және сыртқы байланыстар жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келді.

Ал Игорь Стексовтың орнына Миржан Сатқанов тағайындалды. Миржан Мұнайдарұлы 1977 жылы дүниеге келген. Түркия елінде білім алған. Еңбек жолын Орал қалалық қаржы бөлімінің жетекші маманы болып бастаған ол 2017 жылдың қаңтарынан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болды.

Сонымен қатар облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бақытжан Нарымбетов ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі азаматтық қоғам істері комитеті төрағасы орынбасары қызметіне ауысты.

- Баршаңызға өзімнің, әріптестерімнің атынан ризашылығымды білдіріп, жаңа қызметте табыс тілеймін. Алдымыздағы міндет - Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы, «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» Үндеуінен туындайтын жұмыстарды сапалы орындау. Бұл орайда мен сіздердің мол тәжірибелеріңізге сенім артамын, -деді облыс әкімі Алтай Көлгінов.

zhaikpress.kz
ФОТО Александр Куприенко

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
IT Group Kazakhstan