БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖАҢА БАСТАҒАН КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ «СӘТТІЛІК МАРАФОНЫ»

13 қыркүйекте Қазақстандағы ЕҚДБ-ның Шағын бизнесті қолдау тобы «Шелл Қазақстан» компаниясымен бірге Батыс Қазақстан облысындағы кәсіпкерлерге арналған бірегей жоба – «Сәттілік марафоны» форумын өткізді. Форумның ашылу салтанатында Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Миржан Сатқанов құттықтап, сөз сөйледі. Ол аймақтың экономикалық әлеуетін арттыру үшін мұндай жобалардың маңызы зор екенін атап өтті.
Жоба Батыс Қазақстандағы жаңа бастаған кәсіпкерлердің инновациялық әрі бизнес идеяларын қолдау және дамытуға бағытталған «Shell LiveWIRE» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Жобаның мақсаты – кәсіпкерлердің басқару білімі мен дағдысын дамыту, жергілікті халықтың өзін өзі жұмыспен қамтуына ықпал ету, бәскелестік қабілетті арттыру, бизнес жүргізудің әлеуеті мен тиімділігін көтеру. Оған қоса, жоба стартаптарға арналған инкубациялық, жетілдіруші бағдарламаларды дамытуды қамтиды, кеңес берушілер мен тәлімгерлердің біліктілігін көтеру арқылы кеңес беру және тренинг қызметтері нарығын дамытуды қарастырады. Форум аясында кәсіпкерлер үшін бизнес жүргізуді оқыту курстары ұйымдастырылды.

11111

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»