Жаңақала ауданының әкімі баспасөз мәслихатын өткізді

1

11 қыркүйек күні Жаңақала ауданының әкімі Наурызбай Қарағойшиннің қатысуымен 2018 жылдың 6 айлық қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, ағымдағы жұмыстар және алдағы жоспарлар жөнінде тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті.

Аудан әкімінің айтуынша, 2 млрд 100,0 млн. теңге  инвестиция салынды. Ағымдағы жылы кәсіпкерлік субъектілері 2 млрд 479,6 млн теңгенің өнімін өндірді. Аудан тұрғындары түрлі несиелендіру қорларымен 366,2 млн теңге, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған» бағдарламасы арқылы 18 адам 65,2 млн. теңгенің несиелерін алды.

Қазіргі таңда «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында 8 елді мекенде сумен қамту шаралары жүргізілуде, нәтижесінде аудан халқының 82% таза ауыз суға қол жеткізеді.  4 елді-мекенге газ тарту арқылы аудан 95%-ға жетеді.  

1-жартыжылдықта ауданда 4627 шаршы метр тұрғын үй, 2 спорт алаңы пайдалануға берілді. 3 қабатты 24 пәтерлік жалдамалы тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, Қызылоба ауылдық округіндегі Төртқұлақ, Қарасу лимандарын жаңарту жұмыстары аясында 12 су өткізгіш қақпаларын күрделі жөндеу және 38,2 км тазалау жұмыстары іске асырылуда.

Әлеуметтік қамсыздандыру бойынша, 209 отбасыға 29 279,0 мың теңгенің жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмегі,  252 отбасыға 6 870,5 мың теңгенің тұрғын үй мен бір жолғы материалдық көмегі төленді.  30 жас маманға 5 млн. 050 мың теңгенің көтерме ақысы төленсе, 24 маманға тұрғын үй алу үшін 79,3 млн. теңге несие берілді.

1113

Скачать: СЭР Жангалинского района.pptx

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»