Қазталов ауданында 353 шаруашылық субсидия күтуде

Бұл жайлы бүгін аталмыш Қазталов ауданының әкімі Абат Шыныбеков БҚО өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында айтты .

- Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бағытталған ҚР агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда ауданның ауылшаруашылық құрылымдары белсене қатысуда. Мысалы, ағымдағы жылы «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламалары бойынша 12 шаруашылық 129 млн.630 мың несие алуға қол жеткізді. «Береке» несиелік бағдарламасы аясында ағымдағы жылы мүйізді ірі қара малын бордақылаумен айналысатын 3 ауылшаруашылық өндірістік кооперативтері (АӨК) жаңадан құрылды.

«Береке» бағдарламасы шеңберінде 50 жеке тұлғаға 176 млн 300 мың теңге несие берілді. Сонымен қатар, «Ынтымақ» несиелік бағдарламасы бойынша «Жалпақтал» АӨК Жалпақтал ауылында, «Шығанақ» АӨК Қазталов ауылында, қуаттылығы тәулігіне 10-15 бас соятын тоңазытқыш көлігімен қамтылатын мал сою пунктін салу үшін жұмыстануда. «Игілік» бағдарламасы бойынша 22 жеке тұлға 92 млн 200 мың теңге несие алуға қол жеткізді. Ауданның ауылшаруашылық тауарын өндірушілері өткен жылы бағдарламаның 11 бағыты бойынша 607,1 млн. теңге мөлшеріндегі мемлекеттік қолдау қаражатқа ие болды. Биылғы жылы да аудан бойынша 353 шаруашылық 630,5 млн теңге көлемінде мемлекет тарапынан субсидияланады деп күтілуде.

zhaikpress.kz

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
IT Group Kazakhstan