Бүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов пен Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев жаңа «Ақжайық» шағын ауданының құрылысымен танысты.

Қазіргі таңда аталмыш құрылыс нысанына инженерлік-коммуникациялық желілермен (су, газ, электр) қамту жұмыстары жүргізілуде. Инженерлік желілердің жалпы ұзындығы – 124,8 км, Жалпы суммасы – 3,92 млрд.теңгені құрайды. Жаңа ауданның 70 мыңға жуық тұрғынға 150 көп қабатты тұрғын үй, 8 мектеп, 9 балабақша, 3 емхана, 78 спорт және балалар ойын алаңдары салынады. 
Сондай-ақ, қатысушылар Құрманғазы көшесіндегі апатты 2 қабатты 196-шы үйдің бұзу жұмыстарымен танысты. 491 шаршы метрді құрайтын 8 пәтерлі тұрғын үй 1937 жылы салынған. Бүгінгі күні бұл үй апатты деп танылды және мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бойынша бұзу жобасы іске асырылуда. Бұзылған үйдің пәтер иелеріне облыс орталығының 5-ші ықшам ауданында пәтерлерді пайдалануға берілді. Оның орнына 9-қабатты көп пәтерлі үй тұрғызылады. Сонымен қатар осындай мемлекет және жеке меншік әріптестігі аясында салынып жатқан жаңа үйдің құрылысын тексерді. 

Бұдан кейін облыс әкімі локомотив депосы ауданында орналасқан көпірдің құрылысымен танысты. Қазіргі таңда жұмыстар 70%-ға орындалды. Нәтижесінде 4 жолақты жол өтпенің ұзындығы 271 м, ені 19,5 м болады.

Бірқатар нысандарды аралаған соң, облыс әкімі нысандардағы құрылыс жұмыстарының сапалығын қамтамасыз ету бойынша тиісті тапсырмалар берді. 

Фото: Александр Куприенко

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»