Бүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов «AQJAIYQ» телеарнасының «Әкім сағаты» бағдарламасына қатысты.

111111

Облыс әкімі екі сағат ішінде аудандар мен Орал қаласынан келіп түскен телекөрермендердің сауалдарына жауап берді. Аймақ басшысы тікелей эфирде Мемлекет басшысының Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарының қорытындысына тоқталды. Сондай-ақ, Елбасының Жолдауы мен «Президенттің 5 әлеуметтік бастамасының» жүзеге асуы туралы баяндады. Сонымен қатар, аграрлық сектор, кіші және орта бизнес, экспортқа бағытталған кәсіпорындарды дамыту мен қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары туралы сөз етті.
Батысқазақстандықтарды тұрғын үй және әлеуметтік нысандар (мектеп, аурухана, мәдениет және спорт нысандары) құрылысы, жол жөндеу мен территорияларды абаттандыру, цифрлық трансформация, туризм, ауыл шаруашылық пен шағын және орта бизнестің дамуы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жер, халықты әлеуметтік қорғау және т.б. мәселелер қызықтырды.
Тікелей эфир уақытында 287 сұрақтар келіп түсті. Оның басым бөлігіне жауап берілді. Қалған сұрақтар облыс әкімінің аппаратына тапсырылды.
Айта кетейік, WhatsApp мессенджердің қолданушылары белсенділік танытты.
Тікелей эфир соңында телекөрермендерге белсенділік танытқаны үшін алғыс білдіре отырып, әр сұраққа жауап берілетініне және мұндай кездесулер жиі болатынына сенім білдірді.

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»