Тасқалада жол жөндеу жұмыстары жалғасуда

Облыс әкімі Алтай Көлгінов Тасқала ауданының орталығындағы Жеңіс көшесінде болып,  жол жөндеу жұмыстарымен танысты.

2016-2017 жылдар аралығында көшпелі тәсілмен Жақсығұлов, Құрманғалиев, Чурилин, Жеңіс көшелерінің ауылішілік автомобиль жолдарына күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланған болатын.

Бас мердігер «Асфа» ЖШС қолға алған аталмыш 4 көшенің жалпы ұзындығы – 4890 метрді құрайды. Оған барлығы 332 640 000 теңге көлемінде  қаражат бөлінген. Қазіргі таңда Жақсығұлов және Құрманғалиев көшелерінің автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып  Чурилин және Жеңіс көшелерінің жолдарын жөндеу жұмыстары басталды.

Жоспар бойынша аталмыш нысандағы жұмыстар  2017 жылдың қыркүйек айында аяқталмақ.

«Асфа» ЖШС директоры И.Енютиннің айтуынша Жеңіс көшесіне 960 шаршы метр жаяу жүргіншілер жолы салынбақ..

Есенжол Елекенов

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
IT Group Kazakhstan