Жыл соңына дейін 20269 адам жұмыспен қамту жоспарланған

Бүгін Батыс Қазақстан облысы бойынша бейресми жұмыспен қамтылған халықты рәсімдеу және ел экономикасына тарту Жол картасы және «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының жүзеге асырылуы жөнінде баспасөз мәслихаты өтті. Шара спикері ретінде облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қалияр Айтмухамбетов қатысты.
Спикердің айтуынша, мемлекеттік органдардың дерекқорларында азаматтардың мәртебелерін өзектендіру жұмысы жүргізілуде, бүгінгі күні жұмыспен қамту шараларына 16 494 адам, соның ішінде 3585 адам «Нәтижесіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған» және «Тіркелмеген жұмыссыз» санаттарынан тартылды. Жыл соңына дейін 20269 адам жұмыспен қамту жоспарланған.
Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 1500 жуық адам жолданды. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 2071 адамды оқыту жоспарланып, 1239 адам жолданды. Сондай-ақ, әлеуметтік жұмыс орынға 685 адам, жастар практикасына 1282 адам, ақылы қоғамдық жұмыстарға 4276 адам жолдама алды.

1

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»