Тасқала ауданында құрылыс жұмыстары тексерілді.

Тасқала ауданына жұмыс сапар барысында облыс әкімінің орынбасары Б. Азбаев Қазақстан және Амангелді ауылдық округтерінде «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша салынып жатқан су құбырларын қайта құру жұмыстарымен танысты. Мәселен, Амангелді ауылдық округінде су құбырын тарту жұмыстары аяқталып, 1397 адам таза суға қосылды. Ал Қазақстан ауылдық округі бойынша барлығы 1118 тұрғыны бар Атамекен, Алмалы, Қалмақшабын ауылдары жыл соңына дейін таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар, аудан орталығында  салынып жатқан әкімшілік ғимаратының құрылысымен және «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы 3 қабатты екі тұрғын үй мен 1 қабатты бір пәтерлі, үш бөлмелі арендалық 7 тұрғын үйдің құрылысын тексерді.

Одан соң аудан орталығындағы Мәметова және Шамова көшелерінің автожолын күрделі жөндеу жұмыстарын тексерді. Сондай-ақ, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатырған Орал-Каменка-РФ шекарасы республикалық тас жолының құрылысын тексерді. Құрылыс нысандарын жыл аяғына дейін тапсыру жоспарланған.

Сапар соңында облыс әкімінің орынбасары жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.

111

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»