«БҚО-да бензин жетіспеушілігі, жанар-жағармай стансаларында кезек жоқ»

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев жанар-жағармай бағасының көтерілуіне қатысты осындай мәлімдеме жасады. Айта кетейік, өңірде, әсіресе, АИ-92 маркалы жанармай қымбаттап отыр.

Аталған жағдайға қатысты бірнеше себеп бар. Біріншіден, мұнай өңдейтін Атырау және Павлодар зауыттары жоспарлы түрде жөндеуге жабылды. Екіншіден, ресей жанармайының көтерма бағасы өсіп отыр. Егер бұған дейін бір тонна бензинді 500 АҚШ долларына алса, қазір бұл көрсеткіш 560 долларды құрайды. Сонымен қатар жанармай бағасының көтерілуі рубль курсының өсуіне де байланысты болып отыр.

Б.Азбаевтың сөзінше, өткен аптада облыс әкімі А.Көлгінов Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне жанармай бағасының өсуінің заңдылығына қатысты тексеру жүргізуге тапсырма берді.

Облыстық табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және тұтынушылар құқығы департаментінің басшысы Мұрат Оспановтың айтуынша, олардың басшылығымен АИ – 92, АИ – 95, дизельдік отынның көтерме және бөлшек бағасына сараптама жасалады.

Нарықтағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында «ҚазМұнайГаз» АҚ  талон жүйесін алы тастап, 10 қазаннан бастап компанияның жанар-жағармай станцияларында бензин еркін сатылымға шығарылатын болады.

Күн сайынғы бақылаудың нәтижесі жанар-жағармайға қатысты дүрбелеңнің қолдан жасалып отырғандығын көрсетті.

Б.Азбаевтың пікірінше, жанармай жетіспеушілігі, станциялардағы кезек деген мәселе облыста жоқ.

Сонымен қатар жанар-жағармайдың 70 пайызы Ресей Федерациясынан келетінін белгілі. Сондықтан ресей нарығында бағаның өсуі біздің өңірге әсерін тигізбей қоймайды.

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
IT Group Kazakhstan