Хабарландыру

07.08.2018

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау тәртібі

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы №209 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 3 шілдеде № 17145 болып тіркелген) «Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылдың 30 маусымдағы №6-3/597 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда  №12714 болып тіркелді) (бұдан әрі – Қағида) өсгерістер енгізілген болатын. Осы енгізілген өзгерістерге сәйкес 2018 жылы 014 «ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтерінің құнын субсидиялау» бюджеттік бағдарламасы келесідей мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібімен жүзеге асады.

Субсидиялар Қағиданың 9-тармағына сәйкес келесі шарттарды сақтаған кезде төленеді:

1) Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерінің Қағиданың
1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша суармалы су беру бойынша көрсетілетін қызметтерге субсидиялар алуға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына ай сайын жазбаша өтінім беруі;

2) құны 0,40 тг/м3 (текше метрге теңге) жоғары суармалы су беру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу, сондай-ақ су беруші алдында берешегінің жоқтығы (төлем туралы түбіртек);

3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №266 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша су берушімен жасалған шарт бойынша суармалы су берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесіне жер пайдалану немесе жеке меншік құқығының тіркелуі.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші өтінімді ағымдағы жылғы әр айдың 25-не дейінгі мерзімде тапсыруы тиіс.

Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асырылады.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші ұсынған құжаттардың дұрыстығы үшін Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жауапты болады.

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»