Облыс АӨК-нің жалпы көрсеткіштері

Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы саласының  2018 жылдың қаңтар-сәуір айларындағы дамуы туралы ақпарат

2018 жылы ауыл шаруашылығы саласын қолдауға басқармаға бюджеттен 11421,3 млн. теңге қаржы, соның ішінде өсімдік шаруашылығына – 1071,3 млн. теңге, мал шаруашылығына – 2601,9 млн. теңге, инвестициялық салынымдарды субсидиялауға – 2847,0 млн. теңге, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға – 4191,6 млн. теңге, несиелердің және лизингтің пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялауға – 224,2 млн. теңге, басқа да шараларға – 485,3 млн. теңге бөлінді.

2018 жылдың қаңтар-сәуір айларында ауыл шаруашылығын қаржыландыруға шаруашылықтармен 1297,2 млн. теңге несие ресурстары тартылып, соның ішінде лизинг бағдарламасы арқылы 721,7 млн. теңгеге
144 дана ауыл шаруашылығы техникалары мен қондырғылары сатып алынды.

2018 жылдың қаңтар-сәуір айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнімі мен көрсетілген қызметі 19545,3 млн. теңгені, соның ішінде өндірілген өсімдік шаруашылығы өнімі – 64,1 млн. теңгені, мал шаруашылығы –
19473,8 млн. теңгені, қызметтер – 7,4 млн. теңгені құрады. Статистикалық ақпарат бойынша физикалық көлем индексі 2017 жылдың сәйкесті кезеңінің деңгейіне 104,4%-ды, соның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімі – 100%,
мал шаруашылығы – 104,4%-ды, қызметтер - 100%-ды құрады.

Өсімдік шаруашылығы

Меморандумға сәйкес барлық дәнді дақылдардың алқабы 259,0 мың га (2017 жылы – 250,1 мың га) құрауы тиіс, соның 71,2 мың га алқабына өткен жылдың күзінде күздік дақылдар егілді. Тиісінше  2018 жылы жаздық дәнді дақылдарды 187,8 мың га алқапқа егу жоспарланып отыр.

Егіс алқаптарының құрылымына сәйкес жаздық дәнді дақылдар егу жоспарында жаздық бидай – 110,0 мың га немесе 58,5%, арпа – 69,0 мың га немесе 36,7%, тары – 4,3 мың га (2,3%) және басқа да дәнді дақылдар - 4,7 мың га (2,5%) болады деп көзделуде.

Майлы дақылдарды 61,0 мың га болады деп күтілсе, оның ішінде күнбағысты 48,0 мың га дейін жеткізу жоспарлануда.

Картоп және көкөніс-бақша дақылдарын 9 500 га алқапқа егу жоспарлануда, оның ішінде картоп - 4 200 га, көкөніс дақылдары - 3 600 га, бақша дақылдары - 1 700 га.

Ағымдағы жылы мал азықтық дақылдардың егісі 184,0 мың га құрауы тиіс, оның ішінде біржылдық шөптер - 39,1 мың га, сүрлемдік дақылдар -
0,5 мың га, көпжылдық шөптер - 14,0 мың га. Өткен жылдардан қалған көпжылдық шөптердің алқабы 130,4 мың га.

Көктемгі далалық жұмыстар барысы туралы.

Ағымдағы жылы ауа райының қолайсыздығына байланысты көктемгі-далалық жұмыстар кештеу басталды.

Қазіргі уақытта облыстың аумағында 375,0 мың гектар жерде ылғал жабу жұмыстары аяқталды.

2018 жылдың 25 мамырына 181,4 мың гектар немесе 96,5% жаздық дәнді дақылдар егілді, оның ішінде жаздық бидай – 121,0 мың га, арпа – 55,0 мың га,
сұлы – 1,2 мың га және басқа да дақылдар 4,2 мың гектар.

Бұдан басқа 38,2 мың гектар немесе жоспардың 62,6% майлы дақылдарды егілген, оның ішінде 24,3 мың га күнбағыс.  

Облыс аумағында 2 911 гектар картоп, 2058 гектар көкөніс пен 1100 гектар бақша дақылдары отырғызылды.

Мал азықтық дақылдары 27,5 мың гектарға немесе 51,2% оның ішінде
12,2 мың га көпжылдық және 15,3 мың га біржылдық дақылдары егілді.

Облыс бойынша көктемгі далалық жұмыстар жалғасуда.

Тұқыммен қамтылу

Дәнді дақылдар тұқымына қажеттілік 20,77 мың тонна болса, нақты дайындалғаны 21,3 мың тонна немесе қажеттіліктің 102,8%.

Майлы дақыл тұқымының қажеттілігі 0,50 мың тонна, дайындалғаны
0,57 тонна немесе қажеттіліктің 113,4%.

Мал азықтық дақылдар тұқымының қажеттілігі 0,94 мың тонна, нақты дайындалғаны 0,95 тонна немесе 101,8%.

Жаздық дақылдар тұқымдары егістік сапасына зертханаларда
(«Орал Жер» ЖШС мен «Казагрэкс» АҚ) тексерілді және толығымен егістік сапасына сәйкес болып отыр.

Тұқымдық картопқа қажеттілік 10,5 мың тонна құрайды, нақты дайындалғаны 10,6 мың тонна немесе 101,5%.

Қатысатын техника дайындығы

Көктемгі далалық жұмыстарға 4215 трактор, 4965 дәнсепкіш,
811 қопсытқыш және «Джон Дир», «Флексикойл», «Кейс», «Хорш» маркалы
47 жоғары өнімді егіс кешендері қатысуда.

Жанар-жағар маймен қамтамасыз ету

Көктемгі далалық жұмыстарды жүргізу үшін 12 мың тонна дизель отыны бөлінді (сәуір айына - 5 мың тонна, мамырға – 7 мың тонна). Жеткізуші оператор болып «Батыс Арна» ЖШС анықталды. Дизель отынының бағасы литріне 141,0 теңге құрайды. 2018 жылдың 21 мамырына ауыл шаруашылығы тауарөндірушілерімен 3613,2 тонна дизель отыны алынды.

Гербицидтер құнын субсидиялау

Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң құнын субсидиялау бағдарламасы бойынша үстіміздегі жылы жергілікті бюджеттен 50,2 млн. теңге бөлінді
(2017 жылы – 48,0 млн. теңге). Бөлінген қаржыға 28,2 мың литр гербицидтің құнын арзандату жоспарланып отыр. Бұл бағдарлама бойынша субсидия нормативтері Ауыл шаруашылығы министрлігімен келісілуде.

Басым дақылдарды субсидиялау

Бұл бағдарлама бойынша 792,0 млн. теңге бөлінді. Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы тауарын өңдірушілерге 76,3 млн. теңге төленді.

Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау

Бұл бағдарлама бойынша 2018 жылға 192,4 млн. теңге бөлінді. Бұл бағдарлама аясында ауыл шаруашылығы дақылдарының аудандастырылған сорттарының тұқымдары құнының 70%-ын және аудандастырылмаған  сорттардың тұқымдары құнының 30%-ын субсидиялау қарастырылған
(2017 жылы 2272 тонна тұқым 98,8 млн. теңге). Бұл бағдарлама бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 1339,4 тонна алынған тұқымға
63,1 млн. теңге субсидия төленді.

Мал шаруашылығы

2018 жылдың 1 мамырына мүйізді ірі қара 643,6 мың басты (107,8%), қой 1307,1 мың басты (100,3%),  ешкі – 279,3 мың басты (102,6%), жылқы – 181,4 мың басты (113,1%), құс – 1295,5 мың басты (142,2%) құрап өссе, шошқа – 24,9 мың басты (88,3%), түйе – 2,8 мың басты (93,1%) құрап кеміп отыр.

2018 жылдың қаңтар-сәуір айларында 23,6 мың тонна тірілей салмақта мал және құс еті өндірілді немесе 2017 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 112,0% құрады. Барлық шаруашылықтар бойынша сүт өндіру 39,6 мың тонна (101,2%), өндірілген жұмыртқа 56,9 млн. дананы (120,5%) құрап отыр.

«Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» бағдарламасы аясында 2018 жылы 2,4 мың тонна ІҚМ етін экспортқа шығару көзделіп отыр.
2018 жылдың 18 мамырына облыс бойынша 679,2 (28,1%) тонна ет және ет өнімдері экспортқа шығарылды, соның ішінде 466,2 тоннасы ІҚМ еті және 188,2 тоннасы ет өнімдері. Сонымен қатар 218,5 (121,4%) тонна қой еті экспортталды.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы

2017 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы
29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітілген «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» жүзеге асуда. Бағдарламаны жүзеге асыру бағытында
2018 жылға республикалық бюджеттен облысымызға 4014,5 млн. теңге қаражат бөлінді. 

Аталған қаржыны Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда микрокредит беруді ұйымдастыру мәселелері туралы»
2018 жылғы 23 ақпан № 33 қаулысына сәйкес, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның БҚО филиалына 3 010 896 мың теңге және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның  БҚО филиалына 1 003 632 мың теңге бөлінді. Күні бүгінге «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ
БҚО филиалы арқылы  37 бас ірі қара малын сатып алуға 13,2 млн. теңге несие берілсе, ал «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ БҚО филиалы арқылы 221 бас ірі қара малын сатып алуға 45,8 млн. теңге берілді.  

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу

Статистикалық ақпарат бойынша 2018 жылдың қаңтар – сәуір айларында 16606,7 млн. теңгенің тағамдық өнімдері өндірілген, физикалық көлем индексі 2017 жылдың сәйкесті кезеңінің деңгейіне 129,9%-ды құрады.

2017 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда ет қалбырлары-
1809 тонна (2,1 есе), ет және қосалқы ет тағамдары - 1223 тонна (4,5 есе), қайта өңделген сүт пен кілегей - 350 тонна (121,1 %),  ұн - 44236 тонна (142,8%), нан өнімдері - 14114 тонна (107,9%), ұзақ сақталатын кондитерлік өнімдер -
1072 тонна (118,5%), балық қалбырлары - 1552 тонна (125,7%), жарма, ірі тартылған ұн 416 тонна (116,5%), макарон өнімдері - 6778 тонна (104,0%) өндіріліп,  өндіріс көлемдерінің өсуіне әсерін тигізді.

Сол уақытта, шұжық өнімдері - 2273 тонна (90,3%), сары май -
31 тонна (88,6%), ірімшік пен сүзбе - 113 тонна (60,1%), өзге сүт өнімдері -
210 тонна (94,6%) өндірісінің төмендеуі байқалады. 

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу өндірісінің көлемін арттыру мақсатында 2018 жылы келесі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда:

2018 жылдың 1 тоқсанында «Кублей» ЖШС мал қалдықтарын қайта өңдеу бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асырды. Жобаның құны
552,0 млн. теңгені құрайды, қосымша 5 жаңа жұмыс орны ашылды.

2018 жылдың 1 тоқсанында Орал қаласында «Желаев НӨК» АҚ құны
1,8 млрд. теңгеге қуаттылығы сағатына 2 тонна макарон өнімін шығаратын фабрикасы іске қосылып, 50 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.

2018 жылы Орал қаласында «Орал жылыжай комбинаты» ЖШС голланд технологиясы бойынша алқабы 5 га құрайтын, қуаттылығы жылына 3 мың тонна көкөніс шығаратын жылыжай кешені құрылысын жүргізуде. Жоба құны 4,2 млрд. теңге. Жоба іске қосылғаннан кейін  өңірімізде көкөністердің импортын төмендетуге ықпал етеді. Жобаны 2018 жылдың желтоқсан айында іске қосу жоспарланып отыр.

Зеленов ауданының Трекин ауылында «DMD PRODUCTION» ЖШС қуаттылығы жылына 1000 тонна көкөніс және жеміс қалбырларын өндіретін цехтың құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Жоба құны 135 млн. теңге. Жобаны 2018 жылдың желтоқсан айында іске қосу жоспарланып отыр.

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»