Жалпы шолу

2012 жылдың қаңтар-тамыз айларында БҚО құрылыс басқармасы бойынша тұрғын үй құрылысы бюджеттік бағдарламасын жүзеге асыру туралы ақпарат

009 «Облыстық бюджеттерге, қалалар бюджеттеріне тұрғын үй жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға кредит беру» бағдарламасы бойынша 2012 жылға 2925 млн.теңге несие қарастырылды. Бекітілген өндіріс жұмыстарының кестесінен алда 8 көп қабатты тұрғын үйлерінің құрылысы аяқтала келе жатыр. 8 айға 2100 млн.теңге жоспарлағанда 2100 млн.теңге (100 пайыз) игерілді.

014 «Облыстық бюджеттерге, аудан бюджеттеріне (облыстық маңызы бар қалаларға) мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуға және (немесе) сатып алуға берілетін нысаналы даму трансферттері» бағдарламасы бойынша 2012 жылға облысқа 1691,8 млн. теңге бөлінді.

586 млн.теңге қаражаттарға жылдың соңына дейін мемлекеттік тұрғын үй қорынан 8,4 мың шаршы метр жалдамалы тұрғын үйді пайдалануға беру қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар: Орал қаласына 4,1 мың шаршы метр (75 пәтерлер) және ауылдық елді мекендерде 4,3 мың шаршы метр (57 пәтерлер).

«Қолжетімді тұрғын үй 2020» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде:

кезекте тұрғандар үшін (жайлылық класы 4) коммуналды (жалдамалы) тұрғын үйлер құрылысына арналған 442,3 млн.теңге қаражатқа 2013 жылы 15,6 мың шаршы метр енгізілуі жоспарланған Орал қаласында екі 75 пәтерлі, Ақсай қаласында бір 75 пәтерлі тұрғын үйлерінің, сонымен қатар Қаратөбе ауданында сегіз бір пәтерлі және Шыңғырлау ауданында 10 екі пәтерлі тұрғын үйлерінің құрылысын бастау жоспарланған болатын.

2012 жылдың 31 тамызындағы жағдай бойынша Орал қаласындағы екі 75 пәтерлі тұрғын үйлер құрылысына 12 қыркүйекке конкурс жарияланды, Ақсай қаласындағы 75 пәтерлі үй бойынша жоба мемсараптамада және Қаратөбе ауданындағы сегіз бір пәтерлі тұрғын үйлерінің құрылысына 20 қыркүйекке конкурс жарияланды, ал Шыңғырлау ауданындағы 10 екі пәтерлі тұрғын үйлерінің құрылысы жүргізіліп жатыр.

  • жас отбасылар үшін (жайлылық класы 3) коммуналды (жалдамалы) тұрғын үйлер құрылысына арналған 663,5 млн.теңге қаражатқа 2013 жылы енгізілуі жоспарланған Орал қаласында төрт 90 пәтерлік және Ақсай қаласында бір 90 пәтерлік тұрғын үйлерінің құрылысын бастау жоспарланып отыр.

2012 жылдың 31 тамызындағы жағдай бойынша бір 90 пәтерлі тұрғын үй бойынша жер қазу жұмыстары жүргізіліп жатыр, қалған үш 90 пәтерлі тұрғын үйлер құрылысына 13 қыркүйекке конкурс жарияланды, Ақсай қаласындағы 90 пәтерлі тұрғын үйінің құрылысына 25  қыркүйекке конкурс жарияланды.

8 айға 687 млн.теңге жоспарлағанда 447,2 млн.теңге (65,1 пайыз) игерілді.

 

027 «Облыстық бюджеттерге, аудан бюджеттеріне (облыстық маңызы бар қалаларға) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға, жайландыруға және (немесе) сатып алуға берілетін нысаналы даму трансферттері» бағдарламасы бойынша 2012 жылға 2125 млн.теңге бөлінді.

8 айға 1400 млн.теңге жоспарланғанда 1283,7 млн.теңге (91,7 пайыз) игерілді.

Тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша 2012 жылға республикалық бюджеттен 6741,8 млн.теңге кредиттер мен трансферттер бөлінді.

Жалпы тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша 8 айға 4187 млн.теңге жоспарлағанда 3830,9 млн.теңге (91,5%) игерілді.

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»