БҚО шағын кәсіпкерлігінің дамуы бойынша ақпарат

Шағын және орта кәсіпкерлік.

2018 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін субъектілерінің саны 37,8 мың бірлікті құрады, бұл 2017 жылғы тиісті кезең деңгейінен 3,9%-ға көп (шағын кәсіпкерлік  саласында заңды тұлғалар саны 12,2%-ға және шаруа қожалығы 15,6%-ға өсуі есбінен (келесі қызмет түрлерінде: білім беру – 33,1%-ға, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер – 26,3%-ға, ауыл шаруашылығы – 19,6%-ға, сумен жабдықтау –12,3%-ға, өнер, ойын-сауық және демалыс – 11,4%-ға, құрылыс – 9%-ға, электрмен жабдықтау – 8,7%-ға, тау-кен өндіру өнеркәсібі – 8,7%-ға.

2017 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істейтіндер саны 111,9 мың адамды құрады, бұл 2016 жылдың 1 қазан деңгейінен 13,2%-ға көп (заңды тұлғаларда жұмыс істейтіндер саны 24,5%-ға, шаруа қожалығы саны 34,5%-ға өсуі есбінен (келесі қызмет түрлерінде: құрылыс –70,2%-ға, білім беру – 34,1%-ға, ауыл шаруашылығы – 31,7%-ға, электрмен жабдықтау – 19,2%-ға, денсаулық сақтау – 13,6%-ға, әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет – 7,5%, кәсіби, ғылыми және техникалық қызметтер  - 6,7%).

2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілерімен 1003,7 млрд. теңгеге тауар (жұмыс, қызмет) өндірілді, бұл 2016 жылғы тиісті кезең деңгейінен 10,5%-ға көп (заңды тұлғалардың шығару өнім (тауар және қызметтер)  10,8%-ға, жеке кәсіпкерліктің 10,2%-ға және шаруа қожалығы 2,6%-ға өсуі есбінен келесі қызмет түрлерінде: тұру және тамақтану бойынша қызметтер – 1,9 есеге, құрылыс – 54,8%-ға, қаржы және сақтандыру қызметі – 34,8%, білім беру – 27,4%-ға, басқа да қызметтер түрлері – 23,4%-ға, көлік және қоймалау салаларында 29,6%-ға, ауыл шаруашылығы – 14,5%-ға, көтерме және бөлшек сауда – 11,5%-ға, ақпарат және байланыс – 22,9%-ға, электрмен жабдықтау – 21,1%-ға, денсаулық сақтау – 13,8%-ға). 


2017 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін субъектілер саны 37,0 бірлікті құрады немесе 2016 жылдың сәйкесті кезең деңгейімен салыстырғанда 8,5% көп.
2017 жылғы 1 қаңтарындағы жағдай бойынша шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істейтіндер саны 105,7 мың адамды құрады, бұл 2015 жылғы тиісті кезең деңгейінен 0,1%-ға көп.
2016 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары бойынша шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілерімен 1 231,6 млрд. теңгеге тауар (жұмыс, қызмет) өндірілді, бұл 2015 жылғы тиісті кезең деңгейінен 1,9%-ға көп.

2017 жылдың қаңтар-наурыз айларында екінші деңгейлі банктер филиалдарымен шағын бизнес субъектілеріне 5 950,0 млн. теңгеге несие берілді, 2016  жылдың тиісті кезеңінің көрсеткішімен салыстырғанда 3,2 есеге жоғары (1.04.2016ж. – 1 842,0 млн.теңге)

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
IT Group Kazakhstan