Индустрияландыру картасы

Индустрияландыру картасы

Индустрияландыру картасы аясында I бесжылдықта (2010-2014 жж.) жалпы құны 257,5 млрд.теңгенің 30 инвестициялық жоба іске қосылды, нәтижесінде 1813 тұрақты жұмыс орны ашылды. 

2010 жыл –  жалпы сомасы 87,9 млрд.тенгеге  8 жоба, 2898 жұмыс орын құрылды, соның ішінде тұрақты 503 жұмыс орын;
2011 жыл – жалпы сомасы 157 млрд.тенгеге  8 жоба, 1346 жұмыс орын құрылды, соның ішінде тұрақты 232 жұмыс орын;
2012 жыл – жалпы сомасы 4 млрд.тенгеге  8 жоба, 768 жұмыс орын құрылды, соның ішінде тұрақты 319 жұмыс орын;
2013 жыл – жалпы сомасы 2,1 млрд.тенгеге  3 жоба, 130 жұмыс орын құрылды, соның ішінде тұрақты 116 жұмыс орын;
2014 жыл – жалпы сомасы 6,5 млрд.тенгеге  3 жоба, 833 жұмыс орын құрылды, соның ішінде тұрақты 643 жұмыс орын.

II бесжылдықта (2015-2019 жж.) 1068 тұрақты жұмыс орын құруымен жалпы құны 80,5 млрд.теңгенің 18 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. 
Соның ішінде 2015 жылы жалпы құны 17,1 млрд.теңгеге 2 инвестициялық жоба іске қосылды, 123 жұмыс орны құрылды, соның ішінде 73 тұрақты жұмыс орын («Батыс Пауэр» ЖШС, «Жұмагулова Б.М.» ЖК). 
2016 жылда сомасы 55,6 млрд.тенгеге 1667 жұмыс орын құрумен, соның ішінде 522 тұрақты жұмыс орнын құрумен 10 жоба іске қосылды:

  • К5 экологиялық дәрежесімен мотор жаңармайын өндіру («Конденсат» АҚ);
  • Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданының Мичурин ауылдық округінде бөтелкедегі ауыз су өндіретін кешеннің құрылысы ("Фирма Родник" ЖШС);  
  • Етті қайта өңдеу кешені («Батыс Нық» ЖШС);
  •       Етті өңдеу кешені («Кублей» ЖШС);
  • Ұсақ бетондық бұйымдарды шығару бойынша зауыт құрылысы («Спецстройсервис» ЖШС).
  • Құрғақ салмағы 600 тоннаға дейін жаңа класты кемелер өндірісін игеру және ірі габаритті өнімдер шығару («Зенит» Орал зауыты» АҚ);
  • Бекіре балықтар және қара уылдырық шығару аквакешенінің құрылысы («Тәжірибе-өнеркәсіптік аква өндірісінің оқу-ғылыми кешені» ЖШС);
  • Бетондық бұйымдарды шығару бойынша зауыты («Орал Полимер» ЖШС);
  • ІҚМ және ҰҚМ терісін өңдеу цехы («Пош Руно» ЖШС);
  • Түрлі бағыттағы газ тұтқыш өндірісін ұйымдастыру («GuzuAlmaty» ЖШС).

2017 жылы сомасы 5,3 млрд.тенгеге 507 жұмыс орын құрумен, соның ішінде 370 тұрақты жұмыс орнын құрумен 4 жоба іске қосылуы жоспарлануда:

  • Кірпіш өндіру бойынша зауыт құрылысы («134» ЖШС);
  • Электр қалқандар өндірісі («Орал Электрик» ЖШС);
  • Макаров кірпіш зауыты («Жапбаркулов Ж.К.» ЖК);
  • Қуаты жылына 6000 тоннаға дейін құс фабрикасы құрылысы («Жайык Агро ЛТД» ЖШС)

2018-2019 жылдарда сомасы 2,4 млрд.тенгеге 103 жұмыс орнын құрумен 2 жобаны іске қосу жоспарлануда:
- шағын кемелер өндірісін кеңейту және жаңарту («Гидроприбор» ҒЗИ» АҚ);

- минералдық ұнтақ, сұйық натрийлық шыны және пеностекло шығаратын зауыт құрылысы («Foamsil» Орал пеносиликаттық компаниясы Орал қаласы»  ЖШС).

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
IT Group Kazakhstan