Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасынының жүзеге асырылуы бойынша

Бағдарламаны жүзеге асыруға облысқа 6161,8 млн теңге қаражат қарастырылды.

Бағдарламаның 1 бағыты «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» бойынша техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау бойынша 800 адамды оқытуға 303,3 млн. теңге қаражат қарастырылды. Оқыту ағымдағы жылдың қыркүйек айынан басталатын болады.

Сонымен қатар, жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытубойынша 1500 адамды қысқа мерзімді курстарға жолдау мақсатында 167,5 млн.теңге қаражат бөлінді.

Есепті кезеңге 189 адам қысқа мерзімді курстарға жолданды.

Бағдарламаның 2 бағыты «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» аясында 423 адамға 4104,9 млн.теңге көлемінде несие беру (соның ішінде ауылдық жердегі 418 адамға 4014,5 млн теңге, қалалық жердегі 5 адамға 90,3 млн. теңге).

Есепті кезеңге 14 адам несие алды.

Бұған қоса, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 2071 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарлануда.

Бағдарламаның 3 бағыты «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» аясында:

- 770 адамды әлеуметтік жұмыс орындарына жолдау жоспарланып, есепті кезеңге 696 адам жолданды.

- 1314 жас маманды жастар практикасына жолдау  көзделіп, есепті кезеңге 497 жас маман жолданды.

- 5067 адамды ақылы қоғамдық жұмыстарға тарту көзделіп, есепті кезеңге 2069 адам тартылды.

Жаңа Бағдарламаны іске асыру барысында жыл соңына қарай жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,0% (2017 жылдың қортындысы бойынша 4,9%), жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,0% (2017 жылдың қортындысы бойынша 3,9%), әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 5,4% (2017 жылдың қортындысы бойынша 5,3%) құрайды деп жоспарлануда.

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»