Жергілікті инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы туралы ақпарат

Индустриалды-инновациялық даму Бағдарламасы шеңберінде жергілікті инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы туралы ақпарат

I. Облыстың 2006-2008 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму аймақтық бағдарламасы шеңберінде 2006-2008 жылдары құны 10,6 млрд.теңгеге 8 инвестициялық жобалар жүзеге асырылды, соның ішінде:

- 2006 жылы:

1) «Зенит» Орал зауыты» АҚ су ығыстырғыштығы 200 тонна «Барыс» -«Сардар» жобалы кеменің бас үлгісін дайындады;

2) «Омега прибор құру зауыты» АҚ төменгі кернеулі (1000 В) электр қуатын тарату және басқару электр қалқандарын дайындау және монтаждау үрдісін игерді;

3) «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ үшін мұнайды тасымалдауға жоғарғы технологиялық жабдықты шығарды;

4) Жаңа-Өзен қ. (Маңғыстау облысы) «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ филиалы құрылды, өндірістік базасы «БҚМК» АҚ өндіретін және аймақтағы мұнай газ жабдықтарды монтаждау және сервистік қызмет көрсету жұмыстарының барлық түрлері бойынша арналған;

5) «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ ұңғыманы кешенді және жер асты жөндеу үшін құралдар өндірісін игерді;

6) Жапон «Тохоку» компаниясымен бірлесіп, Орал ЖЭО-да қуаты 28,5 МВт газтурбиналық электрстансасы пайдалануға берілді.

-  2007 жылы:

 1) «Нұржанар» АҚ сыра өндіруді қайта жаңғырту;

 2) «ҚазТрубПром» ЖШС негізінде қуаты жылына 39 мың тонна сорғы-компрессорлық және айналмалы құбырлар өндіру бойынша цех құрылысы.

Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысының 2006-2014 жылдарға арналған өнеркәсіптік құрылыс материалдарын, бұйымдарды және құрылымдарды дамыту Аймақтық бағдарламасы шеңберінде 7 жоба жүзеге асырылды, соның ішінде:

2006 жылы:

1) қуаты жылына 360 мың текше метр бетон зауыты («СВ-плюс» ЖШС);

2) қуаты жылына 30 млн. дана қызыл қыш кірпіш өндіру бойынша зауыт («Билдинг Материалз Компани» ЖШС).

2007 жылы:

1) ҚҚБК «Базальт-Волокно» ЖШС-мен қуаты жылына 5 мың. тонна «Базальттық талшықтан жылудыбысоқшаулағыш материалын өндіру» жобасы жүзеге асырылды;

2) Батыс Қазақстан құрылыс материалдар корпарациясы» АҚ-да «Қазақстанның инвестициялық Қоры» АҚ бірлесіп, «Батыс Қазақстан облысында құрылыс өнімдерінің номенклатурасын кеңейту мақсатында жаңа өндірістер құру» жоспарының 1 кезеңін жүзеге асырды. 1 кезең шеңберінде қуаты жылына 45 мың тонна жоғары сапалы құрылыс және технологиялық әк және қуаты жылына 15 мың тонна құрғақ құрылыс қоспаларын өндіретін желілерді енгізді.  

 

2008 жылы:

1) «Батыс Қазақстан құрылыс материалдар корпорациясы» АҚ қуаты жылына 33 млн. дана кірпіш Герман өндірісінің KSP 801 «Ласко» прессін қондырумен 3-ші пресстік желіні қайта құру жүргізілді;

2) «СВ-плюс» ЖШС ұзындығы 18 метрге дейін қуысты тақта шығару игерілді;

3) «Гидромаш-Орион» КТБҚ» ЖШС 2008 жылдың қыркүйек айында жинақтаушы-монолитті жүйедегі үйлер үшін жинақтаушы темір бетон бұйымдарын өндіру бойынша зауыт іске қосылды («21 ғасырға сай үй құрылысы комбинаты» жобасы).

Облыстың индустриалды-инновациялық даму бойынша іс-шаралар Жоспары және Батыс Қазақстан облысының 2006-2014 жылдарға арналған өнеркәсіптік құрылыс материалдарын, бұйымдарды және құрылымдарды дамыту Аймақтық бағдарламасы шеңберінде құны барлығы 161,2 млрд. теңгеге облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарының 35 инвестициялық жобаларын жүзеге асыру жоспарлануда.

Ірі және орта өңдеу өнеркәсіп кәсіпорындарында 2006 жылдан бері жаңа өндіріс құру және ескі өндірісті кеңейту есебінен 598 жұмыс орны құрылды.

 

II Бүгінгі күнге Батыс Қазақстан облысында 4 жобаны жүзеге асыру жүргізілуде: 

1.  "Металл құрылымдарын ыстықтай мырыштау бойынша қызмет көрсету өндірісін ұйымдастыру" («Металл бұйымдары» БӨК» ЖШС)

Жоба ірі габаритті металл құрылымдарына, жол қоршауларына, көпірлік тоннельдік құрылымдарға, темір жолдардың байланыс желілерінің тіректері мен аспаларына, автомобильдер кузовтарының тетіктеріне, құбырларға, метиздерге және жылына 26000-нан 60000 тоннаға дейін металл бұйымдарына мырыштық жабынды өндіру ұйымдастыруды қарастырады.

Бүгінгі күнге осы жобаның жүзеге асырушылары «Орал металл құрылымдары және мырыштау зауыты» АҚ және «Металл бұйымдары» БӨК» ЖШС болып табылады. Жоба құны - 625 млн.теңге.

КПО б.в. қаражаты есебінен құны 267 млн. теңге «G.M.Gruppo Maccabeo» итальян фирмасының жабдығы алынды. «Қазақстанның инвестициялық Қоры» АҚ қаражаты есебінен инженерлік тораптар: су құбыры, электр жарығы, электр қамсыздануы, сыртқы газ құбыры аяқталды, шомылық каркасы дайындалды, құрылыс-монтаж, металл құрылымдарын монтаждау жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі уақытта жабдықтарды монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Жобаны ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Жобаны жүзеге асыруда 150 жұмыс орнының құрылуы жоспарлануда.

Қазіргі уақытта жобаға қатысушалардың біреуінен («Градиент» АИО» АҚ) құжаттарды толық емес заңды рәсімдеу себебінен «Қазақстанның инвестициялық Қоры» АҚ жағынан қаржыландыру тоқтатылды.

 

2. "Газкомпрессорлық және газ айдау кәсіпорындары үшін жабдықты өндіру" ("БҚМК" АҚ)

Жоба бастапқы кезеңінде газ айдау агрегаттарының түйіндерін жөндеу және дайындауды, ал болашақта газ айдау агрегаттарын өндіруді қарастырады.

Газ айдау агрегаттары магистралды газ құбыры бойынша табиғи газды айдау үшін газ айдау стансалары құрамында пайдаланылады. Олар бөлек түйіндер мен агрегаттардан тұрады: газтурбиналық жетек, айдауыш, ауа жылытқыш, кешенді ауа тазалағыш  құрылғы. Осы жоба шеңберінде кәсіпорынмен ауа жылытқыш, кешенді ауа тазалағыш  құрылғы және газтурбиналық жетек өндірісі игерілді. Жоба құны 640 млн.теңгені құрайды.

Бүгінгі күнге құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілді, қажетті жабдықтар алынып және монтаждалды, «Интергаз Орталық Азия» АҚ-нан алынған екі турбоблоктың біреуін жөндеу бойынша жұмыстар аяқталды, оны сынауға дайындалуда, екінші агрегатты жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.  

Енгізіліп жатқан өндірістік қуатты толықтай жүктеу және жобалық қуатты қамтамасыз ету үшін газ айдау жабдықтарын жөндеу және дайындау бойынша мемлекеттік тапсырыс қажет. Жобалық қуатқа шығу кезінде 100-ге дейін жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

Осы жоба шеңберінде «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ «БҚМК» АҚ-мен ынтымақтастықты кеңейту бойынша шаралар Жоспары бекітілді және «Интергаз Орталық Азия» АҚ қажеттілігі үшін шетел өндірісінің турбинасы және компресорлық жабдығы негізінде Қазақстан Республикасында газ айдау агрегатын өндіруді ұйымдастыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетулерді қазақстан өндірушілердің жалпыұлттық форумы шеңберінде «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ және ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ-мен 740 млн. теңге сомасында мұнайгаз жабдығын жеткізу бойынша, сондай-ақ,  Батыс Қазақстан машина жасау комипаниясы» АҚ және «Интергаз Орталық Азия» АҚ-мен 700 млн. теңге сомасында турбоблок және газ айдау агрегаттарын жанжандыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

 

3. «Биохимиялық комбинат құрылысы» ("БМ" ЖШС)

Биохимия саласында бидай дақылдарын (бидай және қара бидай) қайта өңдеу және кілегей, азық қосымшалары, биоэтанол өндіру бойынша биохимиялық зауыт құрылысы ұсынылуда.

Өндірістің жобалық қуаттылығы келесіні құрайды: кілегей - жылына 12 мың тонна, азық қосымшалары - жылына 27 мың тонна, биоэтанол - жылына 30 млн. литр.

Жоба құны - 53,4 млн. АҚШ доллары.

Зауыт Орал қ. ЖЭО аймағында қаланың орталығынан 5 шақырым жерде орналасқан. Ауданы 9,7 га жер телімі бар.

Өндіріс технологиясы зиянды шығындарсыз ваккумды негізде тұйық цикл. Бастапқы материал - бидай және алынатын өнімдер, крахмал, кілегей, күнжара, түп, биоэтанол, спитр органикалық негізі бар табиғи өнім болып табылады.

Осы жоба бойынша технологиялық және көмекші жабдықты, қоймалы шаруашылық монтаждау жүргізілді және таза өңдеу жұмыстары аяқталды.

«Жайықжылуқуат» АҚ-мен буды жеткізуге бас тартуына байланысты өз қазандығын салу туралы шешім қабылданды.

Қазандық салу, айналмалы сумен қамтамасыз ету сорғылық станса және градирня салуға жобаны дайындау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта өнімділігі сағатына 25 тонна 2 қазан алынып және жеткізілді.

Қазандықты қамтамасыз ету үшін газды жеткізуге «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-нан техникалық шарттар алынды. Газ жеткізудің келісілген көлемі зауыттың бірінші кезеңі үшін жеткілікті. Газ құбырының жобасы дайындалып және монтаж жүргізілуде. Газдың қажетті көлемі 7500 м3/сағатты құрайды. Қазіргі уақытта 1800 м3/сағат жеткізу бойынша «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-мен келісім бар. Құны 40 млн. теңге жер асты бас тоғанында 2 ұңғыманың құрылымына техникалық шарттары берілді. Комбинатты қажетті сумен қамтамасыз ету үшін «ОралСуАрнасы» МКК-мен екі ұңғыма құрылысына келіссөздер жүргізілуде. Жобаны жүзеге асыруда құрылыс кезеңінде 200 жұмыс орнын және пайдалануға беру кезінде 550 жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Құрылыс материалдары құнының қымбаттауына байланысты Орал биохимиялық комбинаттың пайдалану мерзімі 2010 жылға ауыстырылды.

 

4. Таскала ауданында қуаты жылына 1200 мың тонна цемент зауыты құрылысы («Орал цемент компаниясы» ЖШС)

Бұл жоба Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданында бірінші кезеңде қуаты жылына 1,2 млн. тонна цемент, 2 кезеңде қуаты жылына 2 млн. тонна цементті құрайтын цемент зауыты құрылысын қарастырады.

Өндірілетін өнім номенклатурасы: М-400, М-500, сульфатқа тұрақты портландцемент, тампонажды портландцемент.

Цемент өндіру үшін шикізат болып Тасқала ауданы аумағындағы бор, сазбалшық және опок кен орындары қорлары болып табылады.

Қазіргі уақытта геологиялық-ізденіс және инженерлік-геологиялық жұмыстар жүргізілді.

Сараптамашылардың деректері бойынша кен орынның шикізат қоры 60 жылға дейін есептелген.

Уақытша (құрылыс кезеңіне) электр, сумен қамсыздандыру бойынша жобалық-сметалық құжаттама дайындалды.

Шаруашылық пен ауыз және техникалық сулардың барлау - пайдалану ұңғымаларын бұрғылау жұмыстары аяқталды, төлқұжаттар алынып, олардың химиялық құрамы анықталды. Екі тегеурінді су мұнарасын монтаждау, құдықтарды құру, қосу камералары бойынша жұмыстар жүргізілді.

Көрсетілген кен орны және телім бойынша жерді қайта қалпына келтіру және қоршаған ортаны қорғау жобалары, электр берілісі, сутартқыш, ұңғыма желісінің өту алаңына топо-геодезиялық түсіру жасалды. Құрылыс алаңын шаруашылық-ауыз және техникалық су, магниттік өріс, радон, электрмагниттік сәуле шығару бойынша санитарлық-эпидемиялық қадағалау органдарынан оң нәтиже алынды.

Қоршаған ортаға шығарындының алдын-ала көлемінің жобасы дайындалды. Жобаның қоғамдық тыңдауы өтті.

«Ұныш» ӨК уақытша электрмен жабдықтау үшін ВЛ-10кВт құрылысы жүргізілуде. Қазіргі уақытта жоспарланған 8,5 шақырымнан 5 шақырымға Семиглавый Мар қосалқы стансасынан ВЛ-10кВт электр берілісі желісін темір бетон тіректері монтаждалды.

Жалпы ауданы 60 га болатын зауыт құрылыс алаңының тікелей жобаламасы аяқталды. Жоғарғы өсімді және құнарлы қабатының кесіндісі және оны уақытша сақтау орындарына қоймалау жүргізілді.

«JPPR» қытай компаниясымен цемент өндіру бойынша жабдықты дайындауға келісім жасалды. Жабдықты жеткізу мерзімі 2010 жылға жоспарланды.

Алматы қ. «ИНТранском» компаниясымен темір жол тораптар құрылысын жобалау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жобамен қатты отынды - компанияның өз меншігіне алынған Екібастұз көмір кесіндісінің көмірін пайдалану қарастырылады.

Сондықтан, құрылыстың бірінші кезеңінде зауытты газбен қамтамасыз ету мәселесі қарастырылмайды.

Зауытқа қуаты 50 мВт дейін электр энергиясын жеткізу  «KEGOС» АҚ 220/500 кВт  «Балаково - Орал (Степная)» желісі бойынша қамтамасыз ету жоспарлануда. Қазіргі уақытта «KEGOС» АҚ-мен электрмен қамтамасыз ету мәселесін келісу және техникалық шарттарды дайындау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жобаны жүзеге асыруда құрылыс кезеңінде 300 жұмыс орнын және пайдалануға беру кезінде 300 жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Жобаның жүзеге асырылуы «Орал цемент компаниясы» ЖШС өз қаражаты есебінен жүргізілуде. Осымен бірге, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-на қосымша қаржыландыруға өтінім жолданды, қазір қарастыруда жатыр.

«JPPR» қытай компаниясымен дайындалып жатқан жаңа жоба бойынша зауыттың электр энергиясына қажеттілік нақтылануда. «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ желісі бойынша қосымша қаржыландыруға мәселесін тездету қажет.

Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысы бойынша «Батыс» ӘКК» ҰК» АҚ желісі арқылы 2 жоба жүзеге асырылуда:

1. Батыс Қазақстан облысында куаттылығы 54 МВт газтурбиналық электрстансасының құрылысы

2008 жылдың сәуір айында Батыс Қазақстан облысының әкімшілігі, «Батыс» ӘКК ҰК АҚ, «Гидромаш-Орион» ИК және «ЖайықМұнай» ЖШС-мен «Батыс Қазақстан облысында куаттылығы 54 МВт газотурбиналық электростансасының құрылысы» бірлесіп іске асырылатын жоба бойынша 4 жақты меморандумға қол қойылды.

Жобаның бір міндеті Батыс Қазақстан облыс бойынша энергияның жетіспеушілігін жою, себебі 40-50 МВТ электрқуат Ресейден сатылып алынады. Орал қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша тұрақтырандыратын факторының бірі келешекте құрылыстар жүргізілетін аудандарының жылылық тапшылығы - 7-9 шағын аудандар.

Бұл жоба газтурбиналық электрстансасының құрылысы когенерациялық цикл үш газотурбиналық қондырғы 18 МВт-тан, жою қазандары жылылық қуатымен 25 Гкал/сағатты құрайды.

Бүгінгі күнде «Батыс» ӘКК ҰК АҚ-мен газтурбиналық электрстансасының құрылысына 2 га жер берілді.

«ЖайықМұнай» ЖШС-мен жыл сайын 150 млн. текше м. газ беруі туралы келісім шарт жасалды.

Газтурбиналық электрстансасы құрылысының нөлдік циклы бітті, негізгі корпустың құрылысы жүргізіліп жатыр.

«Батыс Қазақстан машина жасау компания» АҚ технологиялық  жабдықтар   бірінші бөлімі - құбырлы ауақыздырғыштары дайындалды, негізгі жабдықтарды жеткізуі бойынша ресей компаниялармен келісім шарт жасалды. Алдын-ала төлем жартылай төленді.

Газтурбиналық электрстансасынан Орал қаласының шағын аудандарына дейін электрберу желісін өткізу жөнінде жобалы-сметалық құжаттарды дайындау тендеры БҚО құрылыс басқармасымен 2008 жылдың желтоқсан айында өткізілді. Қазіргі кезде жобалы-сметалық құжаттарды дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Әрі қарай газтурбиналық электрстансасының құрылысы және газтурбиналық электрстансасынан Орал қаласының шағын аудандарына дейін электр беру желісін өткізу үшін қаражат мәселелерін шешу керек.

 

2. Теректі ауданының Пойма а. «Батыс Күнбағыс» АҚ «Күнбағыс майы шығару зауытының құрылысы»

Жобаның мақсаты - қуаты жылына 18,5 мың тонна май тұқымын қайта өңдеу және жылына 7,4 май шығымы тазартылған дезодорацияланған күнбағыс майын өндіру. Жоба құны 1,7 млрд. теңге. Жобаны жүзеге асыру ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру және қайта өңдеу бойынша кәсіпорындарды мемлекеттік қолдау шараларын қарастыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік агро азық-түлік бағдарламасына толық сәйкес келеді және келесілерді қамтамасыз етеді:

- экологиялық таза отандық өнімді нарыққа шығару;

- басқа аумақтардан өнімді жеткізу көлемін азайту;

- өсімдік майына бағаны төмендету;

- ауыл шаруашылық тауар өндірушілерден шикізатты сатып алу;

- ауылда 50 жаңа жұмыс орнын ашу.

Жобаның қатысушылары «Батыс Күнбағыс» АҚ және «Батыс» ӘКК» АҚ болып табылады.

«Батыс» ӘКК» АҚ 187 млн. теңге сомасында 24 % шамасында жай акциялар пакетін алу арқылы жобаны қаржыландыруды жүзеге асырады.

Жобалы-сметалық құжаттаманы дайындау үшін зауыт-өндірушілердің техникалық жағдайы алынып, бекітілді, қазіргі уақытта жобалық жұмыстар аяқталуда. Бүгінгі күні әкімшілік-тұрмыстық корпусқа, зертханаға, таразыға, тұқымды тазалау, құрғату және сақтау желісіне жобалы-сметалық құжаттама дайын. Пресстеу цехы, рафинациялау, дезодорациялау және тоңазыту цехы бойынша, дайын өнімдер қоймасының фундаменты және қабырғаларының жоспары алынды. Май өндіру, инженерлі желілер және аббаттандыру бойынша цехты жобалау аяқталу кезеңінде.

Sineko компаниясымен (Чехия Республикасы) құрылыс-монтаждық жұмыстарға келісім жасалды.

Әкімшілік-тұрмыстық кешен құрылысы жүргізілуде, бүгінге фундаменті дайын және цоколды қабат құрылысс аяқталды, зертхана және таразы құрылысы басталды. Қаржыландыру мәселесін шешуге шамамен 800 млн. теңге қажет.

Зауытқа Пойма қосалқы стансасынан жоғарғы вольтті (10 кВт) электр берілісі желісін тартудан құрылысқа техникалық шарттар алынды, жобалауға тапсырма берілді. Мәселе жұмыстану кезеңінде тұр.

Зауытты табиғи газбен қамсыздандырудың барлық мәселесі шешілді.

Келесі нысандарды қаржыландыру мәселесін шешу қажет:

Өндірістік цехтар- 270 млн.теңге.

Тұқымды тазалау, құрғату және сақтау желісі - 155 млн.теңге.

Әкімшілік-тұрмыстық корпус - 65 млн.теңге.

Зертхана - 15 млн.теңге.

Таразы - 14 млн.теңге.

Инженерлік желілер - 180 млн.теңге.

Аумақты аббаттандыру - 80 млн.теңге.

Жалпы шамамен 800 млн. теңге қажет.

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»