Облыс өнеркәсібінің дамуы

Өнеркәсіп

2017 жылдың қорытындысы бойынша облыстың өнеркәсіп дамуында оң үрдіс байқалады. Есептік кезеңде облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарымен 1,9  трлн.теңгеге өнім өндірілді, бұл өз кезегінде 2016 жылмен салыстырғанда 5,5 пайзға жоғары болып келеді және өсімге тау кен өнеркәсібі және өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемін арттыру есебінен қол жеткізілді.  

Есептік кезенде өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемін 1,6 пайзға арттыру жоспарлана отырып, 5,7 пайыз өсімге  келесі салаларда өндіріс көлемдерінің артуы есебінен қол жеткізілді:

химия өнеркәсібі саласында (2,0 есеге);

резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісі саласында (1,1 есеге);

дайын металл бұйымдары саласында (1,4-есеге);

металлургия саласында – 12,3 пайызға;

Жалпы, аталған салада  158,2 млрд. теңгеге өнім өндірілді.

Өңдеуші өнеркәсіпте жалпы қосылған құн көлемі 2017 жылдың қорытындысы бойынша 62,8 млрд.теңгені құрап, 3 пайызға артты.

Аталған салада қызмет ететін жұмысшылар саны 18,5 мың адамды құрап, 22,7% артты.

Алайда, 2017 жылдың 3 тоқсан қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібінде еңбек өнімділігі 11,8 мың АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,3%-ға төмендеді. Бұл өз кезегінде аталған салада адам санының бір шама артуына байланысты болып отыр.

2017 жылғы 11 ай қорытындысы бойынша экспорт көлемі 182,2 млн.АҚШ. долларын құрады және 20,2% артты. 

Өңдеу өнеркәсібі саласында негізгі үлес тағам өндірісі, машина жасау, мұнайды қайта өңдеу салаларына тиесілі.   

Машина жасау саласы кәсіпорындарымен 33,3 млрд.теңгеге өнім өндірілді.  Аталған салада физикалық индекс көлемі «Гидроприбор» ҒЗИ» АҚ негізінде мұнай-газ жабдықтарына, «Орал механикалық зауыты» ЖШС негізінде иінді білектерге тапсырыстардың жеткіліксіздігі салдарынан 70,7 пайызды құрады.  

Мұнайды өңдеу саласында сомасы 27,8 млрд. тенге немесе 2016 жылмен салыстырғанда 1,8 есе артық өнім өндірілді. Өсім «Конденсат» АҚ базасы аясында жанармай өндірісін енгізу арқылы қамтамасыз етілді. 2017 жылдың сәуір айында таза мұнай өнімдерін өндіруге мүмкіндік беретін вакумдық айдау секциясы пайдалануға берілді. Жылына 600 ден 850 мың тонна көмірсутектерін өңдейтін мұнай өңдеу зауытының қуатын арттыру  жобысын іске асыру бойынша жұмыстары аяқталды, дизель отынын гидротазалау  үшін бөлімдердің құрылысы жүргізілуде. Жалпы, кәсіпорын осы жобаларды іске асыру үшін 51 млрд. тенге (155 млн доллар) қаржы жұмсады.

Металлургия саласында 14,7 млрд. тенге сомасына өнім өндірілді, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 12,3 пайызға жоғары. Өсім «Казтрубпром» ЖШС негізінде сорғы компрессорлы құбырлар және «ОҚМЗ» ӨК негізінде шойыннан бұйымдар өндірісі көлемінің артуына байланысты қамтамасыз етілді.

Дайын металл бұйымдарының өндірісі 2016 жылмен салыстырғанда 38,3% артты,  өсім «Казармапром» ЖШС негізінде ұнтақтағыш шарлар өнімі көлемінің артуына байланысты қамтамасыз етілді және 12,2 млрд.тенгені құрады. 

Құрылыс индустриясы саласы кәсіпорындарымен 11,7 млрд. тенгеге өнім өндірілді. 2016 жылмен салыстырғанда «ЗККСМ» АҚ негізінде құрғақ құрылыс қосындысы және «Гидромаш-Орион-МЖБК» ЖШС негізінде тапсырыстың жеткіліксіздігіне байланысты бетондық тауарлар өндірісі көлемінің азаюы есебінен ФИК 92,9% құрады. Сонымен қатар, «Стройкомбинат» ЖШС негізінде темірбетон өнімдері және «ЗККСМ» АҚ негізінде силикат кірпіш өнімдерінің өндірістік көлемі артты.

Қазіргі уақытта ҚР 2015-2019 жылдарға арналған ИИДМБ аясында ұлттық кластерді дамыту бойынша жұмыстар атқарылуда. Осыған орай, 2016 жылғы 27 желтоқсандағы Ұлттық кластер кеңесінің хаттамасымен бекітілген «Мұнай-газ саласына арналған машина жасау» кіші кластерін дамыту бойынша жол картасы даярланып, жүзеге асырылу үстінде.  

 Кіші кластерді қалыптастыру, мемлекет, кластердан тыс ұйымдар және кіші кластер қатысушылары арасында тиімді байланыс орнату мақсатында «Орал» ӘКК» ҰК» АҚ  негізінде кіші кластердің басқару комитеті құрылды. 2017 жылы жылы кіші кластер қатысушыларының қарым қатынасын орнату бойынша ереже даярланды.

«Қазахстан Инжиниринг» ҰК» АҚ дивиденттік саясатына өзгерістер енгізу мәселесі өз шешімін тапты, осыған байланысты компанияның еншілес ұйымдарынан ұсталатын дивиденд көлемі компанияның инвестициялық комитетімен мақұлданған инвестициялық шығындарға байланысты белгіленеді. 

Облыс әкімдігінің ұсынысы бойынша орталық органдармен ASME және ANSI стандарттарын қолдану бойынша Американдық инженер механиктер ұйымы және Американдық ұлттық стандарттар институтымен келісім орнатылды.

2017 жылы 11-13 сәуір "Машзавод" машинажасау компанияларының Консорциумының басшылығымен өнеркәсіп кәсіпорындары Атырау Инвест Форумның жұмысына, 16-ші Солтүстік-Каспий аймақтық көрмесінің GlobalOil&GasAtyrau және Ұлттық кластерді дамыту мәселелері бойынша отырысана қатысты. Аталған отырыс аясында Атырау, Батыс Қазақстан және Манғыстау областары арасында  басқарушы комитеттерімен кластерлік дамыту жөніндегі меморандумға қол қойылды.

Жергілікті мазмұнды дамыту форумы аясында, 22 мамыр күні «КПО б.в.»,  Батыс Қазақстан облысы әкімдігі, «Орал» ӘКК» ҰК» АҚ және «Мұнай-газ өнеркәсібіне арналған машина жасау» кіші кластері қатысушылары  арасында меморандуға қол қойылды.

Ағымдағы жылдың 25 тамызында даму институттары, ірі жер қойнауын пайдаланушылардың қатысуымен «Мұнай-газ өнеркәсібіне арналған машина жасау» кіші кластерін дамыту бойынша Форумы өткізілді, Форум барысында «КазМұнайГаз» ҰК» АҚ және кластерлік дамудың басқарушы комитеті «Орал» ӘКК» ҰК» АҚ арасында «Мұнай-газ өнеркәсібіне арналған машина жасау» кіші кластері қатысушыларымен ынтымақтастығы бойынша меморандумға қол қойды.

Кіші кластердің қалыптасуы Консорциум аясында орнатылған кооперацияна арттыра түсуіне және басқа да кіші кластер қатысушыларымен жаңа технологияларды енгізуде байланысты нығайтуға өз септігін тигізеді күтілуде.   

Өндірісті жаңғырту үшін сала кәсіпорындары барлық шараларды қолданып келеді.

Мысалы, «Alageum Electric»  компаниялар тобына кіретін «Орал трансформатор зауыты» ЖШС 2016 жылы «АВВ» ЖШС швейцариялық компаниясының технологиясы бойынша электротехникалық құрылғыларды өндіруге бағытталған  «URAL ELECTRIC» ЖШС құрылды. Жобаның І кезеңі 2017 жылдың 1 тоқсанында енгізілді. Жоба Өңірлердің кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында жүзеге асырылды.

«Нуржанар» АҚ-мен 2017 жылдың ақпан айында сусындарды құю және өндіру бойынша желісі іске қосылды. 

«Конденсат» АҚ 2017 жылдың сәуір айында таза мұнай өнімдерін шығаруға мүмкіндік беретін вакумды қайда айдау секциясы пайдалануға берілді. Осымен бірге, кәсіпорын 850 мың тонна көмір сутектерін өндейтін мұнай өндеу зауытының қуатын арттыру жобасын іске асыру бойынша жұмысты аяқтады.  2018 жылдың  аяғында дизельдік отынды тазарту бойынша қондырғыны іске қоспақшы.

«Орал механикалық зауыты» ЖШС  санды бағдарламамен  басқарылатын автоматтандырылған желі тор қоршаулар енгізу  және иінді білікті шығаратын станоктарды жаңа технология мен жаңарту жоспарлануда.  

«Зенит» Орал зауыты» АҚ алдағы уақытты су сыймдылығы 720 тоннаны құрайтын 0310 «Бұлан» және өзге де жобаларды игеруге мүдделі, сонымен бірге, мұнай төгінділерін жинайтын, жиналған мұнайды тасымалдауға арналған барж жасау жоспарлануда. Осымен бірге,кәсіпорын негізінде ТШО, КПО және NCOC дамыту бағдарламаларына сәйкес сырғанамайтын тордан жасалған тосеніштердің санды бағдарламамен басқарылатын автоматтандырылған желісін енгізу жоспарлануда.

«Зениттехсервис» ЖШС-мен болашақта ұзындығы 10 метрден астам бұйымдарды ыстық мырыштау үшін цехын  ұйымдастыру жоспарлануда.

«ҒЗИ «Гидроприбор»АҚ жаңа жабдықтарды тарта отырып, металл мен құбырларды металлографиялық зерттейтін ғылыми-зерттеу лабораториясын құру жоспарланған. Осымен бірге, кәсіпорын батиметрикалық өлшеу үшін зерттеу кемелерін, су асты телевизиялық кешендерді (суасты құбыр жолдарын  тексеру) игеру жоспарлануда. 

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
IT Group Kazakhstan