Электроэнергия

Батыс Қазақстан облысының электр энергетикасы

Электр энергиясын тасымалдаумен «Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясы» АҚ (бұдан әрі - «Батыс Қазақстан ЭЖТК» АҚ), «Ақсайгазпромэнерго» АҚ және «Қуат-Энерго» ЖШС айналысады.
2016 жылы инвестициялық бағдарлама шеңберінде 258,031 млн. теңге сомасына жұмыстар орындалды, соның ішінде 220 млн. теңге - «Батыс Қазақстан ЭЖТК» АҚ, 38,031 млн. теңге - «Ақсайгазпромэнерго» АҚ.
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің БҚО бойынша департаменті 23.11.2015 жылғы №237-НҚ бұйрығымен «Батыс Қазақстан ЭЖТК» АҚ Батыс Қазақстан облысының тұтынушылары үшін электр энергиясын беру және тарату бойынша қызметтерге қолданыстағы тариф ҚҚС-сыз 1 кВт.сағ. үшін 5,02 теңге  көлемінде бекітілді.
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің БҚО бойынша департаментінің бұйрығына сәйкес «Ақсайгазпромэнерго» АҚ электр энергиясын беру және тарату бойынша қызметтерге қолданыстағы тарифі ҚҚС-сыз 1 кВт.сағ. үшін 2,07 теңгені құрайды, 2017 жылдың 1 мамырынан бастап ҚҚС-сыз 1 кВт.сағ. үшін 2,65 теңгені құрайтын болады.
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің БҚО бойынша департаментінің бұйрығына сәйкес «Қуат-Энерго» ЖШС электр энергиясын беру және тарату бойынша қызметтерге қолданыстағы тарифі ҚҚС-сыз 1 кВт.сағ. үшін 1,73 теңгені құрайды.
«Батыс Қазақстан ЭЖТК» АҚ электр беру желілері мен қосалқы станцияларының негізгі бөлігі ұзақ мерзімді қолданудан, өз уақытында жаңартылмауынан  айтарлықтай тозған. Орташа тозу 83% шамасын құрайды.
Жыл сайын «Батыс Қазақстан ЭЖТК» АҚ инвестициялық бағдарламасы шеңберінде негізгі құралдарды жаңғырту және жаңарту бойынша іс-шаралар қарастырылған, 2017 жылы жалпы ұзындығы 27,5 км электр желілерін қайта құрылымдау бойынша 312,916 млн. теңгені игеру жоспарланған, соның ішінде Орал қаласында 11,5 км, облыс аудандарында 16 км электр желілері, сонымен бірге 16 қосалқы станция және 34 трансформатор жаңғыртылатын болады.
2017 жылы жөндеу қорының жоспарына сәйкес барлығы 238,892 млн. теңге қарастырылған, соның ішінде Бөрлі, Жәнібек, Зеленов, Казталов, Қаратөбе, Тасқала, Шыңғырлау аудандарында жалпы ұзындығы 2593,15 км электр желілерін күрделі жөндеуге 213,725 млн. теңге жұмсау және 25,167 млн. теңгеге ағымдағы жөндеуді жүргізу жоспарланған.
Облыстың барлық аудандарында 305 дана кешенді трансформаторлық қосалқы станцияларды, Бөрлі және Тасқала аудандарында 21 қосалқы станциясында жабдықтарды және «Батыс Қазақстан ЭЖТК» АҚ қалалық бөлімшесінің трансформаторлық қосалқы станциясының 12 ғимаратында жөндеу жоспарланған.

«Ақсайгазпромэнерго» АҚ инвестициялық бағдарламасы шеңберінде негізгі құралдарды жаңғырту және жаңарту бойынша іс-шаралар қарастырылған, 2017 жылы жабдықты жөндеу және 2 қосалқы станцияны жаңғырту бойынша 120 млн. теңгені игеру жоспарланған.

Батыс Қазақстан облысында электр энергиясын өндірумен КПО б.в., «Жайықжылуқуат» АҚ, «Орал газотурбиналық электростанциясы» ЖШС, «Жайықмұнай» ЖШС және «Батыс Пауэр» ЖШС айналысады.
Электр станциялардың орнатылған электр қуаты 373,46 МВт, қолданыстағы қуаты 317,37 МВт құрайды.
Жыл сайын кәсіпорындармен жоспарлы алдын ала жөндеу шеңберінде негізгі құралдарды жөндеу жүргізілуде.

Электр энергиясын жабдықтаумен «Батыс Энергоресурсы» ЖШС, «Ақсайэнерго» ЖШС, «Оралэнергосбыт» ЖШС және «Адал» ЖШС айналысады.


Мемлекеттік реттеу бағалары белгіленген мұнай өнімдерін бөлетін өңірлік операторларды айқындау туралы

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»