Газдандыру

Облыстың елді мекендерін газдандыру

Қазіргі таңда  облыс тұрғындарының табиғи газбен қамтылуы  93,4% құрайды, яғни 593 мың адам немесе 275 АЕМ.
2016 жылы ауылдық елді мекендерді газдандыруға бюджеттен 1,9 млрд. теңге қаражат бөлініп, соның нәтижесінде 9 мыңға жуық тұрғыны бар және 15 АЕМ  сонын ішінде 58 әлуметтік нысан Сырым аудынында (10) және Шынгырлау аудынында (5) табиғи газбен қамтылды .     
2016 жылы облыс орталығы үшін стратегиялық маңызды болып табылатын БҚО Орал ЖЭО-на магистралдық және тартылған газқұбырының құрылысына бюджеттен 995,7 млн.теңге бөлініп толықтай игерілді.(РБ – 700,0 млн. тг, ЖБ – 295,7 млн. тг).
2016 жылы жалпы ұзындығы 110,96 шақырымды құрайтын газ құбыры салынды.
2017 жылы ауылдық елді мекендерді газдандыру жұмыстары одан әрі жалғасын тауып, Сырым, Каратөбе және Шынғырлау аудандарын газдындыру бойынша құрылыс жұмыстарын толықтай аяқтап, сонымен қатар 5 аудан бойынша 12,7 мың адам құрайтын 34 АЕМ газ құбырын жургізіп,жоғарыда аталған аудандардың 106 әлеуметтік нысанды көгілдір отынға қосу  жоспарлануда.
Ағымдағы жылы БҚО Орал ЖЭО-на магистралдық және тартылған газқұбырының құрылыс монтаждау жұмыстарын аяқтауға  республикалық бюджеттең 2,1 млрд. тенге бөлінді.
2017-2018 жылдың соңына дейін атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша газдандыру жұмыстары 93,4 пайыздан 95 пайызға дейін ілгерілеу күтілуде.

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
IT Group Kazakhstan