ТКШ жаңғырту

Күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектілерінің үлесі туралы мәліметтер

Кондоминиум объектісін басқару органдарының тұрғын үй қорын сақтау және тиісті пайдалану жөніндегі қызметін бақылау

Көп қабатты үйлердегі лифтілердің жай-күйі туралы мәліметтер

Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау  қағидаларын орындау туралы мәліметтер

Авариялық үйлердің саны туралы мәліметтер

Кондоминиум объектісін басқару және күтіп-ұстау бойынша және коммуналдық коммуналдық қызмет бойынша Бірыңғай есептеу орталығын 

Халыққа тұрғын үй көмегін көрсету туралы мәліметтер

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алған халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының санаттары 

Кезекте тұрған, санаттар бойынша халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтардың саны туралы мәліметтер

"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 67-бабының 2-тармағына сәйкес есепке қойылған, мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алуға 

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алуға кезекте тұрған азаматтардың саны туралы мәліметтер

Барлық бағыттар бойынша тұрғын үй алған кезектегілердің саны туралы мәлімет

Коммуналдық тұрғын үй қорынан жекешелендірілген және өтеусіз беру жолымен жеке меншікке алынған тұрғын үйдің саны туралы мәліметтер

Тұрғын үй қорынан пайдаланудағы (жалға алынған) тұрғын үйдің саны туралы мәліметтер

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын іске асырудың барысы, үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің қайтарымды қаражаты есебінен тұрғын үйлерді жөндеу туралы ақпарат

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын (Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын 


Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық басқармасы Орал қаласының және аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінен алынған мәліметтер бойынша келтірілген қосымшаға сәйкес сұратылған ақпаратты жолдайды.
Батыс Қазақстан облысында 98 тұрғын үй апатты деп танылған. Соның ішінде аудандар бөліндісінде:


Р/н

Аудан атауы

Апатты үйлер саны

Пәтер саны

Апатты үйлердегі тұрғындар саны

Меншік түрі

Қандай іс-шаралар қабылдануда

1

Ақжайық

6

15

44

жеке

Тұрғындар тұрғын үйге мұқтаждар кезегіне алынған

2

Бөкейордасы

1

1

3

жеке

Тұрғындар тұрғын үйге мұқтаждар кезегіне алынған

3

Бөрлі

2

2

5

жеке

Тұрғындар тұрғын үйге мұқтаждар кезегіне алынған

4

Жаңақала

-

-

-

-

 

5

Жәнібек

-

-

-

-

 

6

Зеленов

4

14

40

жеке

Тұрғындар тұрғын үйге мұқтаждар кезегіне алынған

7

Казталов

6

6

20

жеке

Тұрғындар тұрғын үйге мұқтаждар кезегіне алынған. 1 отбасына 2016 жылы тұрғын үй сатып алынған

8

Қаратөбе

16

22

72

жеке

Тұрғындар тұрғын үйге мұқтаждар кезегіне алынған. 3 тұрғын үй құрылысына жобалық– сметалық құжаттар дайындалған. Алайда тұрғын үй құрылысына қаражат болмай отыр.

9

Сырым

18

18

63

 

Тұрғындар тұрғын үйге мұқтаждар кезегіне алынған

10

Тасқала

-

-

-

-

 

11

Теректі

-

-

-

-

 

12

Шыңғырлау

2

9

26

Кондоминиум-1, жеке -2

1 тұрғын үйдің тұрғындарына тұрғын үйлер сатып алынған.

13

Орал қ.

43

387

1533

жеке

Бұл мәселені мемлекеттік-жекеменшік серіктестік пилоттық жобасы арқылы шешу жоспарланған.

 

Барлығы:

98

474

1 806

 

 

Қазіргі таңда апатты үйлер мәселесін шешу бойынша арнайы бағдарламалар қарастырылмаған. Облыс аудандарында қаражат тапшылығы себепті, апатты үйлердің орнына жаңа тұрғын үйлер салуға жағдай болмай отыр. Мысалы, Қаратөбе ауданында апатты деп танылған тұрғын үйлердің тұрғындарын тұрғын үймен қамту үшін аудан әкімдігімен алдын алу шараларын іске  асыру мақсатында 2012 жылы 4 пәтерлі 3 тұрғын үй құрылысына жобалық– сметалық құжаттар дайындалған, 2014 жылы инженерлік коммуникациялар тартылып, құрылыс алаңы даярланып, қазіргі уақытта  құны  69280,0  мың теңге болатын  4 пәтерлі 3 тұрғын үй құрылысына жобалық – сметалық құжаттары жасақталған, алайда қаражат көзінің болмауына байланысты бұл жобалар жүзеге аспай отыр.
Сондықтан, апатты үйлер тұрғындары Қазақстан Ресубликасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының аясында тұрғын үйге мұқтаждар кезегіне алынумен шектелуде.
Апатты үйлер мәселесін мемлекеттік-жекеменшік серіктестік пилоттық жобасы арқылы шешу көзделген. Жоба аясында үш жақты келісімшарт жасалады: құрылыс компаниясы, тұрғындар және жергілікті атқарушы орган. Жергілікті атқарушы орган құрылыс компаниясына жер учаскесін ұсынып, инженерлік желілер тартады.
Бағдарлама аясында апатты үйлер бұзылып, орнына көпқабатты үйлер салынады, бұзылған үйдің тұрғындарына пәтерлерінің шаршы алаңына сәйкес жаңа пәтер беріледі.
Қалада аталған бағдарлама аясында 4 апатты үй бұзылып, қазіргі уақытта Деповская №18 үй орнында 90-пәтерлік үй, 2ой км көшесіндегі
№ 20,21,22 нөмірлі 3 үйдің орнына 135-пәтерлік үй салынуда. Тапсырыс беруші Орал қаласының құрылыс бөлімі, үйлердің құрылысының  мердігерлері «Болашақ» ЖШС және «СВ плюс» ЖШС.
Бүгінгі таңда қала бойынша 200 астам ескі және 42 апатты тұрғын үй бар. Ескі және апатты деп танылған тұрғын үйлерді шешу бірден-бір жолы мелекеттік жеке меншік серіктестігі жобасы (әрі қарай-жоба) арқылы жүзеге асыру болып табылады. Аталған жоба арқылы ескі және апатты үйлердің орнына жаңа үйлер салу арқылы қаланың келбетін көркейтіп, сонымен қатар тұрғындарға қауіпсіз және қолайлы жағдай туғызу басты мақсат болып саналады.
Қазіргі таңда ағымдағы жылға жоспарланған Орал қаласындағы Гагарин көшесі, 1 үйді бұзу жұмыстары басталып, үй тұрғындары Орал қаласы, Көктем шағынауданы, М.Мөңкеұлы көшесі, 85/2 үйге уақытша көшірілді. Сондай-ақ, ағымдағы жылы Құрманғазы көшесі, 198 үйді аталған жоба аясында бұзылып, орнына көп қабатты тұрғын үй тұрғызу жоспарланып отыр.


«ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ» бағдарламасының жүргізілуі
(2011-2016 жж жөнделген КПТҮ саны, тозуы % )

р/с

Аудандар атауы

КПТҮ саны

Жөндеуді қажет ететін КПТҮ саны

%

Жөнделген үйлер саны

Жылдар бөлінісінде

 

 

 

 

 

 

2011

2012

2013

2014

2015

2016

1

Ақжайық ауданы

66

55

 

11

-

-

2

3

6

-

2

Бөкейордасы ауданы

16

11

 

5

-

-

-

5

-

-

3

Бөрлі ауданы

125

107

 

11

-

-

-

7

4

-

4

Жаңақала ауданы

40

15

 

25

-

15

10

-

-

-

5

Жәнібек ауданы

19

0

 

5

-

-

1

4

-

-

6

Зеленов ауданы

160

117

 

33

-

29

-

-

2

1

7

Казталов ауданы

78

70

 

8

-

-

4

-

4

-

8

Қаратөбе ауданы

7

4

 

3

-

-

1

-

1

1

9

Сырым ауданы

13

1

 

8

-

-

6

-

2

-

10

Тасқала ауданы

41

36

 

5

-

-

3

-

2

-

11

Теректі ауданы

41

35

 

6

-

-

-

6

-

-

12

Шыңғырлау ауданы

33

13

 

25

-

20

-

-

5

-

13

Орал қаласы

1187

1018

 

76

30

22

-

15

8

1

 

Барлығы

1826

1480

 

219

30

86

27

40

33

3


АҚПАРАТТЫҚ-АНЫҚТАМАЛЫҚ МАТЕРИАЛ

Тарифті қалыптастырудың маңызды бағыттары

Коммуналдық қызмет көрсетулерге электр, жылу, газ, сумен жабдықтау және су бұрғыш (кәріз жүйесі) тарифтерді бекіту Қазақстан Республикасында нарықтағы табиғи монополиялар және реттеу туралы заңнамалар талаптарына сәйкес қатаң жүзеге асырылады.

Осы заңнамалар субъект-доминанттардың баға белгілеу және табиғи монополиялар саласында субъектілердің қызметін бақылау және реттеуді қарастырады, сонымен қатар субъектілер мен тұтынушылар мүдделерінің теңгерім жетістіктеріне бағытталған.

Субъектілердің қызмет көрсетулеріне тарифті бекіту тәртібінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін ҚР Табиғи мнополияларды реттеу агенттігі  тарифтерге өзгерістер енгізу өтінімін қарастыру кезінде тәуелсіз сарапшылар, тұтынушылар және олардың қоғамдық бірлестіктерін тарта отырып, тарифтік жобаларға сараптама жүргізеді. Сонымен қатар, тарифтік саясат саласында тұтынушылар құқығын қорғау жүйесін күшейту мақсатында, субъектінің қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету жолымен алдын ала БАҚ-та жарияланған ақпарат бойынша  міндетті түрде көпшілік тыңдауды жүргізеді. Көпшілік тыңдауға қатысу әрбір тұтынушының құқы болып табылады.

Тарифті бекіту кезінде тарифтің негізсіз өсуіне жол бермеу және тарифті қалыптастыру кезінде ескерілетін шығындар бабы мен деңгей бойынша бірқатар шектеулерден тұратын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібі туралы Ереже қолданылады.

Коммуналдық қызмет көрсетулерге тарифтер әлемдік және ішкі нарықтарда жинақталған көптеген факторларға тәуелді. Тарифтердің деңгейі отынның (газ, көмір, мазут), ЖЖМ, қосалқы бөлшектер, жөндеу жұмыстарына тәуелді. 

Аталған тауарларға бағалар және қызмет көрсетулер бәсекелестік ортада қалыптастырылады.

Электр энергияға бағаның өзгеруінің басты себебі   электр энергиясы өндірісіне  тарифтің өсуі болып табылады.  Тарифтегі дәл осы өндіріске  инвестиция жасаушысы  салынған.

Сумен жабдықтау және кәріз құбырларына қызмет көрсетуге тарифтің өсу себептері,  негізінде,  30% аса өзіндік құнын құрайтын электр энергиясының құнының өсуі, жөндеу жұмыстарын жүргізуге кететін шығындардың, химиялық реагенттердің және материалдардың   құнының өсуі, негізгі қаражатты қайта бағалау нәтижелерін  қосқанда және т.б. болып табылады.

Бұдан басқа, тарифке  сумен жабдықтау жүйесін қайта құру мен жаңғыртуға бағытталған инвестициялық бағдарламаларды іске асыру да ықпалын тигізеді.

Жылумен жабдықтауға тарифтің өсуінің басты себебі  отын құнының өсуі болып табылады. Тариф құрылымындағы шығындардың жылу энергиясы өндірісіндегі  негізгі үлесі50-70% жететін нақ осы отын құны құрайды.

Республиканың бірқатар аймақтары (Қазақстанның оңтүстігі және Қостанай обылысы) отын ретінде шеттен, яғни Өзбекстан Республикасы мен Ресейден әкелінетін газды пайдаланатынын атап өту қажет. Жылумен жабдықтау тарифтеріне  ЖЖМ, жөндеу жұмыстары мен қосалқы бөлшектер құны әсер етеді.

Газбен жабдықтаудағы қызмет көрсетулерге бағаның өсуінің басты себебі  сатып алынатын газ құнының өзгеруі, сонымен қатар таратып тұратын желілер бойынша газ тасымалдауға тарифтердің өзгеруі болып табылады.

ТКШ саласындағы мемлекеттік саясат

Мамандардың есептеуінше, кәдуілгі ғимараттағы 70% дейінгі жылу шығынын  есіктер мен терезелер «қамтамасыз етеді».  30% дейінгі жылу қабырғалар мен  шатырлар арқылы  жоғалады. Қорытындысында: Қазақстанда бір шаршы метр алаңды жылытуға төрт еседен артық отынды талап етеді, ал Финляндия сияқты суық елде : жылына  240 қарсы 82 кВт/ш.м.

Қазақстанның жекелеген аймақтарындағы жылумен және ыстық сумен жабдықтау жүйесіне кететін энергияның жалпы шығыны 40% дейін.

 Жылумен жабдықтау секторындағы қуат үнемдеу әлеуеті және жылуды тұтыну сарапшылардың бағалауы бойынша 20% кем емес құрайды және 32% ресурсты үнемдеудің жалпы әлеуеті тұтастай алғанда ТКШ-на тиесілі болады.

ТКШ жаңғыртуды жүргізу қажеттілігінің тағы бір шарты кей жерлерде 70-80% жететін жабдықтар мен желілердің жоғары деңгейдегі тозуы, ескірген технологиялар, әлеуметтік-бағдарланған тарифтер және ТКШ жобаларын жеткіліксіз қаржыландыру, ТКШ істерінің жағдайы болып табылады. Осы жағдай кеңес өкіметі кеңістігіндегі  көптеген елдерде де бақылануда.

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметі бойынша 50,1 млн. ш.м немесе 32% тұрғын үй  қоры  шұғыл күрделі жөндеуді қажет етеді, атап айтқанда: үйдің алды, шатыры, қабырға панелдері, балкондар, кіреберістердің жапсарласқан жерлеріндегі саңылаулар, сонымен қатар орталық жылу жүйесін, ыстық және суық сумен жабдықтау, кәріз құбырлары.

Бұл өмірлік маңызды саланың реформалау қажеттілігін түсіне отырып, Қазақстан республикасының Үкіметі Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес 2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасын және 2011-2020 жылдарға арналған (ТКШ жаңғырту  бағдарламасы) Қазақстан Республикасының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасын  қабылдады және ол іске асырылуда.

2011-2020 жылдарға арналған тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасында сандық және сапалыққа бөлінетін мақсатты көрсеткіштер қарастырылған.

2020 жылға қарай 81 мың км. аса  су, жылу, электр және газбен жабдықтау желілерін жаңғырту  жоспарлануда, осы көлемнен   2015 жылға қарай  31 мың км. желі жаңғыртылатын болады, оның ішінде: ТКШ жаңғырту бағдарламасы бойынша – 24,4 мың км, «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша - 6,7 мың км. Күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум нысанының үлесін 2020 жылға қарай 10 пайызға дейін  төмендету ұсынылды, ал 2015 жылға қарай 32 ден 22–і   пайызға  дейін төмендетіледі.

Сапалы көрсеткіштерге келесі көрсеткіштер жатады «2015 жылға қарай 50 пайыздан кем емес тұтынушылар елдің әрбір аймағында сапалы қызмет көрсетумен қанағаттандырылады», «тұрғын үй қорын нормативті пайдалануды өздігінен қамтамасыз ететін нысандар үлесі» 2015 жылға қарай 80% құрауға міндетті.

Өткен жылдардың қателіктерін ескере отырып, Бағдарлама аясында «тиімді жекеменшіктенушіні» қалыптастыруға ерекше көңіл аударуда.  

Мемлекет Басшысы атап өткендей «пәтер иелері үйлерді басқару үдерісіне нақты қатысуы және осы Бағдарламаның пайдасын нақты сезінуі қажет».   Сондықтан 2012 жылдың сәуірінде және 2013 жылғы ақпанында 2011-2020 жылдарға арналған  ТКШ жаңғырту Бағдарламасына түзетулер енгізілген болатын, атап айтқанда:

1) 2013 жылдан бастап мамандандырылған өкілетті ұйымдардың  трансферттеріне  ауысу жолдарының екі тетігін біріктіру;

2) меншіктенушілердің алдын ала жинағының үдемелі көлемін  бекіту:

2013 жылдан бастап – 3%;

2014 жылдан бастап – 5%;

2015 жылдан бастап – 7%.

3) Табысы аз отбасылар (азаматтар) үшін үйдің (пәтердің) пайдалы алаңының 1ш.м. үшін атқарылған жұмыс үшін төлем мөлшері айына АЕТ-ң 5 % аспауға міндетті. Көмек коммуналдық қызмет көрсетулер шығындары осы мақсаттағы отбасылардың  шекті мүмкін шығындар ( орташа айлық кірістің 8% ) үлесінен асып түсетін, меншіктенушінің атында тек қана бір пәтер тіркелген жағдайда көрсетіледі.

Пәтер меншіктенушілерінің қатысуын жандандыру мақсатында жұмыс түрін таңдауда және жөндеу жұмыстарын жүргізудің құнын арзандатуды таңдауда пәтер меншіктенушілерге бағдарлы құны көрсетілген жөндеу жұмыстарының түрлері ұсынылады.

Бірінші түрі «Жертөле», өзіне жалпы үйдің жылу, электр, сумен жабдықтау  суды бұру желілерін жөндеу, жалпы үйлік жылу энергиясын есептегіш құралын және сыртқы және ішкі ауа температурасына тәуелді жылуды тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйесін орнату, қуат үнемдегіш жарықтандыруды жүргізу, қабырғаларды, төбені және жертөле  еденін  жөндеу  бойынша жұмыстарды қосады.

Екінші түрі «Кіреберіс» өзіне энергияны үнемдеуші кіреберіс терезелері мен есіктерді орнату, кіреберісті жөндеу, домофон, пошта жәшіктерін орнату және кіреберістің басқа да жабдықтарын қоса алады.

Үшінші түрі «Шатыр» өзіне энергия үнемдеуші материалдармен шатырды жөндеу және жылытуды қоса алады, бұл кезде шатырдың құрылысы тігінен еңіске өзгеруі мүмкін.

Төртінші түрі  «Қасбеті» өзіне қасбетті жөндеу және жылытуды қоса алады, тұрғын үйдің сыртқы түрі өзгереді.

Бесінші түрі «Лифт» өзіне лифтлерді және лифті жабдықтарын ауыстыру не жөндеуді қоса алады.

Алтыншы түрі «Ағымдағы жөндеу» өзіне ғимараттың құрылысы мен жекелеген элементтерін таңдалынып алынған ағымдағы жөндеуін қоса алады.

Осындай әдіспен, пәтердің (үйдің) меншіктенушілері өздері тұрғын үйдің күйінен шығатын пакетті таңдауға мүмкіндік береді.

 

Маңызды факторлардың тағы бірі көп қабатты тұрғын үйге инновациялық технологияны енгізу болып табылады, басты артықшылығы болып табылатыны келесі:

1. Энергоресурстарды үнемдеу:

Пәтерлік энергоресурстарды есепке алу тұрғындарға шығындарды оңтайландыруға мүмкіндік береді, ал жалпы үйлік есепке алу тұтынудың жалпы теңгерімін шығаруға мүмкіндік береді. Кез келген жағдайда, есепке алу энергоресурстарды тұтынудың көлемін талдауға мүмкіндік береді және үнемдеудің маңызды құралы ретінде қызмет етеді. Үйге тиесілі аумақты және кіреберісті жарықтандыруды басқару тәулік уақытына байланысты және адамдардың қатысуы электр энергияны 80% дейін үнемдеуге мүмкіндік береді. Жылдық есепке алу торабын орнатқан жағдайда, жылу тасушыдағы температураны реттеу есебіндеэлектрмен жабдықтаудағы үнемдеуді  60% дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

2. Мүмкін апаттардың салдарын қалпына келтірудегі үнемдеу.

Шұғыл назарда ұстау және апатты жағдайларды уақытында жою, газдың кемуі, судың  ағуы, түтіндену, өрт және т.б. тұрғындар сияқты , компаниялар басқарушыларына да апаттың салдарын қалпына келтіру аз қаржы емес, диспетчерлендіру жүйесін орнату шығындарымен салыстыруға келмейді.

3. Пайдалану шығындарындағы үнемдеу.

Диспетчерлендіру үйді пайдалану және қызмет көрсету бойынша мамандардың ең аз штатын ұстауға мүмкіндік береді: электршілер, санитарлық техниктер, және т.басқалар. Апатты жағдайлар диспетчердің шұғыл бақылауында болады, апаттың дәл сипаты анықталады.

4. Қауіпсіздік.

Өзін және өз отбасын қауіпсіздендіру, өз мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету пәтерді таңдау кезіндегі ең маңызды басымдықтардың бірі болып табылады. Сондықтан  үйді бейне бақылау жүйесімен, бақылаудың қол жетімділігі, диспетчерлік пунктке шығатын дабыл сигналын беру құралымен жабдықтау тұрғындарды қауіпсіз екендігін сезінуге мүмкіндік береді, ал үй үй қосымша инвистициялық қызығушылыққа ие болады.

 

Мысал:

Жылуды есепке алу құралын және автоматтандырылған жылу пунктін  орнатқаннан кейін жылу беру кезеңінде жылуға және ыстық суға төлемдер бірнеше ретке азайған.

2012 жылы Астанадағы Күйші Дина көшесіндегі 37 үйге ТКШ жаңғырту бағдарламасы бойынша жөндеуден өткізілді, нәтиже айқын. Стандартқа сәйкес үш бөлмелі пәтерге(58,8 ш.м.) жөндеуден кейін тарифтің төмендегенін көрсететін келесі мәліметтер ұсынылған.

14    

         

Халықаралық тәжірибе

Нарықтық экономикасы дамыған елдерде мемлекеттік және жеке секторлар аясында тұрғын үй - коммуналдық қызметін ұйымдастыруда мол тәжірибе жинақталған.

Көп пәтерлі үйлерді басқару бойынша Шығыс Еуропа елдерінің тәжірибелері көрсеткендей, үй жайды меншіктенушілері Тұрғын үй меншіктенушілері серіктестігімен бірігеді (ТМС-қазақстандық КСК ұқсас) және тұрғын үйді пайдалану мен ұстап тұрумен байланысты жұмыстардың барлық түрін атқаратын кәсіби сервистік компанияларды конкурстық негізде қызықтырады. Қызмет көрсетудің сапасын қанағаттандырмаған жағайда басқа сервистік компанияны тарту туралы шешім қабылдайды.

Әлемдік тәжірибедегі аса нәтижелі тәжірибе, ТКШ саласындағы мемлекеттік –жеке серіктестіктің (бұдан әрі-МЖС) үлгісі жоғары деңгейдеі дамуы мен кеңінен қолданылуы ереже сияқты, жоғары дамыған елдерде Батыс Еуропа және Солтүстік Америкада  бақылануда.   Келешекті экономикалық көшбасшыларға қатысты(Қытай, Үндістан, Ресей, Бразиля және басқалар), сонымен қатар кеңестік кезеңдегі көптеген елдер, олар әзірге МЖС үлгілерінің дамуының сатылары бойынша және қолданудың  кеңдігі бойынша да едәуір артта  қалуда.

Шетелдік тәжірибе  тұрғын үй –коммуналды саладағы МЖС–ң дамуының келесі бағыттарын көрсетеді.

· тұрғын үй қорын ұйымдастыру және пайдалану (Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания, Бельгия, Нидерланд, Швеция, Аустрия);

· халыққа тұрмыстық қызмет көрсету: жөндеу қызмет көрсетуін, аула аумағын көріктендіру, тұрмыстық қалдықтарды жинау, қайта өңдеу және жою (Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания, Франция, Германия, Жапония, Канада, Швеция, Аустрия);

· аббаттандыру, жинау жұмыстары (Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания, Аустрия, Германия, Бельгия, Канада);

· көліктік қызмет көрсету (Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания, Швеция, Аустрия, Франция);

· жолдарды жөндеу және күтіп ұстау (Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания, Аустрия, Франция, Италия, Бельгия, Латын Америка елдері).

Дамыған мемлекеттердегі коммуналды инфрақұрылымдарды мемлекеттік реттеу ТКШ саласының осы немесе басқа да тұтынушылықтың ерекшеліктеріне ықпал етумен терең дамуына ұшырағандығына назар аудару қажет. 

Осы елдердегі  қабылданған мемлекеттік бағдарламалар тұрғын үйді жалға алушылар мен меншіктенушілерді, жергілікті билік органдарын қызықтыру жолымен тұрғын үй қорының энерготиімділігін арттыруға мақсатталған.

452

52

521

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»