Жолаушылар тасымалдау

2017 жыл бойынша Батыс Қазақстан облысында
жолаушылар тасымалы жөнінде ақпарат

    Автомобиль көлігі.

Қазіргі уақытта  облыста 5 халықаралық (Самара,  Орынбор, Тольятти, Саратов, Бузулук), 2 облысаралық (Атырау, Ақтөбе), 33 қалалық, 34  облысішілік тұрақты автобус маршруттары жұмыс жасайды. Тұрақты автобус маршруттарына 13 тасымалдаушы-кәсіпорын  қызмет көрсетеді.
Орал қаласында 26 такси компаниялар қызмет етеді.
Аудандарда жолаушыларға қызмет көрсету пункттерін және такси тұрақтарын ұйымдастыру жоспарлануда.
2017 жылдың сәуіріндеавтобус маршруттары бойынша конкурс өткізілді.
Конкурс нәтижесі бойынша 1 маршрут ойнатылды.

    Темір  жол көлігі.

Біздің облыс арқылы «Алматы – Москва» халықаралық жолаушылар пойызы, облысаралық қатынастағы «Орал - Астана», «Орал – Алматы», «Орал  - Ақтөбе» және «Орал – Озинки», «Орал – Шыңғырлау» екі ауданаралық пойызы  өтеді.
2017 жылдың 4 ай қорытындысы бойынша «Орал – Озинки» және «Орал-Шыңғырлау» ауданаралық пойыздар арқылы 27 200 жолаушылар тасымалданған.
2017 жылы әлеуметтік маңызы бар қаламаңы  пойыздарын субсидиялау жалғасын табады, бюджеттен 156,0 млн.теңге бөлінді.
2017 жылдың 1 маусымынан бастап ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандырылған көрмесі кезеніңде тақ күндерінде 8 вагоннан құрайтын қосымша «Орал-Астана» пойызын шығарылуы жоспарланған.

   Әуе көлігі.

Қазіргі уақытта  Орал қаласы арқылы  4 әуе компания  жұмыс жасап келеді: «Эйр Астана» АҚ (Астана  және Алматы қалаларына), «Бек Эйр» ЖШС (Астана  және Алматы қалаларына), «Қазақ Эйр» АҚ (Атырау қаласына), «СКАТ» АҚ (Ақтау қаласына).
2016 жылдан бастап әуе маршруттар дамып келеді, саны көбейді, 2016 жылы қосымша 2 маршрут Орал-Ақтау және Орал-Атырау қызмет көрсете бастады.
Ағымдағы жылы «Орал-Анталия», «Орал-Амстердам»  және «Мәскеу-Орал» әуе маршруттары ашылды.

 

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
IT Group Kazakhstan