Жолдар

(14.07.2017)

Батыс Қазақстан облысының облыстық маңызы бар автомобиль жолдары туралы
АНЫҚТАМА

Автомобиль жолдары.

Облыс бойынша автомобиль жолдарының ұзындығы  6 530,1 шқ, соның ішінде республикалық маңызы бар автожолдар 1 392,55 шқ, облыстық және аудандық маңызы бар автожолдар 5 137,55 шқ құрайды.

2016 жылда республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының желісін жөндеу және күтіп ұстауға барлығы 10,8 млрд. теңге бөлінді.
Осы қаражатқа «Орал-Тасқала-РФ шек» 28,1 шқ, «Чапаев-Жалпақтал-Казталов-РФ шек» 18 шқ, «Казталов-Жәнібек-РФ шек» 10,6 шқ, «Орал-Атырау» 39 шқ автожол телімдерінде жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Жылдың қорытындысы бойынша 96 шқ жөнделді.

Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының желісін жөндеу және күтіп ұстауға барлығы 5978,6 млн. теңге бөлінді.
Осы қаражатқа «Чапаев-Жаңақала-Сайқын 36-76 шқ», «Ақсай-Шыңғырлау 0-51 шқ», «Анқаты-Сарыөмір 0-23 шқ», «Жымпиты-Каратөбе 0-55 шқ», «Орал-Кирсаново 1-48 шқ» және «Бұлдырты ауылына кірме жолы 0-12 шқ» автожол телімдерінде жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, «Қарашығанақ петролеум оперейтинг б.в.» компаниясының басшылығымен және құрылтайшыларымен келіссөзден кейін, Бөрлі-Ақсай-Жымпиты 0-38 шқ жол телімін орташа жөндеу мәселесі шешілді. 2015 жылы 14 шқ жөнделіп, қалған 24 шқ автожол телімі 2016 жылы толығымен аяқталды.
2016 жылдың қорытындысы бойынша 145,5 шқ жөнделді.

2017 жылы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуге және күтіп ұстауға барлығы 15,1 млрд. теңге бөлінген.
Осы қаражатқа «Орал-Тасқала-РФ шек» 4-104 шқ (55 шқ), «Чапаев-Жалпақтал-Казталов-РФ шек» 97-157 шқ (12,63 шқ), «Казталов-Жәнібек-РФ шек» 137-157 шқ (9,4 шқ), «РФ шек (Самараға) – Шымкент» 490-526 шқ (36 шқ), «Орал-Атырау» 27-108 шқ (81 шқ) автожолдар телімдерінде жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
2017 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 209 шқ жөндеу жоспарлануда.

Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуге және күтіп ұстауға барлығы 6 629,96 млн. теңге бөлінген.
Осы қаражатқа «Бөрлі-Ақсай-Жымпиты» 38-53 шақ  (7 шқ), 53-68 (7 шқ) автожол телімдерінде қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.
«Чапаев-Жаңақала-Сайқын» автожолында 36-76 шақ (ағымдағы жылда 16 шқ) телімін орташа жөндеу жұмыстары жалғастыруда және 0-36 шқ телімінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Телімдерді аяқтау ағымдағы жылда жоспарланған.
Сонымен қатар, 2015 жылы басталған «Орал-Кирсаново» 1-48 шқ автожол телімін орташа жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарлануда.
«Барбастау-Ақжайық-Индер» 0-43 шқ автожол телімінің қазіргі асфальтобетонды жамылғысын сақтау үшін орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
«Үлкен Шаған-Переметное-Вечный» 0-32 шқ автожолын күрделі жөндеу. Жөндеу жұмыстарын Үлкен Шаған ауылынан бастау жоспарлануда. 2017 жылы бөлінген қаражатқа 2 шақ жөнделеді, 2018 жылы аяқтау жоспарлануда. Аталған автожол екі республикалық маңызы бар «Орал-Атырау» және «Орал-Тасқала-РФ шек (Озинкиге)» автожолдарын қосады.
2017 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 126 шқ жөндеу жоспарлануда.

Орал қаласының автожолдарын жөндеу және күтіп ұстауға 10,2 млрд.теңге бөлінді, осы қаражатқа 75,3 шқ жөндеу жоспарлануда.

Облыс аудандарының автомобиль жолдарын жөндеу және күтіп ұстауға 6,6 млрд.теңге бөлінді. Осы қаражатқа 90,3 шқ жөндеу жоспарлануда.

 

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
IT Group Kazakhstan