Қалалық қоғамдық көліктің жұмысы

Бүгінгі танда жолаушы және багаж тасымалын 35 маршрут бойынша 7 тасымалдаушы жүзеге асырады. Бұл 35 маршрутта 492 көлік құралы жұмыс жасайды, соның ішінде 308 автобус және 184 шағынавтобустар. Былтырғы  жылмен салыстырғанда автобустардың азаюы және шағынавтобустардың көбеюі байқалады.

 Қазіргі танда қалалық маршруттар өтетін көшелерде 445 аялдама пункті бар. Соның 102-і аялдама павильондарымен жарақталған, 91-іне шағын дүкен тұрғызылған. 2009 жылы қаланың орталық көшесінде қолдан соғылып жасалған 4 аялдама павильоны және маршруттардың ақпараттық көрсеткіші орнатылған 8 соңғы үлгідегі аялдама павильондары тұрғызылды. Биылғы жылы 8 аялдама павильонының құрылысы аяқталатын болады.

Өткен жылы такси қызметін реттеу бойынша жұмыстар басталды. Бұл мақсатта қала бойынша шамамен 35 такси тұрағы анықталды. Таяуда бұл жерлерді жол айрықтары мен белгілер бойынша жұмыстар басталады. Бұның барлығы автомобиль көлігі заңнамасына өзгерістер енгізілуіне байланысты. Заң аясында қызмет жасайтын барлық таксилер екі жақ бүйірінде таксидің атауы көрсетілген сары жолақтармен рәсімделуі тиіс. Бұл біріншіден жолаушы тасымалы қауіпсіздігін жоғарлатуға септігін тигізеді, себебі желіге шығар алдында әр такси техникалық байқаудан, ал жүргізуші медициналық тексеруден өтеді. Екіншіден қала көшелерінде  медициналық және техникалық тексерістен өтпейтін, «пират» деп атап жүрген заңсыз такси қызметімен күресуге жол ашатын болады.

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
IT Group Kazakhstan