Сумен жабдықтау

2016 жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында бюджеттік несиелеу механизмі арқылы Ұлттық Қор қаражаты есебінен Орал қаласындағы сумен жабдықтау және су бұру желілерін қайта құрылымдау бойынша 7 жобаға 1 529,9 млн.теңге бағытталды.
Бөлінген қаражатқа Орал қаласының  9,77 км сумен жабдықтау және 4,0 км су бұру желілері қайта құрылымдалды.
Сонымен қатар, Ақсай қаласында жалпы сомасы 649,1 млн.теңгеге ұзындығы 2,71 км құрайтын Бестау бас тоғанын қайта құрылымдау бойынша 1 жоба жүзеге асырылуда.
Бағдарлама аясында жобаларды жүзеге асыру барысында 2016 жылдың қорытындысы бойынша Орал қаласының сумен жабдықтау желілерінің тозуы 67,6%-дан 63,6%-ға, сондай-ақ, су бұру желілерінің тозуы 66,6%-дан 63,5%-ға кеміді.
Ағымдағы жылы аталмыш мемлекеттік бағдарлама аясында облысымыздың 4 ауданында (Ақжайық, Бөрлі, Зеленов, Сырым) жалпы ұзындығы185,7 км құрайтын сумен жабдықтау желілерін қайта құрылымдау бойынша 8 жобаны жүзеге асыруға Ұлттық Қордан 1 919,2 млн.теңге бөлінді.
Бүгінгі күні аталған жобалар бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері аяқталды.  

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»