Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау

Батыс Қазақстан облысының тұрғындарына, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорын басшыларына үндеу

Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясатын іске асыратын мемлекеттік мекеме ретінде облыс тұрғындарына, мемлекеттік мекемелердің, кәсіпорындардың басшыларына күнделікті өмірде көгалдандыру, қоршаған ортаның ластануы секілді экологиялық сұрақтарға назар аударуы жөнінде үндеу жариялайды.       
         1. Елді мекендерді көгалдандыру.


Қалалар мен елді мекендердің ауасын тазартудың бірден бір көзі – жасыл желектер жүйесін дамыту болып табылады. Ағаштар ауаны оттегімен қанықтырып, оны зиян қоспалардан тазартады, температура режиміне әсерін тигізеді, қатты желден қорғап қала шуын мейлінше азайтады.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Астана маңындағы «жасыл белдеуді» дамыту сұрағы бойынша өткізген көшпелі кеңесінде жасыл белдеу құру маңызды да мағыналы жұмыс болып табылатынын. Әр облыс, қала, аудан жұртты, әсіресе жастарды ағаш отырғызып, оны күтіп-баптауға жұмылдыру жайын ойластыруға тиіс. Сонда Отанымыз бұдан да әдемірек және тартымды бола түседі, ал болашақ ұрпақтар бізге риза болатынын атап өткен болатын. Елбасының идеясын қолдай отырып, қойылған сұрақты орындауға бүгіннен бастап кірісу керек деп санаймыз.   
Соңғы жылдары облысты көгалдандыруға үлкен көңіл бөлінуде. Жыл сайын жасыл желектерді, соның ішінде қылқан жапырақты ағаш түрлерін отырғызу бойынша акциялар өткізілуде. Бұл шаралар облыс тұрғындарымен, жастар мен оқу орындарының студенттерімен белсенді қолдау табуда.
Біз, мемлекеттік мекемелердің басшыларын, жергілікті атқарушы органдарды, ауыл округтерді, ірі және кіші кәсіпкерлік субъектілерін, пәтер иелері кооперативтері төрағаларын бекітілген ведомстволық аумақтарыңыздың санитарлық тазалығын сақтауға, көгалдандырумен, гүлзарлар егумен айналысуға шақырамыз.
Қала және аудан бюджеттерін жасақтаған кезде көгалдандыру жұмыстарына қаражат қарастыру қажет. Мекемелер мен кәсіпорындар табиғатты қорғау шараларының жоспарын құрастырған кезде ағаш отырғызуға қаражат қарастыру керек.
Ағаштың мақсатты өсуіне келесіні есте сақтау қажет:
1. Сапалы екпе материалын таңдау;
2. Екпе ағаштарды міндетті түрде суару және оларға күтім жасау.
Көктемгі кезең түсісімен облыстың экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында қазірден бастап көгалдандыруды қолға алып, сапалы екпе материалдарын таңдап (сүмбіл терек, аюбадам, татар үйеңкісі, қараған, долана)  сәуір айында отырғызу қажет. Сонымен қатар, наурыз айынан бастап, Сізге бекітілген аумақта қылқан жапырақты ағаш түрлерін топырағымен отырғызуға болады.
Қоршаған ортаның ластануы.
Қазіргі уақытта Қазақстанда қалдықтарды басқару мәселесіне үлкен көңіл бөлінуде. Қалдықтарды басқару  Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға көшуі бойынша тұжырымдамасының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Жыл сайын қалдықтардың орасан көлемінің қалыптасуы бүгінде  қалдықтардың әртүрлі түрлерінің жинақталуы және сақталуы бақыланбайтын күрделі экологиялық жағдайға әкелді.
Қалдықтарды бөлектеп жинау жүйесінің жетістікті болуы үшін міндетті түрде тұрғындар арасында қоғамдық ұйымдар мен студенттер, оқушылардың қатысуымен ҚТҚ бөлектеп жинау жүйесі туралы үгіт насихат жұмыстарын (жиналыстар, брошюра, үнпарақтар, видео-роликтер, акциялар) тұрақты түрде ұйымдастыру және жүргізу қажет.
Қалдықтарды бөлектеп жинау арқылы қайталама шикізат көлемінің көбейетіндігін түсіну қажет. Қоқыс жинаушы кәсіпорындар мүдделеріне қалдықтарды бөлектеп жинаудан кейін қайталама шикізатты өткізуге мүмкіндік болатындығын ескерген жөн.
Өкінішке орай тұрғындар арасында ҚТҚ бөлектеп жинау мәдениеті жоқтығын ескеру қажет. Әркім батарейкалардың не үшін қажеттігін білгенімен, бірақ қуаты таусылғаннан оны лақтыруға болмайтындығын білетіндер аз ғана. Бұл туралы әр батарейкада жазылғанымен, оны қайда тастау керек екені көрсетілмеген. Мұндайда батарея мен шамдарды жинайтын жәшік қойып, кейіннен оны пайдаланылған сынапқұрамды және люминесцентты шамдарды жинайтын пунктке тапсыруға болады. Батареялардың зиянын туралы білмейтіндерге қоқысқа тасталған бір батареяның 20 м² жерді ауыр металлмен ластайтындығын айтуға болады. Осындай мысалдар өте көп.
Қазіргі уақытта Орал қаласында және аудан орталықтарында ҚТҚ бөлектеп жинау жүйесі енгізілуде. Қала бойынша пластик құтыларды жинауға 500 контейнер және сынапқұрамды шамдарды жинау үшін 27 арнайы контейнер орнатылған.  Барлық қала тұрғандарын осы арнайы контейнерлерді қолдануға шақырамыз.
Сонымен қатар, пластик құтылар және қалдықтардың өзге түрлерін өртеу барысында қоршаған ортаға зиян келеді.  Пластик ыдырау барысында топырақққа және айналасына  қауіпті химиялық заттар бөліп, астма, аллергия, онкологиялық ауруларды тудырады. Әркез өзен, көл жағасына, орманға немесе далаға қоқыстарды тастаған кезде осыны ойлаңыз. Осыған байланысты қалдықтарды өртеудің тигізетін зияны туралы тұрғындарға жеткізу барлығымыздың міндетіміз болып табылады.
Ыдырау мерзімі ұзақ қоқыстарды қайтадан пайдалануға болады. Ол үшін алдымен қоқысты сұрыптау қажет. Тұтынушы да өз үйінен пластик, шыны, металл, қағаз, картонды бөлек сұрыптай алады.
Аудан орталықтарында, ауылдық округтерде бөлектеп жинаумен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, ауылдық округ әкімдері кәсіпкерлердің қатысуымен айналысуы қажет. Қалада бөлектеп жинауды қаланың ПИК, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтары, «Орал таза Сервис» ЖШС насихаттауы қажет.
Осы бағытта Теректі, Шыңғырлау және Зеленов аудандарының жұмыстарын атап көрсетуге болады. Теректі ауданында пластик қалдықтарды жинауға 100 торлы контейнер және тұрмыстық қалдықтарға арналып 157 контейнер қойылған. Өкінішке орай мұндай жұмыстар облыстық барлық аудандарында бірдей жүргізілмеуде. Алдымызда таяу уақытта облыстың барлық аудан орталықтарында және ауылдық округтерінде қалдықтарды бөлек жинауды ұйымдастыру міндеті тұр.
Біз, мемлекеттік кәсіпорындар және компаниялар басшыларының назарларын  макулатураны қоқыс контейнеріне тастамауға аударуын ұсынамыз. Өздеріңіздегі қағаздар мен қағаз қалдықтарды жинауға жауапты қызметкерді белгілеп, олардың жинақталуын ұйымдастырсаңыз. Жинақталуына қарай макулатураны қабылдау пункттеріне тапсырсаңыз.
Біз облыстағы оқыту ұйымдары, жоғары оқу орындары, колледждер және мектептердің басшыларын макулатура, картон және өзге де қағаз қалдықтарын жинау бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға шақырамыз.
Орал қаласында бірқатар кәсіпорындар қалдықтарды жинау, сұрыптау, өңдеумен айналысады. Мысалы ЖК «Губер» - автокөліктердің ескі дөңгелектері тысын қабылдап, алдыңғы технологиялар желісін пайдалану арқылы өңдеп,  кәдеге жаратады. Өңдеу нәтижесінде резина қиыршықтарын алынып, одан резина жабындар жасайды. Жұмыс жоғары технологиялы желіде жүргізіліп, өнім сапасының жоғарылығын қамтамасыз етеді. Бұдан өзге өндіріс қарқынын сақтай отырып, қоршаған ортаға  айтарлықтай әсер етпейді. «Талап» АҚ- сынапқұрамды шамдар мен құралдарды кәдеге жаратады. ЖК «Куксова», ЖК «Борисова», ЖК «Глухова» -макулатура, картон және өзге де қағаз  қалдықтарын жинаумен айналысады. ЖК «Үсенов» жинау және әжетхана қағазы, майлық шығарумен айналысады. «Арктур» ЖШС - пайдаланылған майлар, фильтралар, «Тұранпромресурс» ЖШС-пластмасса қалдық,  пластик, ұйымдастыру техникаларын, «Гамма-Реал» ЖШС пластик құтыларды жинаумен айналасады.
Қазіргі уақытта автокөлік кешені қоғам және тұрғындарды тасымалдау қажеттілігін қанағаттандыратын экономиканың маңызды саласы болып қана қоймай қоршаған ортаның  ірі ластаушы болып табылады. Автокөліктерден шығатын түтін құрамында 200 астам улы химиялық қосындылар бар.
Ауаға ластаушы шығарындыларды азайтуда барлық автокөлік иелерін және автошаруашылықтары бар кәсіпорындарды өз көліктерінің техникалық-пайдалану сипаттамасын қадағалауға шақырамыз.
Біз, бүгінгі ұрпақ табиғатты қамқорлай отырып, оны болашақ ұрпақ үшін сақтауымыз қажет. Болашақта балаларымыздың қандай ортада өмір сүретіндігі өз қолымызда екенін ұмытпаумыз қажет.
Қазақстан Республикасы аумағы бойынша әлемде 9 орын алатындықтан кейбіреулер ҚТҚ полигондарына орын көп деп айтуы мүмкін, бірақ бұл көрегендік шешім болмайды. Қалдықтарды араластырған жағдайда полигон орналасқан жерде фильтрат қалыптасып, жерасты суларын өту қаупін туғызады.
Әр адам өзі үшін қорытынды жасап, шешім қабылдайды, бірақ бір адам болса да осы үндеуді оқып, қатты тұрмыстық қалдықтарды  бөлектеп жинауға шешім қабылдаса, үндеудің босқа жарияланбағаны болғаны. Барлық облыс халқын қалдықтарды бөлектеп жинауға шақыра отырып, олардың жоғарыда келтірілген мысалдардан дұрыс қорытынды жасайтындығына сенгіміз келеді!
Құрметті кәсіпорын, мекеме, оқу орындарының басшылары, сіздерден осы үндеуді ұжым қызметкерлеріне таныстыруды және талқылауыңызды сұраймыз.

БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы 

 

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»