Ветеринария

Батыс Қазақстан облысы бойынша ветеринария саласында 2017 жылға атқарылған шаралардың қорытындысы туралы анықтама 

 2017 жылы ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 1 026 млн. теңге қаражат бөлінді, соның ішіндеэпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге бюджеттен 864 млн. теңге және бруцеллезге оң нәтиже көрсеткен ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне өтемақысын төлеуге 162 млн. теңге. Бөлінген қаражат толық көлемде игерілді.

Анықтамалы: (2016ж. 1 млрд 356 млн. теңге қаражат бөлінді, соның ішінде эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге 711,8 млн. тг., бруцеллезге оң нәтиже көрсеткен ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне өтемақысын төлеуге 644,2 млн. тг.)                                                                                                           

Ауылшаруашылығы жануарларын вакцинациялау

Жылдық қорытынды бойынша эпизоотияға қарсы ветеринариялық іс-шаралар толық көлемде орындалды. 2016 жылы облыспен шекаралас Ресей аумағында және Атырау облысында МІҚ нодулярлы дерматит ауруының тіркелуіне байланысты, 2017 жылы МІҚ нодулярлы дерматит ауруына қарсы 547,9 мың бас вакцинациаланды. (2018 ж. тағы 547,9 мың бас вакцинацалау жоспарланды).

Ауылшаруашылық жануарларының аса қауіпті ауру ошақтары бойынша.

Ағымдағы жылы жануарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруларынан 14 ошақ тіркелді. (3 ошақ пастереллез, 5 ошақ қарасан, 1 ошақ қой брадзоты, 5 ошақ құтыру)

Аса қауіпті аурулар бойынша эпизоотикалық жағдай тұрақты.

Анықтамалы: Соңғы 3 жылдық бойыша 2014 ж. - 68 ошақ, 2015 ж.- 44 ошақ, 2016 ж.-25 ошақ, 2017ж. – 14 ошақ тіркелді, талдамалы көрсеткішпен тіркелген ошақ саны жылдан жылға азаюуы байқалуда.

Бруцеллез ауруы бойынша ахуал.

2017 жылдың диагностикалық шаралар нәтижесінде бруцеллез ауруына жоспармен 668, 7 мың бас мүйізді ірі қара және 1 544, 7 мың бас ұсақ мал зерттеліп, жоспардың орындалуы – 100% құрады. Соның ішінде 9 мың бас МІҚ, 2397 бас ұсақ мал бруцеллезге оң нәтиже көрсетті.

Аудандардың мәліметі бойынша бруцеллезге оң нәтиже көрсеткен барлық ірі қара және ұсақ мал ет өңдеу кәсіпорындарына тапсырылды.

Бруцеллез ауруы бойынша ІҚМ арасында сауықтыру жұмыстары

        2017 жылы бруцеллезден ірі қара малдары арасында 10  қолайсыз елді мекен тіркелді, соның ішінде 3 ошақ сауықтырылды (Жаңақала ауданының Маштексай а/о, Жаңақала ауылы және Теректі ауданының Долинный а/о).

Бруцеллез ауруы бойынша ұсақ мал арасында сауықтыру жұмыстары

Бруцеллез ауруы бойынша ұсақ  малдар арасында жыл басынан бастап 4 ошақ тіркелді, соның 1 ошақ сауықтырылды (Бөрлі ауданының Ақсай қаласында).

  Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру шаралары

2017 жылы бірдейлендіру шаралары аясында 195 мың бас ірі қара, 703 мың бас қой-ешкі,  444 бас түйе, 32 мың бас шошқа бірдейлендіру және 37 мың бас жылқы таңбалану жоспарланды.

Жыл қорытындысымен облыс бойынша 241 мың бас МІҚ (124%), 736 мың бас ҰМҚ (105%), 454 бас түйе (102%), 28 мың бас шошқа (86%) бірдейлендірілді, 39 мың бас жылқы (104%) таңбаланды.

Мал сою нысандары мен мал қорымдары

        2017 жылы облыс көлемінде 78 мал сою нысандары есептік нөмірлерін алып тіркелді, оның ішінде 61 сою алаңдары, 10 мал сою пункттері, 7 ет өңдеу кәсіпорындары.

        Облыс бойынша елді мекендерде 255 мал қорымдары тіркелді, соның ішінде 52 типтік жобада және 203 қарапайым шұңқырлар. 2017 жылы аудандарда 10 мал қорымдары салынды (Бөрлі ауданында - 8, Сырым ауданында - 2).

  Ветеринариялық ұйымдарды ғимаратпен қамтамасыз ету

Күні бүгінге 13 мемлекеттiк ветеринариялық станцияның 8-ның өз балансына ғимараттар алынса, 5 ветстанция уақытша жалдауда. Ауылдық округтердегі 148 ветеринариялық пункттердің 61-не ғимарат ветеринариялық станцияның өз балансына берілсе, қалған 87 ветеринарлық пункттерге ауылдық округтердің әкімшілік ғимаратында уақытша бөлме берілді.

Облыс бойынша 148 ветеринариялық пунктердің 122-сі АҚ «Қазақтелеком» арқылы, 12-сі «Астел» спутниктік қондырғысы арқылы және 14-і USB модем арқылы интернет байланысымен қамтамасыз етілді.

 Мал қозғалысы.

Облыс бойынша ағымдағы жыл басын күні бүгінге дейін ветеринариялық тексеруден 63 мың бас мүйізді ірі қара (оның 34 мың басы басқа облыстарға), 166 мың бас ұсақ мүйізді мал (оның 98 мың басы басқа облысқа), 8 мың бас жылқы (6,4 мың басы басқа облыстарға), 297 бас түйе (оның 281 басы басқа облысқа) және 9 мың шошқа өткізіліп, сойысқа тапсырылды.

Ветеринария саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету

 Объектілерге есептік нөмірлерін растау бойынша: Ағымдағы жыл басынан БҚО ветеринария басқармасымен облыс бойынша жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға барлығы 94 есептік нөмірлер берілді. 2017 жылы жеке және заңды тұлғалардан өтініш түспеуіне байланысты,лицензия беру және аттестаттау бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетілген жоқ. 

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»