Қазақ драма театрында «Мәңгілік Елдің Алтын Адамы» атты республикалық фестиваль өз мәресіне жетті.

27 қазан 2016 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Халықаралық Алаш және Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлықтарының иегері, ақын-драматург Иран-Ғайыптың «Мәңгілік елдің Алтын адамы» республикалық театрлар фестивалі салтанатты түрде жабылды. Фестивальдың жабылу салтанатына БҚО әкімінің орынбасары М.Тоқжанов қатысып, сөз сөйледі. Фестиваль қортындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен «Үздік қойылым» номинациясына БҚО қазақ драма театры ие болды. Қазылар алқасының шешімімен, фестивальға қатысқан театрларға «Тәуелсіздікке- Тағзым», «Мәңгілік Ел» жүлделері, сондай-ақ, Орал қаласының әкімшілігінің атынан «Арнайы сыйлық», «Үздік әйел адам бейнесі», «Үздік ер адам бейнесі», «Үздік режиссура» жүлделері табыс етілді.

 

Занимаетесь ли вы физической культурой в свободное время?
Адрес
Республика Казахстан, г. Уральск,
пр-кт. Достык-Дружбы, 179
Поддержка сайта
IT Group Kazakhstan
Назад