Бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізімі

1414 Бірыңғай байланыс орталығы (бұдан әрі – ББО) 7 айрықша сұранысқа ие мемлекеттік қызметтерді алу бойынша пилоттық жоба 2017 жылғы 16 қазаннан бастап Қазақстан Республикасының барлық аумағы бойынша іске қосылды.
Мобильді телефоннан ББО-на қоңырау шалу арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін пайдаланушылар «электрондық үкіметтің» порталындағы азаматтардың мобильдік базасында тіркелген болуы қажет, сондай-ақ порталда нақты  поштасы болуы қажет. 1414 нөміріне хабарласқан кезде халыққа қызмет көрсету орталығының (бұдан әрі – ХҚКО) операторы мобильдік телефонның сәйкестендіру нөмірі бойынша азаматтардың мобильдік базасында тіркелгендігін тексереді, әрі қарай, ХҚКО интеграцияланған ақпараттық жүйесі арқылы қызметті алады және пайдаланушының электрондық поштасына мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін электрондық түрде жібереді. 

Бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізімі

  1. Жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама.
  2. Жеке тұлғаларға жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және тоқтатылған құқықтар туралы анықтама.
  3. Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тізілімінен үзінді.
  4. Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтарды) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама.
  5. Тұғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру.
  6. Сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтама беру.
  7. Зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу.

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
IT Group Kazakhstan