Батыс Қазақстан облысы әкiмiнің аппараты, 090000, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 179, анықтама үшін телефон (факс) 8(7112) 51-18-99, Е-mail: zapkazakim@westkaz.kz,

Батыс Қазақстан облысы әкiмiнің аппараты, 090000, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 179, анықтама үшін телефон (факс) 8(7112) 51-18-99, Е-mail: zapkazakim@westkaz.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттiк әкімшілік лауазымна орналасуға Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, «D-4» санаты,  1  бірлік

«D-4» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 93 276 (min) теңгеден  125 756 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық мiндеттерi:

Облыс әкімі аппаратынан барлық хат-хабарларды («Құпия» белгісі бар құжаттарды қоспағанда) уақтылы жіберу. Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі, пошта, фельдегерлік байланыс бойынша шығыс хат-хабарлары үшін құжаттама жасау және құжаттаманы басқару қағидаларында атап көрсетілген өлшемшарттардың орындалуын бақылау. Шығыс хат-хабарларын (бастамашыл хаттар, жауап хаттар (министрліктерден сұраулар), ұйымдастыру-өкімдік құжаттар) құжаттама жасау және құжаттаманы басқару қағидаларының өлшемшарттары бойынша жіберу. Шығыс хат-хабарларының (бастамашыл хаттар, жауап хаттар (министрліктерден сұраулар), ұйымдастыру-өкімдік құжаттар) мемлекеттік органдарға және басқа да ұйымдарға уақтылы жеткізілуін ұйымдастыру. Облыс әкімі аппараты үшін баспа басылымдарына (газет және журналдар) жазылуды ресімдеу, олардың мерзімінде келуін, аппарат бойынша таратылуын бақылау.Іссапарға кеткен және келген қызметкерлерді есепке алу журналдарын жүргізу, іссапар парақтарына белгі қою, есептерді жүргізу. Облыс әкімі, оның орынбасарлары, аппарат басшысы және оның орынбасарының төрағалық етуімен өткен отырыс хаттамаларын, іс-шаралар жоспарларын мерзімінде тіркеу және бақылауға қою.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары

Құзыреттер бойынша талаптар:

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық,  әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, C-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) B-6, C-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

4) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағида), негізінде жүргізіледі.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

            1)    Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

            2)  тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

  Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

            Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Құжаттар 3 жұмыс күні ішінде, ол ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап ұсынылуы керек.

Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратында өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін  отырысқа  байқаушылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

1

1

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»