Мемлекеттік қызметшілердің сапалық құрамы жөнінде мониторгингі

Мемлекеттік қызметшілер сапалық құрамының мониторингі

01.07.2018 жылғы жағдай бойынша Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік органдарының штат саны 4400 бірлікті (соның ішінде саяси мемлекеттік қызметшілер – 7 бірлік, «А» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілері – 13 бірлік) құрады.

Мемлекеттік қызметшілердің нақты саны – 4097 (соның ішінде саяси мемлекеттік қызметшілер – 7 бірлік, «А» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілері – 13 бірлік) құрады.

Мемлекеттік орган аппараттарындағы әйел адамдардың саны – 2248 немесе мемлекеттік қызметшілердің жалпы санынан 54,9% құрайды.

Мемлекеттік қызметшілердің орта жасы - 39 жас 1 ай. Мемлекеттік қызметтегі орташа өтіл 10,4  жыл.

Жоғары білімі бар мемлекеттік қызметшілердің саны - 3691 немесе 90%, оның ішінде 672 адам бірден көп жоғары білімі барлар. 10 мемлекеттік қызметшінің ғылыми дәрежелері бар.

2018 жылдың  I-жартыжылдығында жұмыстан шығу арқылы 449 мемлекеттік қызметшілер босатылды.

Конкурстық іріктеу

2018 жылдың 1 жартыжылдығында облысымыздың мемлекеттік органдарымен 540 (ЖАО) бос орын жарияланып конкурстар өткізілді.

Бос лауазымға орналасуға арналған конкурс үрдістеріне 473 адам қатысты.

Тестілеудің және бос тұрған лауазымға орналасуға арналған конкурс комиссиялары өткізген әңгімелесулердің қорытындысы бойынша 259 үміткердің кандидатурасы бос лауазымдарға ұсынылды.

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»