Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

«Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

   
1.  Қоғамдық қатынастар саласының атауы: облыс әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
2.   «Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Аппарат) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын әзірлеушінің атауы.
3.  Қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласында жұмыс істейтін тұлғалардың мінез-құлқы (іс-әрекеті) ережелері.
3.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартта қозғалатын саладағы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыру кезінде:
1) заңдылық қағидаттарын, Конституция, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын басшылыққа алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қатаң сақтау;  
2)  мүдделер қақтығысы туындауының кез келген ықтимал жағдайларына жол бермеу жөнінде шаралар алу;
3)жеке және заңды тұлғалардың өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруына кедергі келтіретін әрекеттерге (әрекетсіздікке) жол бермеу;
4)    өзінің лауазымдық өкілеттіктерін және онымен байланысты мүмкіндіктерін жеке мүліктік және мүліктік емес игіліктер алу үшін пайдаланбау;
5)  жоғары кәсіби жұмыс үшін барлық күш-жігерін салу, қойылған міндеттерді шешу үшін оңтайлы, ұтымды және өзге де жетік тәсілдерді қолдану;
6)  қызметтік міндеттерін тиімді орындау үшін өзінің кәсіби деңгейін және біліктілігін ұдайы арттыру;
7)   жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде қызметтік бабын асыра пайдалануға, заңсыз төрешілдік және сөзбұйдаға салу, сондай-ақ дөрекілік көріністеріне жол бермеу;
8) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды және қорғауды қамтамасыз ету;
9) әріптестерінен жоғары құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті сақтауды талап ету және қолдау.
3.2.  Өз құзыры шегінде басқарушылық және өзге де шешімдерді дайындау мен қабылдау кезінде:      
1)    Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;
2) құпиялылықты сақтау, қызметтік және мемлекеттік құпияларды қамтамасыз ету;
3) кәсіби (қызметтік) әдепті сақтау;
4) басқа тұлғалардың оны сыбайлас құқық бұзушылық жасауға итермелеу жағдайлары туралы жазбаша түрде Аппарат басшысына, уәкілетті мемлекеттік органдарға дереу хабарлау;
5) еңбек тәртібін бұлжытпай сақтау, берілген өкілеттіктерді тиімді қолдану, өзінің лауазымдық міндеттерін адал, бейтарап және сапалы атқару, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалану;
6)  лауазымдық міндеттерін атқару кезінде жеке және заңды тұлғаларға артықшылықтар көрсетпеу, олардың ықпалынан тәуелсіз болу;
7) жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де тұлғалардың қызметіне ықпал ету үшін қызметтік бабын пайдаланбау;
8) үшінші тұлғалардың мүдделерін білдіруден немесе қолдаудан, сондай-ақ олардың атынан іс-қимылдар жасаудан аулақ болу;
9) басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне заңсыз араласуды жүзеге асырмау; 
10) әріптестері мен басшыларға өзара қарым-қатынастың белгіленген тәртібін бұзатын (олардың бейтарап қызметтік шешім қабылдауына ықпал ететін) өтінімдер жасаудан аулақ болу.
3.3. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау кезінде:
1) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, сараптамалық қорытынды алу үшін міндетті түрде түсіндірме жазбаны қоса бере отырып, соның ішінде аталған жобаны кейін мүдделі мемлекеттік органдармен әрбір келісу барысында Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жолдау;
2)  жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, оларды сараптау кеңесі отырысында қарағанға дейін, интернет-ресурстарды қоса, бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті түрде жариялау. 
3.4. Қызмет саласының ерекшелігіне қарай туындайтын өзге де қарым-қатынастар кезінде:
1) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету, олардың өтініштерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау, олар бойынша қажетті шаралар алу;
2) бағынысты қызметкерлерге қатысты негізсіз айыптауларға, дөрекілік, қадір-қасиетін қорлау, әдепсіздік, орынсыз мінез-құлық фактілеріне жол бермеу;
3)  басшылардың тапсырмаларын орындау кезінде тек объективті және шынайы мәліметтерді ұсыну;
4)  мүліктің сақталуын қамтамасыз ету, меншікті ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта ғана пайдалану;
5) ұжымда іскерлік өзара қарым-қатынасты және сындарлы ынтымақтастықты орнату мен нығайтуға ықпал ету;  
6)өзіне мәлім болған сыбайлас құқық бұзушылықтар туралы Аппарат басшысына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға дереу хабарлау.
 4. Өзге де шектеулер мен тыйымдар:
1) Конституцияны және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы заңнама талаптарын сақтау;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді сақтау;
3) Аппарат басшысының лауазымдық өкілеттіктері шегінде шығарған бұйрықтарын орындау;
4) әріптестерге, басшыларға және өзге де лауазымды тұлғаларға сыйлықтар тарту етпеу;   
5) қызметтік өкілеттіктерін орындауға байланысты сыйлықтарды қабылдамау;
6)  басқа тұлғаларды сыбайлас құқық бұзушылық жасауға итермелемеу;
7) таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу мақсатында пайдаланбау.

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»