Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзудiң Қағидасы

Мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметістері жөніндегі агенттігі төрағасының 1999ж. 24 қарашадағы № А-202 бұйрығы (2006.26.04.берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік қызмет туралы" ҚазақстанРеспубликасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 23 тамыздағы № 72 өкімінорындау үшін Бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізудің ережесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 16 сәуірде №732 тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметістері жөніндегі агенттігі төрағасының ҚазақстанРеспубликасының орталық атқарушы органдарындағы мемлекеттік қызметтің бос лауазымын алуға байқау өткізутуралы 1999 жылғы 15 сәуірдегі № А-33 қағидасы бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы бұйрық 2000 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енеді.

 

Төраға

 

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттiк қызмет

iстері жөніндегі агенттiгi

1999 жылғы 24 қарашада № А-202

бұйрығымен бекітілген

 

 

Бос әкiмшiлiкмемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзудiң Қағидасы

Осы Қағида мемлекеттiк органдардағы әкiмшiлiкмемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзудiң(бұдан әрi - конкурс) шарттары мен тәртiбiн айқындайды, және "Мемлекеттiк қызмет туралы" ҚазақстанРеспубликасы Заңының 14-бабына сәйкес әзiрлендi.

 

1. Жалпы ережелер

1. Әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттiк қызметке бiрдей кiру мүмкiндiгiнiң конституциялық құқығын қамтамасыз етедi.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 06.06.01 ж. № 02-2-4/98 бұйрығымен2-тармақ толықтырылды

2. Конкурсты бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдары бар мемлекеттiк орган (бұдан әрi- мемлекеттiк орган), немесе Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмi бойынша мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi өкiлеттi орган (бұдан әрi - өкiлеттi орган) лауазымдардың сәйкестi санаттарына резервшiлер тiзiмi қаралғаннан кейiн өткiзедi.

3. Конкурс жариялаған мемлекеттiк орган әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметтің бос лауазымдарына орналасуға үмiткерлердi iрiктеудi жүзеге асыруға өкілетті конкурс комиссиясын құрады.

4. Конкурс өткiзiлгенкезде "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының және өзге де мемлекеттiк қызмет туралы заңдардың талаптары сақталуы тиiс.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2006.26.04. №02-01-02/64 бұйрығымен 4-1-тармақпен толықтырылды

4-1. Өкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің жолдауы бойынша олардың қызметкерлері үміткерлермен әңгімелесуге және конкурс комиссиясының қорытынды мәжілісіне қатыса алады.

5. Конкурс комиссиясының шешiмi әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметтің бос лауазымына орналасудың немесе мұндай лауазымға орналастырудан бас тартуға негiздеме болады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының10.04.03 ж. № 02-01-02/44 бұйрығымен5-1-тармақпен толықтырылды

5-1. Мемлекеттік орган қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда, жарияланған конкурс оның өткізудіңкез келген кезеңінде ол туралы міндетті түрде бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланып тоқтатылуға тиіс.

 

2. Конкурс өткiзудiң шарттары мен тәртiбi

6. КонкурсқаҚазақстан Республикасының азаматтары қатысуға құқылы:

1) жасы он сегiзден төмен емес;

2) тиiстi бiлiмi, кәсiби дайындық деңгейi болуы және белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2006.26.04. №02-01-02/64 бұйрығымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

7. Конкурсқа қатысуға мынадай азаматтар жiберiлмейдi:

1) осы Қағиданың 6-тармағында белгiленген талаптарға сәйкес емес;

2) заңдылық күшi бар сот шешiмiмен жұмыс iстеу қабiлетi төмен немесе жұмыс iстеу қабiлетi шектелген болып танылғандар;

3) заңдылық күшi бар сот шешiмiмен белгілi бiр анықталған мерзiмге дейiн мемлекеттiк қызметтi атқару құқығынан айырылғандар;

3-1) мемлекеттік қызметке кірер алдында екі жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған;

3-2) мемлекеттік қызметке кірер алдында бір жыл ішінде қасақана құқық бұзушылығы үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;

3-3) мемлекеттік қызметке кіргенге дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;

3-4) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;

3-5) мемлекеттік қызметке кіру уақытына өтелмеген немесе заңда белгіленген тәртіппен алынбаған соттылығы бар адамдар.

4) ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2006.26.04. № 02-01-02/64 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 10.04.03 ж. № 02-01-02/44 бұйрығымен8-тармақ алынып тасталды

8. Конкурс ашық және жабық жағдайда өткiзiледi.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 10.04.03 ж. № 02-01-02/44 бұйрығымен 9-тармақ алынып тасталды

9. Ашық конкурсқа Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының қатысуға құқығыболады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 10.04.03 ж. № 02-01-02/44 бұйрығымен10-тармақ алынып тасталды

10. Жабық конкурсқа тек әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлердiңғана қатысуға құқығы болады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 16.06.00 ж. № 02-1-7/60 бұйрығымен11-тармақ өзгертілді; ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 10.04.03 ж. № 02-01-02/44 бұйрығымен 11-тармақ алынып тасталды

11. Жабық конкурс Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiндегi, Парламент Палаталарының Аппараттарындағы, Премьер-Министр Кеңсесiндегi, Жоғарғы Сот Аппаратындағы, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Аппаратындағы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасындағы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдар бойынша өткiзiлуi мүмкiн. Бұл туралы шешiмдi осы мемлекеттiк органдардың басшылары қабылдайды.

12. Конкурс туралы хабарландырулар жарияланғаннан кейiн мемлекеттiк органға қажеттiқұжаттарын тапсырған азаматтар конкурсқа қатысушы бола алады.

13. Конкурс комиссиясының шешiмi негiзiнде тестiлеуге жiберiлген конкурсқа қатысушыларбос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға үмiткерлер (бұдан әрi - үмiткерлер) бола алады.

14. Конкурс комиссиясы конкурсқа қатысушылар берген құжаттарды,оларды тестiлеудiң нәтижелерiн қарайтын, үмiткерлермен әңгiмелесу өткiзетiн және бос әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметтiң лауазымдарына орналасуға үмiткерлердi түпкiлiктi iрiктеудi iске асыратын алқалы орган болып табылады.

15. Конкурс мынадай сатылардан тұрады:

1) мемлекеттiк орган өткiзетiн конкурс туралы хабарландыруларды жариялау;

2) конкурс комиссиясын құру;

3) конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрген азаматтардың құжаттарын қабылдау;

4) конкурсқа қатысушылардың құжаттарының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн алдын-ала қарау;

5) үмiткерлердi өкiлеттi орган белгiлеген тәртiпте тестiлеу;

6) үмiткерлермен конкурс комиссиясы өткiзетiн әңгiмелесу;

7) конкурс комиссиясының қорытынды мәжiлiсi.

16. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (тестiлеу өтетiнжерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

 

3. Конкурс туралы хабарландыру

ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының18.01.00 ж. № 02-1-7/3 бұйрығымен17-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 16.06.00 ж. № 02-1-7/60бұйрығымен 17-тармақ өзгертілді; ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 06.06.01 ж. № 02-2-4/98; 10.04.03 ж. № 02-01-02/44 бұйрықтарымен 17-тармақ жаңа редакцияда

17. Орталық мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлімшелерінде және ведомстволарда конкурс өткізу кезінде хабарландырулар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланады. Жергілікті мемлекеттік органдарда конкурс өткізутуралы хабарландырулар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағына таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2006.26.04. №02-01-02/64 бұйрығымен17-1-тармақпен толықтырылды

17-1. Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс туралы хабарландырулар жариялағаннан кейін «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2,3-тармақтары мен 14-бабының 10-тармағы бойынша конкурстық рәсімдері аяқталғанша, азаматтарды жарияланған лауазымға тағайындауға жол берілмейді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 18.01.00 ж. № 02-1-7/3 бұйрығымен 18-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 25.02.00 ж. № 02-1-7/16; 16.06.00 ж. №02-1-7/60; 10.04.03 ж. № 02-01-02/44 ;2006.26.04. № 02-01-02/64 (бұр.ред.қара) бұйрықтарымен 18-тармақ өзгертілді

18. Конкурсты өткiзу туралы хабарландыруда мынадай мәлiметтер болуы тиiс:

1) мекен-жайы көрсетілген мемлекеттiк органның атауы, пошта адресi, телефондарымен факс нөмiрлерi;

2)

3) негiзгi функциональдық мiндеттерi, қолданыстағы заңдарға сәйкес еңбек ақысының көлемi мен шарттары көрсетiлген бос лауазымдар атауы;

4) мемлекеттiк орган анықтаған бiлiктiлiк талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыға қойылатын негiзгi талаптар;

5) құжаттарды қабылдаудың мерзiмi (конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған кезден бастап 15 күнтiзбелiк күн);

6)

7) өкiлеттi органмен немесе оның аумақтық бөлiмшелерiмен келiсiлген сынақ өткiзудің мерзiмi мен орны;

8) әңгiмелесу өткiзудiң мерзiмi мен орны;

Хабарландыру Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына қайшы келмейтiн қосымша ақпараттармен мазмұндала алады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 18.01.00 ж. № 02-1-7/3 бұйрығымен 19-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Мемлекеттік қызмет істеріжөніндегі агенттігі төрағасының 16.06.00 ж. № 02-1-7/60; 06.06.01 ж. №02-2-4/98; 10.04.03 ж. № 02-01-02/44 бұйрықтарымен 19-тармақ өзгертілді және жаңа редакцияда жазылды

19. Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурстар туралы мәліметтер уәкілетті органның ресми WEB-сайтында орналастырылады.

 

4. Конкурс комиссиясын құру

20. Конкурс комиссиясын осы Қағидамен анықталған тәртiппен тиiстi лауазымға тағайындауға құқығы бар тиiстi мемлекеттiк органның басшысы құрады.

21. Конкурс комиссиясы төрағадан, хатшыдан (кадр қызметiнiң өкiлi) және комиссия мүшелерiнен тұрады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2005.21.06. №02-01-02/80 бұйрығымен 22-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)

22. Тиісті мемлекеттік органның басшысы бекітетін конкурскомиссиясының құрамына мемлекеттік органның әр түрлі бөлімшелерінің басшылары, сондай-ақ мемлекеттік орган басшысының шешімімен өзге де адамдар енгізіледі.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 10.04.03 ж. № 02-01-02/44 бұйрығымен 23-тармақ өзгертілді

23. Мемлекеттiк орган құрған және орталық мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшенің басшысына конкурстық iрiктеудi жүзеге асыратын конкурс комиссиясының құрамына орталық мемлекеттiк органның өкілдерi, және тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк әкiмшiлiгiнiң өкiлi, келiсiмi бойынша кiреді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 10.04.03 ж. № 02-01-02/44 бұйрығымен 23-1-тармақпен толықтырылды

23-1.Конкурстық комиссияның құрамына тиісті бос лауазымға орналасу конкурсына қатысушы кіре алмайды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2005.21.06. №02-01-02/80 бұйрығымен 23-2 тармағымен толықтырылды

23-2. Конкурс комиссиясы әр жарияланған бос мемлекеттік әкімшілік лауазым үшін сол лауазымға талаптанған үміткерлерге міндетті тәртіпте және бірдей көлемде қойылатын сұрақтардыңтізбесін бекітеді.

 

5. Құжаттарды қабылдау

ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 25.02.00 ж. № 02-1-7/16 бұйрығымен 24 тармақ толықтырылды; ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 03.11.00 ж. № 02-1-7/154; 2006.26.04. № 02-01-02/64 (бұр.ред.қара) бұйрықтарымен 24-тармақ өзгертілді

24. Конкурсқа қатысқысы келетiн азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға мынадай құжаттарын тапсырады:

1) өкiлеттi орган белгiлеген нысандағы өтiнiш (№ 1 қосымша);

2) кадр есебi бойынша толтырылған iс парағы (нақты мекен-жайы ментелефондары, соның iшiнде байланыс, көрсетiлуi тиiс);

3) өкiлеттi орган белгiлеген нысанда толтырылған анкета (№ 2 қосымша);

4) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық немесе өзге де заңдарда белгiленген тәртiппен куәландырылған көшiрмелерi;

5) еңбек кiтапшасының нотариалдық немесе өзге де заңдарда белгiленген тәртiппен куәландырылған көшiрмесi;

6) денсаулығы туралы белгiленген нысандағы анықтама;

7) 3х4 үлгідегi 1 фотосурет.

8) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.

Аталған құжаттардың біреуінің болмауы конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Ескертпе: осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында аталған, мемлекеттік қызметшілер тапсыратын құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың кадр қызметі куәландыра алады.

25. Азаматтар бiлiмiне еңбек тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және мiнездемелерi туралы (бiлiктiлiгiн көтеру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, кепiлдемелер, ғылыми жарияланымдар және т.б.) қосымша ақпараттарды бере алады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2006.26.04. №02-01-02/64 (бұр.ред.қара) бұйрығымен 26-тармақ өзгертілді

26. Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзiмiнде азаматтардың өздерi әкеліп берген немесе поштамен жiберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 03.11.00 ж. № 02-1-7/154 бұйрығымен 27-тармақ жаңа редакцияда

27. Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушылардың құжаттары, конкурстық iрiктеуден өтпеген тұлғалардың кадр есебi жөнiндегi жеке iс парақтары мен өтiнiштерi және конкурстық комиссияның материалдары конкурстық комиссияның хатшысында сақталады (кадр қызметiнде).

 

6. Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарау

28. Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейiн конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарауды жүзеге асырады.

29. Конкурс комиссиясы ұсынылған құжаттардың бiлiктiлiк талаптарына және 24-тармаққа сәйкесконкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкестiгiн талдайды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 03.11.00 ж. № 02-1-7/154 бұйрығымен 30 тармақ өзгертілді

30. Конкурстық комиссия ұсынылған құжаттарды талдау негiзiнде олардыңтиiстi әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымға қойылған бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi мен конкурсқа қатысушыларды сынаққа жiберу туралы шешiм қабылдайды, ол хаттама түрiнде ресiмделiп және комиссияның төрағасы, мүшелерiмен хатшысы қол қояды. Тестiлеуге жiберiлмеген конкурсқа қатысушыларды шешiм қабылданғаннан кейiн конкурс комиссиясы хабарландырады.

31. Тестiлеуге жiберу туралы шешiм әр өткiзiлген конкурс бойынша конкурс комиссиясы бекiткен үмiткерлердiң тiзiмi түрiнде ресiмделедi және өкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне берiледi.

32. Конкурс комиссиясы, хабарландырудың жарияланған сатысында, өкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшелерiнiң келiсiмi бойынша, тестiлеу өткiзудің кестесiн жасайды. Кестеге сәйкес конкурс комиссиясы үмiткерлерге тестiлеу өткiзудiң уақыты мен орны туралы хабарландырады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2006.26.04. №02-01-02/64 (бұр.ред.қара) бұйрығымен 33-тармақ өзгертілді

33. Yмiткерлерге  өкiлеттi органның өздерiнiң мекен-жайына жақын бөлiмшелерiнде тестiлеуден өту құқығы берiледi. Өкiлеттi органның өздерiнiң мекен-жайына жақын бөлiмшелерiнде тестiлеуден өткiсi келетiн үмiткерлер бұл туралы конкурс комиссиясына хабарлайды. Осының негiзiнде конкурс комиссиясы белгілi үмiткердiң тестiлеуден өтетiн орны туралы өкiлеттi орган мен оның тиiстi бөлiмшесiне хабарлайды.

 

7. Yмiткерлердi тестiлеу

34. Тестiлеудiң мақсаты үмiткердің бiлiмi мен қабiлетiн әдiл бағалау болып табылады.

35. Тестiлеудің тәртiбiн өкiлеттi орган анықтайды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 10.04.03 ж. № 02-01-02/44 бұйрығымен 35-1-тармақпен толықтырылды

35-1. Тестілеуге қатысуға жіберілген үміткерлер оны құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейінгі бес жұмыс күнінің ішінде уәкілетті орган белгілеген тәртіппен өтеді.

36. Әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдардың санаттарына байланысты өкiлеттi орган тестiлеудің әр түрлi бағдарламаларын белгілеуi мүмкiн. Құжаттарын әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдардың әртүрлi санаттарына жататын екi немесе одан да көп бос лауазымдарға орналасуға берген және тестiлеуге жiберiлген үмiткерлер тиiстi бағдарламалар бойынша тестiленедi.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 10.04.03 ж. № 02-01-02/44 бұйрығымен 36-1-тармақпен толықтырылды

36-1. Үміткердің белгілі бір күрделілік бағдарламасы бойынша (нормативтік құқықтық актілердің саны мен шекаралық мәнінің деңгейі бойынша) тестілеудің оң нәтижелері соңғы тестілеу бағдарламалары бірдей немесе күрделілік деңгейі төмен болған жағдайда басқа санатты бос лауазымдарға орналасу конкурсына қатысуға жарамды болып табылады.

37. Yмiткердiң лауазымның белгілi бiр санаты үшiн белгiленген тестiлеу бойынша тестiлеуiнiң нәтижесi, егер тестiлеудiң бағдарламасы өзгертiлмеген жағдайда, тестiлеуден өткен сәтiнен бастап 1 жыл бойы күшiнде болады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 16.06.00 ж. № 02-1-7/60; 03.11.00 ж. № 02-1-7/154 бұйрықтарымен 38-тармақ өзгертілді

38. Yмiткердің алдыңғы тестiлеуден соң үш айдан кем емес мерзiмнен кейiн бiр бағдарлама бойынша қайтадан тестiлеуден өтуге құқығыболады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 10.04.03 ж. № 02-01-02/44 бұйрығымен 39-тармақ толықтырылды

39. Өкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi тестiлеудiң нәтижелерiн тестілеуден өткен үміткерлерге және тиiстi мемлекеттiк органның конкурс комиссиясына бередi.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 10.04.03 ж. № 02-01-02/44 бұйрығымен 40-тармақ өзгертілді

40. Тестiлеуден өткiзу кезiнде лауазымның осы санаты үшiн өкiлеттi орган белгiлеген түпкiлiктi мәннен төмен емес бағалар алған үмiткерлер әңгімелесуге жiберiледi. Тестiлеу нәтижелерi негiзгi мәннен төмен болған үмiткерлер әңгiмелесуге жiберiлмейдi. Бұған қоса, әңгiмелесуге жiберiлген үмiткерлер конкурс комиссиясы өткiзетiн әңгiмелесуден өту үшiн шақырылады.

 

8. Yмiткерлермен әңгiмелесу

41. Әңгiмелесудің мақсаты үмiткерлердiң кәсiби және жеке қасиеттерiн бағалау болып табылады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 10.04.03 ж. № 02-01-02/44 бұйрығымен 41-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2006.26.04. № 02-01-02/64 (бұр.ред.қара) бұйрығымен 41-1-тармақ өзгертілді

41-1. Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны тестілеуден өткеннен кейінгі бес жұмыс күнінің ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

42. Yмiткердің кәсiби және жеке қасиеттерiн бағалау кезiнде конкурс комиссиясы бiлiктiлiк талаптарына және тиiстi әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметтің лауазымдық нұсқауларға сүйенедi.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 03.11.00 ж. № 02-1-7/154 бұйрығымен 42-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Мемлекеттік қызметістері агенттігі төрағасының 2005.21.06. № 02-01-02/80 бұйрығымен 42-1-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара); ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2006.26.04. № 02-01-02/64 (бұр.ред.қара) бұйрығымен 42-1-тармақ жаңа редакцияда

42-1. Әрбір үміткермен әңгімелесу барысы жеке түрдегі хаттамамен ресімделеді немесе техникалық жазба құралдары көмегімен белгіленеді.

Үміткермен әңгімелесу хаттамасына конкурс комиссиясының төрағасы, мүшелері, үміткер, сондай-ақ хаттамалауды жүзеге асырушы хатшы қолдарын қояды.

Конкурс комиссиясының техникалық жазба құралдары нқолданылғаны туралы конкурс комиссиясының қорытынды отырыс хаттамасында белгі жасалады. Жазба тасығыштар конкурс комиссиясының хатшысында сақталады.

Әңгімелесу кезінде үміткер де техникалықжазба құралдарын қолдана алады. Техникалық жазба құралдарын қолдану конкурс комиссиясы отырысының қалыпты өтуіне кедергі келтірмеуі тиіс.

43. Әңгiмелесуден өткен үмiткерлердің құжаттарын конкурс комиссиясы өзiнiң қорытынды мәжiлiсiнде қарайды.

 

9. Конкурс комиссиясының қорытынды мәжiлiсi

ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 25.02.00 ж. № 02-1-7/16; 10.04.03 ж. № 02-01-02/44 бұйрықтарымен 44 тармақ толықтырылды

44. Конкурс комиссиясы қорытынды мәжiлiсiнде әңгімелесу өткiзгеннен кейiн екi жұмыс күннен кеш емес өткiзiлуi тиiс үмiткерлердi берген құжаттары, тестiлеу мен өткiзiлген әңгiмелесудiң нәтижелерi негiзiнде бағалайды және олардың қатарынан бос әкiмшiлiк лауазымға орналастыру үшiн iрiктеудi iске асырады.

45. Конкурс комиссиясының шешiмi үмiткер қатыстырылмай, ашық дауысберу жолымен қабылданады.

46. Конкурс комиссиясының шешiмi егер мәжiлiске оның құрамының 2/3 кем емес бөлiгi қатысса, заңды деп есептеледi.

47. Комиссия құрамынан қатысушылардың көпшiлiгi дауыс берген жағдайда үмiткер дұрыс баға алады. Дауыстар бiрдей болған жағдайда конкурс комиссиясы төрағасының дауысы шешушi болып табылады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 03.11.00 ж. № 02-1-7/154 бұйрығымен 48-тармақ өзгертілді

48. Конкурс комиссиясының өкiлеттi органға әңгiмелесуден өткен үмiткерлердi кадр резервiне есепке алуға ұсыныстама жасауға құқығы болады.

49. Талқылау барысы мен конкурс комиссиясының шешiмi конкурс комиссиясының төрағасымен мүшелерi, сондай-ақ хаттама жасауды iске асыратын хатшының қолдары қойылған хаттама түрiнде ресiмделедi.

50. Конкурс комиссиясы мәжiлiсi хаттамасының көшiрмесi өкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне жiберiледi.

51. Егер конкурс нәтижесiнде конкурс комиссиясы берiлген бос лауазымдарға үмiткерлердi анықтамаса, мемлекеттiк орган қайтадан конкурс жариялауы мүмкiн.

52. Конкурс комиссиясы әңгiмелесуден өткен үмiткерлерге конкурс нәтижесi туралы, оның аяқталғанынан кейiн 5 күн iшiнде хабарлайды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2005.21.06. №02-01-02/80 бұйрығымен 52-1-тармақпен толықтырылды

52-1. Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң шешімін алған үміткерлердің тізімі конкурс өткізілгеннен кейін 7 жұмыс күні ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетіндей жерлерге ілінеді.

 

10. Үмiткердiң қызметке орналасуы

53. Мемлекеттiк органның басшысы конкурс комиссиясының дұрыс қорытындысына ие болған үмiткердi жарияланған қызметке қабылдауға мiндеттi. Бұл ретте әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметке түсу үшiн заңдарда қарастырылған талаптар сақталуға тиiс.

54. Мемлекеттік қызметке қабылдау кезiнде көрiнеу жалған мәлiметтерi анықталған конкурс комиссиясынан дұрыс қорытынды алған азаматты ұсыну тиiстi бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымға қабылдаудан бас тартуға негiздеме болады.

 

11. Шағым беру тәртiбi

55. Конкурсқа қатысушылар мен үмiткерлер өкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, болмаса сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағым беру құқығы бар.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2005.21.06. №02-01-02/80 бұйрығымен 56-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)

56. Өкiлеттi орган немесе оның аумақтық бөлiмшесi конкурс комиссиясының шешiмiне келiп түскен шағымды қарайды және "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, осы Қағиданы, мемлекеттiк қызмет туралы басқа да заңдардың бұзылғаны анықталған жағдайда, конкурс комиссиясына қабылданған шешiмдi жоюды ұсынады.

57. Өкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң ұсынысын конкурс комиссиясы бұрынғы құрамымен өткiзiлген өз мәжiлiсiнде қарайды. Осы мәжiлiсте конкурс комиссиясы бұрын қабылданған шешiмiн жояды және жаңасын енгiзедi, не болмаса оны еш өзгерiссiз қалдырады. Конкурс комиссиясы қабылданған шешiм туралы, ол қабылданғаннан кейiн он күн мерзiм ішiнде, өкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне және шағым берген конкурсқа қатысушыға немесе үмiткерге хабарлайды.

58. Конкурс комиссиясының бұрынғы қабылдаған шешiмін жоюы және жаңасын енгiзуi мемлекеттiк орган басшысының тиiстi шешiмiн өзгертуi немесе қабылдауы үшiн негiздеме болады.

59. Егер конкурс комиссиясы бұрынғы қабылданған шешiмдi өзгерiссiз қалдырған жағдайда, өкiлеттi орган немесе оның аумақтық бөлiмшесi, сондай-ақ шағым берген конкурсқа қатысушы немесе үмiткер осы шешiмдi сот тәртiбiнде шағым беру құқығы болады.

60. Конкурсқа қатысушылар мен үмiткерлер өздерiне қатысты бөлiгiне, сондай-ақ өкiлеттi орган немесе оның аумақтық бөлiмшелерi конкурс құжаттарымен,тестiлеудiң және әңгiмелесудің нәтижелерiментанысу құқығы болады.

Қазақстан Республикасының ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегіагенттігі төрағасының 25.02.00 ж. № 02-1-7/16 бұйрығымен Қағида № 1-қосымшамен толықтырылды

 

 

Мемлекеттiкқызмет iстерi

жөнiндегіагенттiгiнің

төрағасының

2000 жылғы25 ақпанындағы

№02-1-7/16 бұйрығына

№ 1 қосымша

                __________________________________

(мемлекеттiк орган)

Өтініші

     Мені бос тұрған мынадай _____________________________________________

     ______________________________________________________________________

     _________________________________________ қызмет орнына тағайындалуым

     үшiн байқауға жiберуiңiздi сұраймын.

     Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс

     өткiзудiң Қағидасының негiзгi талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн

     және орындауға мiндеттеме аламын.

     Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.

     __________________                          _______________________

          Қолы                                           Аты-жөні

                                                 ___ _____________ 2000 ж.

 

ҚРМемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының25.02.00 ж. № 02-1-7/16 бұйрығымен Қағида№ 2-қосымшамен толықтырылды; ҚР Мемлекеттік қызметістері агенттігі төрағасының 2005.21.06. № 02-01-02/80 бұйрығымен 2-қосымша өзгерді  (бұр. ред. қара)

ҚазақстанРеспубликасының

Мемлекеттiкқызмет iстерi

жөнiндегіагенттiгiнің

төрағасының

2000 жылғы25 ақпанындағы

№02-1-7/16 бұйрығына

№ 2 қосымша

АНКЕТА

(Өз қолымен толтырылады)

     1. Тегi_____________________________________________________________

        Аты______________________________________________________________

        Әкесiнiң аты_____________________________________________________

     2. Азаматтығы_______________________________________________________

        Егер өзгертiлсе, уақытын көрсетiңiз______________________________

     3. Бұрын сотталған ба едiңiз, қашан және не үшiн____________________

     4. Шет елде оқыған немесе жұмыс iстеген кезiңiз

        Болған елiңiз____________________________________________________

        Болған уақытыңыз_________________________________________________

        Жұмыс iстеген немесе оқыған жерiңiз______________________________

     5. Соттың шешiмiмен жұмыс iстеу қабiлетiңiз төмен немесе шектелген деп

        танылдыңыз ба, қашан және не үшін________________________________

     6. Белгiлi бiр мерзiмге мемлекеттiк қызметті атқару құқынан

        айырылдыңыз ба, қашан және не үшiн_______________________________

    7. Сіз мынадай:

     1) Сіз үміттенген лауазымға тікелей бағынысты;

     2) Сіз үміттенген лауазым тікелей бағынысты лауазымдарды атқаратын 

     мемлекеттік қызметшінің жақын туысы (ата-анасы, ұлы, қызы, бала асырап алушылар, 

     асырап алынған балалар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек 

      аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немересі, 

      жұбайы немесе зайыбы) болып 

     табыласыз ба ______________________________________.

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
IT Group Kazakhstan
Назад