29 November 2019
228

Оралда "Елдігім сенсің - Елбасы" атты мерекелік шара өтті (СУРЕТ)

Бүгін Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында ҚР Тұңғыш президент күніне арналған " Елдігім сенсің - Елбасы" атты мерекелік шара өтті. Оған облыс әкімі Ғали Есқалиев арнайы қатысты.

 

 

- Егемендігіміз бен еліміздің даму бағытын айқындау жолында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының еңбегін қазақстандықтар ерекше бағалайды. 1990 жылдары елдегі зауыттар мен фабрикалар жабылып, жұмыссыздық жайлаған қиын-қыстау кезінде ел тізгінін қолға алған Елбасының ерен еңбегі мен сарабдал саясатының арқасында аз уақытта еліміздің даму жолы айқындалды. Сол жылдарда, яғни Кеңес одағы ыдыраған кезде елдің ынтымағы мен берекесін сақтап, тәуелсіздікке қол жеткізуіне зор үлес қосты. Елбасы  1997 жылы  өңіріміздегі Қарашығанақ кен орнын қайта жаңғырту мақсатында әлемдік ірі компанияларды инвестор ретінде тартты. Көп жағдайда алпауыт мемлекеттер тәуелсіздікке жаңа қол жеткізген елге қаржы бөлмейді ғой. Десе де Елбасы беделінің арқасында келісімшарттарға қол қойылып, кен орнының жұмысы тоқтаған емес. Қазір кен орны өңіріміздегі ең ірі салық төлеуші компания. Қиын сәттерде елдегі бейбітшілікті, ынтымақты сақтап, ел экономикасын дамытудағы еңбегін барша қазақстандықтар ұмытпайды, - облыс әкімі Ғали Есқалиев.

 

 

Содан соң мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласты