01 Қазан 2019
1493

Азаматтар өтініштерін қарау

 

Батыс Қазақстан облысында 2018 жылдың 9 айында жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының
15-бабы, 10-тармағына сәйкес облыс әкімі аппараты, басқармалар және қала, аудан әкімі аппараттарына (дербес бөлімдер мен ауылдық округтерді қоса) талдау жүргізілді.

2019 жылдың 9 айында Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратымен, басқармалармен, аудан, қала әкімдіктері және олардың дербес бөлімдерімен, ауылдық округтермен 42 127 (36 483- жеке,
5 644- заңды тұлғалардан)
жеке және заңды тұлғалардың өтініштері қаралды.

2018 жылдың сәйкес кезеңінде, 38 105 оның ішінде 32 503- жеке,
5 602- заңды тұлғалардан
, яғни 10,55%-ға немесе 4 022- ке көбейді

(1 -кесте).

Соның ішінде келіп түскені:

  • 3 375 (8%) - облыс әкімі аппаратына;
  • 4 073 (9,67%) облыстық басқармаларға;
  • 19 628 (46,60%) - қала әкімдігіне;
  • 15 051 (35,8%) - аудан әкімдіктеріне.

         Жалпы 2019 жылдың 9 айында келесідей мәселелер бойынша өтініштер көптеп келіп түсті:

  • 11 052(26,23%) тұрғын үй;
  • 11 726(27,83%) жер қатынастары;
  • 5 172(12,27%) еңбек қатынастары, әлеуметтік;
  • 2 083(4,9%) білім;
  • 2 639(6,26%) құрылыс;
  • 1 252(2,97%) ауыл шаруашылығы;
  • 1 135 (2,69%) кәсіпкерлік;
  • 1 121(2,66%) денсаулық сақтау;
  • 1 063 (2,52%) мәдениет;
  • 826 (1,96%) көлік;
  • 664 (1,5%) қаржы, экономика; 
  • 393 (0,93%) байланыс, ақпараттандыру;
  • 117 (0,27%) спорт, дене шынықтыру;

(өзге салалар бойынша 117 өтініштен төмен).

 

2019 жылдың 9 айында Батыс Қазақстан облысының әкімі (819), облыс әкімінің бірінші орынбасары және орынбасарлары мен аппарат басшысы 1 549 азаматты жеке қабылдады (2018 ж. 9 айында – 291).

Аудан әкімдері, оның орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері  мен дербес бөлім басшылары 6 335 азаматты жеке қабылдады.

Қала әкімі (1 173), қала әкімінің орынбасарлары (287), қала әкімдігінің ауылдық округ әкімдері және дербес бөлім басшылары (438)
1 898.

Ал, облыстық басқарма басшылары  326 азаматты жеке қабылдады.

Аудан, қала әкімі, оның орынбасарлары мен ауылдық округ әкімдерінің, дербес бөлім басшыларының қабылдауында болған азаматтардың мәселелері бойынша 4 615 түсінік берілді, 765 - оңды шешілді және 955 қарау үшін басқа мекемелерге жолданды.

Басқарма басшысы, орынбасарларының қабылдауында болған азаматтардың мәселелері бойынша 3 өтініш оңды шешілді, 317 өтініш бойынша түсінік берілді, 6  қарау үшін басқа мекемелерге жолданды.

 

 

Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратына  2019 жылдың 9 айында келіп түскен өтініштер бойынша ақпарат

 

Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратына 3 375 (2 949 - жеке, 426 - заңды тұлғадан) азаматтардың өтініші келіп түсті. Соның ішінде
2379 өтініш, 689 шағым, 105 сұраныс, 189 ұсыныс, 13 үн қосу.

3 375 өтініштің 1 990-ы мемлекеттік және 1385-і орыс тілдерінде түсті.

Түскен өтініштер санынан қанағаттандырылғаны - 114, заңға сәйкес түсінік берілгені – 1 534, 7 - тоқтатылды, 5 - назарға алынды, 1 679 өтініш қарау үшін жолданды, 36 өтініш - қаралуда.

2018 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырсақ, өтініштер санының 54,89%-ға немесе 1 196 ұлғайғаны байқалады (2018 ж. 9 айы – 2 179).

 

Аудан, қала әкімдіктеріне, басқармаларға

2019 жылдың 9 айында келіп түскен өтініштер бойынша ақпарат

 

Аудан, қала әкімдіктеріне 34 679 (30 539 - жеке, 4 140 – заңды тұлғалардан) азаматтардың өтініші келіп түсті. Соның ішінде
32 864 - өтініш, 354 - шағым, 782 - сұраныс, 679 – ұсыныс.

Келіп түскен өтініштер санынан қанағаттандырылғаны – 5 880, заңға сәйкес түсінік берілгені – 19 834, бас тартылғаны - 103, тоқтатылғаны - 37, іске жабылғаны - 20, 7889 өтініш қарау үшін жолданды, 916 өтініш қаралуда.

Облыстық басқармаларға 4 073 (2 995 - жеке, 1 078 - заңды) азаматтардың өтініші келіп түсті. Соның ішінде 2 592 өтініш,
240 шағым, 873 сұраныс, 365 ұсыныс.

Келіп түскен өтініштер санынан қанағаттандырылғаны - 546, заңға сәйкес түсінік берілгені – 1 216, бас тартылғаны - 3, тоқтатылғаны - 135, іске жабылғаны - 5, 616 өтініш қарау үшін жолданды, 107 өтініш қаралуда.