08 Қараша 2019
10852

Басшылық

 

Батыс Қазақстан облысының әкімі - Есқалиев Ғали Нәжімеденұлы 

 

 

Есқалиев Ғали Нәжімеденұлы 1970 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 1993 жылы Батыс Қазақстан аграрлық университетін «экономика», 2009 жылы Халықаралық бизнес академиясын  «менеджмент» мамандықтары бойынша бітірген.

 

Әр түрлі жылдары:

 

- «Банк Туран Алем» АҚ Орал қаласындағы

филиалында  маман, бөлім басшысы, «Темірбанк» АҚ филиалының директоры,

- БҚО кәсіпкерлікті қолдау және даму департаментінің

директоры,

- «Қазақстан даму банкі» АҚ атқарушы директоры, вице-президенті, басқарма төрағасы,

- Жамбыл облысы әкімінің орынбасары,

- Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары,

- Астана қаласы әкімдігі қалалық ортаны регенерациялау басқармасының басшысы болды.

 

2019 жылдың 18 қаңтарынан бастап Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары.

 

2019 жылдың 13 маусымынан бастап Батыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды

 


 

Облыс әкімінің бірінші орынбасары - Манкеев Мұхтар Наурызбайұлы

 

 

«100 нақты қадам» – Ұлт жоспарында көрсетілген меритократия қағидасына сәйкес ҚР Президенті Әкімшілігі келісімімен және әкімнің өкімімен Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып Манкеев Мұхтар Наурызбайұлы тағайындалды.

 

Мұхтар Наурызбайұлы Манкеев – 1984 жылы туған, білімі жоғары, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «инженер», «экономика», Финляндия Республикасында Оулу университетін «бизнес әкімшілеу магистрі» мамандықтары бойынша бітірген.

 

Әр жылдары:

- «Жасыл Ел» Батыс Қазақстан облыстық филиалы жетекшісі, «Жасыл Ел» республикалық штабының жетекшісі,

- «Самғау» ұлттық холдингі» АҚ менеджері,

- ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Инжиниринг және жаңа технологиялар трансферті орталығының департамент директоры,

-  «Астана Innovations» АҚ басқарушы директоры – басқарма мүшесі,

- Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары  қызметтерін атқарды.

 

Күні бүгінге дейін «Фин Бизнес Хабы» компаниясының директоры, «Қазақстан 2050» жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы болды.

 

Ол кәсіпкерлік, өнеркәсіп және инвестициялар, ауыл шаруашылығы, ветеринария, жер қатынастары, туризм мәселеріне жетекшілік ететін болады.

 


Облыс әкімінің орынбасары - Қонысбаева Бибігүл Тишанқызы

 

 

Қонысбаева Бибігүл Тишанқызы 1975 жылы туған. Білімі – жоғары. Ақмола қаржы-экономикалық техникумын (қаржыгер), Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын (экономист) бітірген.

Еңбек жолын 1994 жылы Шыңғырлау аудандық қаржы бөлімінің халық шаруашылығын қаржыландыру жөніндегі аға экономист қызметінен бастаған.

1996-2005 жылдары Батыс Қазақстан облысы қаржы басқармасының экономисі, аға маманы, жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы болып қызметтер атқарған.

2005-2008 жылдары Батыс Қазақстан облысы қаржы департаментінің бөлім бастығы.

2008-2011 жылдары Батыс Қазақстан облысы қаржы басқармасының бөлім бастығы.

2011-2012 жылдары Батыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бөлім бастығы.

2012-2015 жылдары Батыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары.

2015-2016 жылдары Батыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысы.

2016 жылдың 5 сәуірінен бастап Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

 

 

 

 

 

 


Облыс әкімінің орынбасары - Алпысбаев Аманжол Алиханұлы

 

Аманжол Алиханұлы Алпысбаев – 1971 жылы туған, білімі жоғары, Алматы технологиялық институын «инженер-технолог», Қарағанды экономикалық университетін «салық және салық салу» мамандықтары бойынша бітірген.

Әр жылдары:

- ҚР Қаржы министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінде,

- ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің  Қостанай облысы бойынша басқармасының бастығы, Ақмола облысы бойынша департаментінің директоры,

- ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің департамент директоры, төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.

Осы тағайындауға дейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінде жұмыс істеді.

Ол сәулет, қала құрылысы және құрылыс,  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы стратегиялық жоспарлау, тарифтік саясат, мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің дамуы, мемлекеттік сатып алу, табиғатты пайдалану, жануарлар мен өсімдік әлемін қорғау мәселелеріне жетекшілік ететін болады.

 


 

Облыс әкімінің орынбасары -  Егізбаев Серік Рахметоллаұлы

 

«100 нақты қадам» – Ұлт жоспарында көрсетілген меритократия қағидасына сәйкес ҚР Президенті Әкімшілігі келісімімен және әкімнің өкімімен Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып Егізбаев Серік Рахметоллаұлы тағайындалды.

 

Серік Рахметоллаұлы Егізбаев – 1963 жылы туған, білімі жоғары, Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтын «агроном», Қазақ мемлекеттік заң академиясын «заңгер» мамандықтары және ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

 

Әр жылдары:

- БҚО әкімі аппараты бөлімінің бас инспекторы, бөлім меңгерушісінің орынбасары,

- ҚР Қаржы министрлігі департамент бөлімінің бастығы,

-ҚР Премьер-Министрінің кеңсесі әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің бас инспекторы, ұйымдастыру-инспекторлық және аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы,

-ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы,  бөлім меңгерушісінің орынбасары,

-ҚР ауыл шаруашылығының вице-министрі.

 

Күні бүгінге дейін «Qazaqstan» РТРК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болды.

 

Ол ішкі саясат, білім, жастар саясаты, мәдениет, дін істері, тілдерді дамыту салаларына жетекшілік ететін болады.

 


 

Облыс әкімінің орынбасары - Шәкімов Тимуржан Әдиетұлы

 

ҚР Президенті Әкімшілігі келісімімен Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып Шәкімов Тимуржан Әдиетұлы тағайындалды.

Шәкімов Тимуржан Әдиетұлы – 1962 жылы туған. Білімі жоғары. А.И. Микоян атындағы Куйбышев инженерлік-құрылыс институтын «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша тәмамдаған.   

Еңбек жолын БҚО Камен ауданының Ленин атындағы совхозда құрылыс учаскесінің мастері, прорабы қызметтерінен бастаған.

 

 

Әр жылдары:

-  «Казторгстрой» тресінің Орал құрылыс учаскесінің бас инженері;

- Батыс Қазақстан облысы Инфрақұрылым және құрылыс басқармасының басшысы – бас сәулетші;

- Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің басқарма басшысы;

- Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;

- Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.

 

Ол энергетика, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, сәулет және құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мәселелеріне жетекшілік ететін болады.

 


Облыс әкімі аппаратының басшысы – Исақұлов Рахымжан Ержанұлы

 

 

Білімі - жоғары. «Болашақ» бағдарламасымен Роял Холловей Лондон университетін «экономика және менеджмент бакалавры» мамандығы бойынша тәмамдаған. Жас көшбасшылар бағдарламасы аясында Жапония үкіметінің гранты негізінде Саяси зерттеулер ұлттық институтының «мемлекеттік басқару магистрі» мамандығында оқыды. ҚР Президенті Әкімшілігінде әртүрлі қызметтер атқарған. Бұған дейін ҚР Президенті Әкімшілігі мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінде мемлекеттік инспектор қызметін атқарды.