13 Наурыз 2019
540

Бәйтерек ауданының логотипі өзгерді

 

Бүгін Бәйтерек ауданының үздік логотипін (эмблема) жасап шығаруға арналған аудандық ашық байқаудың жеңімпазы белгілі болды.

 

 

Жергілікті қоғамдық кеңес мүшелерінің отырысының қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған Әділ Бақтығалиевті аудан әкімі Асхат Шахаров құттықтап, алғыс хат пен естелік сыйлық табыстады.

 

 

Байқау жеңімпазы Әділ Бақтығалиев – Ақжайық ауданы, Чапай ауылының тұрғыны. «Жанар» жеке кәсіпкерлігіне жетекшілік етеді. Дизайн, безендіру жұмыстарымен шұғылданады.

 

Ашық аудандық конкурсқа 16 жұмыс түсіп, сарапқа салынды. Қоғамдық кеңес мүшелері жұмыстардың мән-мазмұнына, сипаттамасына басымдық берген.

 

- Бүгін сіз үшін де, біз үшін де тарихи сәт. Өте қуаныштымыз. Ауданымыздың таңбасын жасап, жеңімпаз атандыңыз. Жұмысыңыздың өте мағыналы екендігі көрініп тұр. Қоғамдық кеңес мүшелері дұрыс таңдау жасады,- деді Асхат Берлешұлы.

 

- Бұл байқау туралы әлеуметтік желі арқылы хабардар болып, бір ғана жұмысымды байқауға жолдадым. Осы уақытқа дейін байқау қорытындысын күтіп жүрдім. Бәйтеректік азаматтар қоңырау шалып шақырғанда таңданғаным рас. Еңбегім бағаланды. Ел мерейі үстем бола берсін! -дейді Әділ Бақтығалиев.

 

 

Айта кетерлігі, жаңа логотипте бейнеленген жол ауданның тоғыз жолдың торабында орналасқандығын көрсетеді. Логотипте егін шаруашылығының да жақсы дамығандығы айқын көрініс тапқан. Аудан халқының көп ұлтты, тірлігі тиянақты, бірлігі бекем халық екендігіне де баса мән берілген.