16 Сәуiр 2019
520

Экономикалық тергеу департаментінің қызметі

 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқыңа 2018 жылдың 5 қазандағы    «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» туралы жолдауында Экономикалық тергеу қызметін қайта ұйымдастыруға тапсырма берді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылдың 25 қаңтардағы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы" 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 және "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 920 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы»» қаулысына сәйкес барлық аумақтарда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі  Қаржы мониторингі комитетінің Экономикалық тергеу департаменттері  (әрі қарай –Департамент) құрылды.

Департамент құрылымында үш басқарма құрылды. Осы басқармалар:

  • профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасы;

  • қаржы саласындағы құқық бұзушылықтарды тергеу басқармасы;

  • жедел-іздестіру қызметі басқармасы.

Департамент қызетінің негізгі бағыты:

- көлеңкелі экономика саласында;

- салық және кеден салаларында;

- қаржы саласындағы экономикалық, қаржылық қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу, анықтау және тергеу болып табылады.

Құқық қорғау қызметін жүзеге асырудағы Департаменттің басты міндеті - көлеңкелі экономикаға қарсы күрес.

Департамент жұмысының негізгі бағыты мемлекетке және қалыпты бизнеске экономикалық залал келтіретін қылмыстық схемаларын әдейі жасайтын тұлғалардың әрекеттерінің жолын кесуге бағытталған.

Бұл міндет маңызды болып табылады, себебі салық төлеуден жалтарғандықтан, әділетсіз бизнес тең емес бәсекеге жағдай туғызады, сондықтан дұрыс бизнес үлкен шығынға ұшырайды. Нәтижесінде, зиянды бәсекелестік (салық төлеуден жалтаруға байланысты) бизнес-ортаға тікелей теріс әсер етеді. Осы орайда көлеңкелі экономиканың елеулі көлемін жасырған экономика секторларына тосқауыл қою керек. Бұл алкоголь өнімдері салалары, мұнай өнімдері айналымы, азық-түлік нарығы, құмар ойындар, мемлекеттік сатып алу, экономикалық контрабанда және басқалар.

 

     БҚО бойынша ЭТД