Батыс Қазақстан облысында 2018 жылдың 9 айында жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша атқарылған жұмыстары туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының
15-бабы, 10-тармағына сәйкес облыс әкімі аппараты, басқармалар және қала, аудан әкімі аппараттарына (дербес бөлімдер мен ауылдық округтерді қоса) талдау жүргізілді.
2019 жылдың 9 айында Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратымен, басқармалармен, аудан, қала әкімдіктері және олардың дербес бөлімдерімен, ауылдық округтермен 42 127 (36 483- жеке,
5 644- заңды тұлғалардан) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері қаралды.
2018 жылдың сәйкес кезеңінде, 38 105 оның ішінде 32 503- жеке,
5 602- заңды тұлғалардан, яғни 10,55%-ға немесе 4 022- ке көбейді
(1 -кесте).
Соның ішінде келіп түскені:
- 3 375 (8%) - облыс әкімі аппаратына;
- 4 073 (9,67%) – облыстық басқармаларға;
- 19 628 (46,60%) - қала әкімдігіне;
- 15 051 (35,8%) - аудан әкімдіктеріне.
Жалпы 2019 жылдың 9 айында келесідей мәселелер бойынша өтініштер көптеп келіп түсті:
- 11 052(26,23%) тұрғын үй;
- 11 726(27,83%) жер қатынастары;
- 5 172(12,27%) еңбек қатынастары, әлеуметтік;
- 2 083(4,9%) білім;
- 2 639(6,26%) құрылыс;
- 1 252(2,97%) ауыл шаруашылығы;
- 1 135 (2,69%) кәсіпкерлік;
- 1 121(2,66%) денсаулық сақтау;
- 1 063 (2,52%) мәдениет;
- 826 (1,96%) көлік;
- 664 (1,5%) қаржы, экономика;
- 393 (0,93%) байланыс, ақпараттандыру;
- 117 (0,27%) спорт, дене шынықтыру;
(өзге салалар бойынша 117 өтініштен төмен).
2019 жылдың 9 айында Батыс Қазақстан облысының әкімі (819), облыс әкімінің бірінші орынбасары және орынбасарлары мен аппарат басшысы 1 549 азаматты жеке қабылдады (2018 ж. 9 айында – 291).
Аудан әкімдері, оның орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері мен дербес бөлім басшылары 6 335 азаматты жеке қабылдады.
Қала әкімі (1 173), қала әкімінің орынбасарлары (287), қала әкімдігінің ауылдық округ әкімдері және дербес бөлім басшылары (438)
1 898.
Ал, облыстық басқарма басшылары 326 азаматты жеке қабылдады.
Аудан, қала әкімі, оның орынбасарлары мен ауылдық округ әкімдерінің, дербес бөлім басшыларының қабылдауында болған азаматтардың мәселелері бойынша 4 615 түсінік берілді, 765 - оңды шешілді және 955 қарау үшін басқа мекемелерге жолданды.
Басқарма басшысы, орынбасарларының қабылдауында болған азаматтардың мәселелері бойынша 3 өтініш оңды шешілді, 317 өтініш бойынша түсінік берілді, 6 қарау үшін басқа мекемелерге жолданды.
Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратына 2019 жылдың 9 айында келіп түскен өтініштер бойынша ақпарат
Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратына 3 375 (2 949 - жеке, 426 - заңды тұлғадан) азаматтардың өтініші келіп түсті. Соның ішінде
2379 өтініш, 689 шағым, 105 сұраныс, 189 ұсыныс, 13 үн қосу.
3 375 өтініштің 1 990-ы мемлекеттік және 1385-і орыс тілдерінде түсті.
Түскен өтініштер санынан қанағаттандырылғаны - 114, заңға сәйкес түсінік берілгені – 1 534, 7 - тоқтатылды, 5 - назарға алынды, 1 679 өтініш қарау үшін жолданды, 36 өтініш - қаралуда.
2018 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырсақ, өтініштер санының 54,89%-ға немесе 1 196 ұлғайғаны байқалады (2018 ж. 9 айы – 2 179).
Аудан, қала әкімдіктеріне, басқармаларға
2019 жылдың 9 айында келіп түскен өтініштер бойынша ақпарат
Аудан, қала әкімдіктеріне 34 679 (30 539 - жеке, 4 140 – заңды тұлғалардан) азаматтардың өтініші келіп түсті. Соның ішінде
32 864 - өтініш, 354 - шағым, 782 - сұраныс, 679 – ұсыныс.
Келіп түскен өтініштер санынан қанағаттандырылғаны – 5 880, заңға сәйкес түсінік берілгені – 19 834, бас тартылғаны - 103, тоқтатылғаны - 37, іске жабылғаны - 20, 7889 өтініш қарау үшін жолданды, 916 өтініш қаралуда.
Облыстық басқармаларға 4 073 (2 995 - жеке, 1 078 - заңды) азаматтардың өтініші келіп түсті. Соның ішінде 2 592 өтініш,
240 шағым, 873 сұраныс, 365 ұсыныс.
Келіп түскен өтініштер санынан қанағаттандырылғаны - 546, заңға сәйкес түсінік берілгені – 1 216, бас тартылғаны - 3, тоқтатылғаны - 135, іске жабылғаны - 5, 616 өтініш қарау үшін жолданды, 107 өтініш қаралуда.