04 Желтоқсан 2018
305

Батыс Қазақстан облыстық терроризмге қарсы комиссиясының 2017 жылғы жұмыс барысы туралы

 

Батыс Қазақстан облыстық терроризмге қарсы комиссиясының 2017 жылы 24 сәуірінде кезекті және 1 шілдеде кезектен тыс отырыстары өтті. Аталмыш комиссия отырыстарында облыс аумағындағы терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыру бойынша жұмыстарды жүргізу мәселелері қаралды. 

 

Аталмыш комиссия отырысында төмендегідей сұрақтар қарастырылды:

  1. Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу деңгейі, оларды террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесі талаптарына сәйкестендіру шаралары;
  2. Діни экстремизм мен терроризмді алдын алу шараларын алдағы уақытта ұйымдастыруда жауаптылық аясын шектеуге қатысты мәселелер;
  3. Батыс Қазақстан облыстық әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның атқарылған жұмыстарының  нәтижелерін  жетілдіру  және проблемаларды шешу және тағыда басқа мәселелер қарастырылып  жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар берілді.