28 Қараша 2018
699

Теректіде «Жайық жастары» облыстық жайдарман фестивалі өтті

 

Жайдарманшыларға арнайы тақырып берілмей, еркін көсілуге мүмкіндік жасалды. Дегенмен деңгейлері төмен командалар болғанын жасырмаған абзал. Әзілдердің көбі анайы өріліп, дайындықтың жеткіліксіздігі көзге ұрып тұрды.

 

Қазылар алқасында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрхат Жамбоз, облысқа танымал жайдарманшы Дәурен Шамұратов, жас ақын Әділет Орынбасаров, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық басшысы Нұрсәуле Аткеева және жайдарман ойындарының өтуіне ұйытқы болған, фестивалдің бас ұйымдастырушысы, «Іс үшін-За дело» ЖҚБ төрағасы Нұрлан Жасұланов болды.

 

Ойын қорытындысы бойынша Шыңғырлау ауданының «Сіздер үшін» командасы чемпион атанды. Оларға сый ретінде ноутбук ұсынылды. Ал ІІ орын Сырым ауданының «Өлеңті» командасына бұйырса, үздік үштікті ерекше ойын мәнері бар тасқалалық «Шипов станциясы» қорытындылады. «Үздік ойыншы» аталымында жеңімпаз болып Бөрлі ауданының намысын қорғаған «Империя» құрамасының капитаны Ислам Әміров танылды.

 

Әділет ӘЛІБЕКҰЛЫ,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz