28 Қараша 2018
462

Шыңғырлауда ұмытыла бастаған күйшінің есімі ұлықталды

 

1936 жылы Шыңғырлау ауданының Ұрысай ауылында дүниеге келген Болат Ыбырайұлы 40-тан астам күйдің авторы, атап айтқанда «Құрманғазы», «Батырлар дабылы», «Жалын», «Кіші қыз», «Сейтектің арманы», «Салтанатты мейрам», «Досыма», «Жастық әні», «Құрманғазы маршы», «Оралым менің», «Еркешім менің» күйлерін шығарған.

 

Күйшіге арналған кеште қызы Эльмира Дисенова, белнемере інісі Бисентай естелікпен бөліссе, көршілес Қаратөбе, Бөрлі ауданының мәдениет қызметкерлері күй орындады.

 

Аудандық мәдениет үйі мен саз мектебінің өнерпаздарының орындауында сахнада Б.Шалабаевтың «Құрманғазы», «Жеңіс қуанышы», «Сейтек арманы» күйлері тартылды.

 

Анар АМАНГЕЛДІҚЫЗЫ,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz