30 Қараша 2018
718

Шыңғырлауда жүгіру клубы ашылды

 

Оған 100-ге жуық шыңғырлаулық қатысты. Аудандық мәдениет, тілдерді дамту денешынықтыру және спорт бөлімі, Шыңғырлау спорт клубының ұйымдастырған жүгіру марафонының салтанатты жиынында аудан әкімінің орынбасары Ержан Тұрмағанбетов құттықтау сөз сөйлеп, спортсүйер қауымға сәттілік тіледі.

 

Бір сағатқа созылған марафонның лентасын алғаш болып үзген Ақтау ауылдық округінің жас өрені Бекежан Нұрлыханға 50 000 теңге ақшалай жүлде берілді. Екінші орынды Ақбұлақ ауылдық округінен Мейірбан Мендалиев (30 000 теңге), ал үшінші орынды Қылышев мектебінің оқушысы Илья Киселев (20 000 теңге) жеңіп алды.

 

Марафонда ерекше ынта танытқан спортшыларда ескерусіз қалған жоқ. «Спортқа деген жігері үшін» Елдос Сатқанов, «Жасы үлкен спортшы» аталымымен Сағат Шагиров те марапатқа ие болды. Ал әйелдер арасында көзге түскен Әсемгүл Рысқалиева медальмен марапатталды.

 

Айсұлу МУСА,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz