04 Қантар 2019
734

Ақпәтерлік кәсіпкер фельдшерлік-акушерлік пункт салды

Қазталов ауданы Ақпәтер ауылында Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған «Туған жер» бағдарламасы аясында Хасановтар әулеті тағы бір игі істі жүзеге асырды.

 

 


Кәсібін дөңгелетіп отырған Самат Хасанов фельдшерлік-акушерлік пункт салып, жаңа ғимаратты сыйға тартты. Құрылыс жұмысын былтыр бастаған кәсіпкер, 16 млн. теңге қаржы жұмсаған. Нысанның ашылу салтанатына қатысқан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрданат Беркінғалиев, аудан әкімі Абат Шыныбеков сөз алып, Ақпәтер ауылының тұрғындарын жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, Самат Хасановқа облыс әкімінің арнайы алғыс хатын табыс етті. Самат Хасанов жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт кілтін Қазталов аудандық ауруханасының директоры Алмас Жүнісбековке табыс етті.

Қайрат Жақып,

Қазталов ауданы

 

 

 

zhaikpress.kz