04 Қантар 2019
640

Жымпитыда Қадырдың туған күні аталып өтілді

Қазақстанның Халық жазушысы Қадыр Мырза Әлидің туған күні құрметіне ақынның туған жері Жымпиты ауылында бірқатар шаралар өтті.

 

Ақын оқырмандары таңмен Жымпитыдағы Қадыр ескертшінің басында өлеңдер оқып, гүл шоқтарын қойды.

Ақынның туған күніне арналған әдеби-сазды шара Қ.Мырзалиев атындағы мектепте өтті. Бұл мектепте бүгінгі күні Қадыр сыныбы жұмыс жасайды. Сонымен бірге мектептің музейінде Қадыр Мырза Әлидің өмірін насихаттайтын арнайы экспозициялар мен мектеп дәлізінде Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, фотосуретші Рафхат Халеловтың фотокөрмесі бар.

 

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

© zhaikpress.kz