10 Қантар 2019
393

Бәйтерек ауданында қайырымдылық шарасы өтті

 

Бәйтерек ауданының Жайық ауылында «Салауатты өмір салты – ұлт кепілі» атты қысқы спорт ойындары өтті.

 

 

Жастар жылындағы алғашқы шара қайырымдылыққа бағытталды. Шараға облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушілері мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған 50-ден астам бала қатысты.

- Демалыс орталығында ұйымдастырылған шара жоғары дәрежеде өтті. Балалардың барлығы күні бойы жақсы демалып, мәз-мейрам боп тарқасты. Олар атпен серуендеп, шаңғы, коньки теуіп, таудан сырғанап, қысқы спорт түрлерімен емін-еркін шұғылданды. Орталық басшылығы өрендерге қысқы спорт түрінің 5 түрі бойынша талапқа сай қызмет көрсетті. Ал ұйымдастырушы мен демеушілер қызмет түрлерін тегін ұсынды, - дейді «Жас Отан» ЖҚ БҚО филиалының төрағасының орынбасары  Ерлік Шамғали.

Айта кету керек, қайырымдылық шарасы «Технопарк Социум» ЖШС қолдауымен және де «Жас Отан» ЖҚ БҚО филиалының ұйымдастыруымен жүзеге асты.