14 Қантар 2019
411

Талдыпанда суармалы жерлер үшін канал қазылуда

 

         Бұл жұмысты жүзеге асыру үшін суармалы жерлер мен көлдетіп суару алқаптарын  пайдалану қажет.

 

         Аталмыш ауылда орналасқан «Лиман 55» су жүргізу каналының жер актісі мен техникалық паспорты жасақталып, каналды іске қосуға жобалық-сметалық құжаттары дайын. Жобаның құны 47 млн. 78 мың теңгені құрап, облыстық бюджеттен қаражат бөлінді. Жоба іске қосылған жағдайда Жаңақала ауданы Дөңгелек су қоймасынан келетін су қоры Қайшақұдық ауылы маңындағы суармалы жерлер мен көлдетіп суару алқаптарына молынан жетпек. Ұзындығы 11 шақырым каналды тереңдету және ашу жұмыстарын «Ай Темір-Құрылыс» ЖШС атқаруда. Бүгінгі күнде мердігер каналдың 2,4 шақырымын тазалап бітірген.

       

        Аудан әкімі Абат Шыныбеков «Лиман 55» су жүргізу каналына арнайы барып, «Қазсушар» РМК облыстық филиалы директорының орынбасары Төлеген Ғұмаров және «Ай Темір-Құрылыс» ЖШС өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында мердігер каналды аршу жұмыстарын мерзімінен бұрын аяқтайтынын айтса, аудан әкімі жұмысты сапалы жасауды қатаң тапсырды.