14 Қантар 2019
399

Сырымда шаңғы тебуден эстафета өтті

 

Бүгін Сырым ауданында шаңғы тебу эстафетасы ұйымдастырылды. Сырымдықтар эстафетаны Қаратөбе ауданынан қабылдап, Ақжайық ауданына жолдады.

 

Шаңғы марафонына ауданның ардагерлері мен жастары,мекеме қызметкерлері мен оқушылар белсенді қатысты. Аталған шара барысында ардагер спортшы Е.Шуреновке,белсенді қатысқаны үшін Қ.Мырзалиев атындағы мектеп ұжымына және ең жас қатысушы М.Ғабдуллинге «Қайсар» спорт клубының директоры Е.Мұқанов арнайы алғыс хат табыс етті.
        

Шара соңында лотерея ойнатылды.